Тілі, екіншісі діні, үшіншісі- ғасырларға созылған тарихы



Дата25.08.2017
өлшемі29,54 Kb.
#25988
Əрбір өмірге келген адамзат баласын айқындайтын өзіндік өлшемдері бар, оның ең біріншісі - тілі, екіншісі - діні, үшіншісі- ғасырларға созылған тарихы. Мәңгілік  елдің  мәңгілікке  жол тартқан  тілі - Қазақ  тілі. Тіл- өткеннің  ұрпаққа  қалдырған аманаты, бүгінгі  күннің  абыройы, ертеңгі  күннің кепілі. Ендеше,  ертеңгі  күннің  болашағы  біздің   алдымызда  отырған  мектеп оқушысы.Мектепте қазақ  тілін  жаңаша оқыту  арқылы білім деңге-йі, ой- өрісі  дамыған, тіл  арқылы  өз ойын  еркін  жеткізе  алатын, шынайы өмірге  бейім, жан-жақты,  әлемдік  бәсекеге  қабілетті  ұрпақты  мектеп  табалдырығынан  дайындап  шығарудың  ең тиімді  екі  тәсілі бар:

біріншісі - оқытудағы  сабақ тастық;

екіншісіжаңа әдіс тәсілдер арқылы дамыта оқыту.

Білім  берудегі  сабақтастық  алдыңғы  саты  кейінгі  сатыға  нақты база болатындығын  ескере  отырып, мектеп сатыларының арасындағы  білім берудің заңдылықтарын,  тұрақты  байланыстарын  белгілеу  керектігін  білдіреді. Сабақтастық  проблемаларын  шешу  әрбір  жеке  тұлғаның  қабілеттеріне сәйкес оның сұраныстарын  қанағаттандыратын   үздіксіз  білім  берудің  тұтас  жүйесін  құруға  мүмкіндік береді, сонымен  қатар орта  мектеп  оқушыларының  одан  әрі  дамуын  қамтамасыз  ететін  білім   берудің  барлық  компоненттерінің байланысымен  келісілген  (мақсаттары,  міндеттері, әдіс  мазмұны, ұйымдастыру  нысаны)  кезеңі  ретінде  қарастырылады.  Жалпы тәжірибелі   бастауыш   сынып  мұғалімі  ретінде  маған  бастауыш  сынып   оқушыларын  cауаттандыру, барлық  пәннен  алғашқы  ғылыми  түсініктер  қалыптастыру, меңгертіп  шығару  қиындық  туғызбайды. Мені оқушылардың  алған  білімдерін  күнделікті өмірде  қолдану, кез-келген  қиындықтан күйзеліске түспей, жеңе білу дағдылары  көп ойландырады. Сондықтан кезкелген    іс-әрекетімді  алдыңғы  буынмен  сабақтастыра  дамытып,  кейінгі  сатыға нақты  база бола  білуге  жұмыстанып  келемін.

Бастауыш  мектептен орта мектепке көшу «екінші бейімделу кезеңі» көптеген проблемалар әкеледі.Басты проблема:оқушылардың  үлгірімі нашалап, психологиясында күйзеліске түсіп, біліп немесе білмей жасайтын реакциялары пайда бола бастайды. Бұл өзгерістерді  ғалымдар 10-11 жастағы  балалардың  психологиясындағы  негізгі көрсеткіштердің, яғни еске сақтау,зейін,ойлау қабілеттерінің  төмендеуімен  байланыстырады. Оқытудың  екінші сатысына  көшкенде  балаларда  "танымдық  іс-әрекет үрдісімен  байланысты мотивация үлесі төмендейді

Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді.Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді.Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады.Бастауыш сынпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді.Оқушының психологиялық ерекшелігін орта буын мұғалімдерімен басшылыққа алу Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп , тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай , оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі.Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.



Сабақтастық дегеніміз, біріншіден , екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер , ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау,екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі.[3]

Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін , дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.Сондықтан мектепте оқу жылының алғашқы педогогикалық кеңесіңде сабақтастық мәселесі қаралып , төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу , оған басшылық беру жайы жоспарланды..Ондағы мақсат – бастауыш буынның даярлыған анықтау.Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынады да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылады, тапсырмалар оқыту мерзімдеріне қарай ( оқу жылының басында , аяғында) түрлі формада қолданылып , қорытындылар жасалады.Әрбір қатысушы оқушының білімі, дағдысы, ерекшілігі бақыланып, зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет