Сынақтық сабақты талдау
Студент _______________________________________________________
Пән атауы _______________________________________________________
Тақырыбы _______________________________________________________
Сыныбы _______________________________________________________
Өткізілген күні «____» _________________ 2020 жыл
1. Сабақтың мақсаты
2. Оқушы саны, сыныптың дайындық деңгейі
3. Мұғалімнің іс жүзінде шешімін тапқан дидактикалық және тәрбиелік міндеттері
4. Оқыту барысында техникалық құралдарды мақсаттылықпен пайдалана білуі
5. Бақылау сапасы
6. Мұғалімдер мен оқушылармен өзара әрекеті ұйымдастырылды ма?
7. Сабақта кері байланыс қалай жүзеге асырылды?
8. Сабақта қандай атмосфера /ахуал/ орын алды?
9. Сабақта оқушылар белсенділігі байқалды ма?
10. Сабақта қандай белсенді әдістер қолданылды?
11. Мұғалім қанша баға қойып, сабақты қалай қорытындылады?
12. Қорытындылар және ұсыныстар.
Сабақ бағасы _______________________
Қатысқандар:
Аты-жөні: Қолы:
Сынақтық сабақты талдау
Студент: Шайхы Г.А.
Пән атауы: қазақ тілі
Тақырыбы: Астана – көрікті қала
Сыныбы: 4 «В»
Өткізілген күні: 12 ақпан 2018 жыл
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік:Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін әрі қарай жетілдіру.
2.Дамытушылық: Еліміздің көрікті жерлеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Туған жеріне сүйіспеншілік сезімімен қарау, туған жерін, елін, елордасын мақтан тұту.
Көрнекі құралдар: Астана туралы суреттер, Қазақстанның картасы, тақтаның безендірілуі, таратпа қағаздар, интерактивті тақта, слайд,
Шайхы Гүлдананың сабағы өте жақсы әрі қызықты өтті деуге болады. Машықкер Гүлдана сыныппен амандасып, түгендеді. Сабақты бастамас бұрын оқушылармен ойын ойнатып, көңіл-күйлерін көтерді. Одан кейін сұрақ қою арқылы оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексерді. Жаңа сабақты бастамас бұрын, өткен материалды еске түсіру үшін балаларға сұрақтар қойды. Балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа белсене қатысып отырды. Жаңа сабақ түсіндіргенде мақсаттар қойылып, балалар тыныш отырып тыңдады. Түсінбегендері сұрап отырды, оларға да Гүлдана өз тілімен оңай түсіндіре білді. Осылай өткен сабақ пен жаңа сабақты бір-бірімен байланыстыра білді.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында Гүлданаоқушылармен байланыс жасап, сабақты өте қызықты түсіндірді. Көрнекілік құралдар ретінде Астана қаласы туралы видео көрсетіліп, тапсырмалары жазылған кесте және интерактивті тақтаны тиімді пайдаланды. Оқушылардың белсенділігі де өте жоғары болды. Гүлдананың айтылған мағлұматтарын мұқият тыңдап, сұрақтар қойып отырды. Сабақ барысында сұрақтарға жауап берген оқушыларға Гүлдана жұлдызшалар тартып отырды. Әр түрлі мәтіндермен жұмыс жасап, оны аудартқызды. Аударма жұмысы балаларға өте қатты ұнады.
Үзіліске 5 минут қалғанда Гүлдана сабағын қорытындылады. Машықкер он екі оқушыны бағалады. Сонымен бірге оқушылармен кері байланыс орнатты. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіріп, тақтада ілінген плакатка өз пікірлерін жабыстырды. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмаларын жазып, бағаланған оқушылар күнделіктерін әкеліп қол қойдыртты. Сабақ барысында Шайхы Гүлдана алға қойған мақсаттарына жетті. Оқушылар сабақты жақсы түсініп, жетік меңгере алды. Маған машыққердің өткізген сабағы қызықты болды.
Сабақ бағасы: 5
Қатысты: Қолы
Смағұлова К.Ф.
Достарыңызбен бөлісу: |