Ұлттың Ұлы ұстазы жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы



Дата07.02.2022
өлшемі17,93 Kb.
#94268
Байланысты:
Жайлаубаева И.Ж Баяндама


ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ


Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы


Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы


Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.
Әл-Фараби
Осындай тамаша сөздердің астарына терең ойды сыйдыра білген қарапайым ұстаздық мамандыққа тән қасиеттерді дәлдеп жеткізген тарихи ұлы тұлға Әбу Насыр Әл-Фарабидің өз дәуірінде барлық саланы жетік білген қабілетті данагөй болғаны баршаға аян. Ол қазақ халқының ғана емес жалпы түркі елінің маңдайына біткен дарынды тұлға.
Биылғы жылы ұлт ұстазын ерекше еске алып ұлықтаудамыз. Себебі, 2019 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ойшыл, философ, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын 2020 жылы атап өту туралы № 133 Жарлығы шыққан болатын. Осынау мемлекеттік маңызы бар үлкен жобаға еліміздің білім саласы айтулы шаралар жоспарлап, елдегі қиын жағдайға қарамастан сан алуан форматта іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Жалпы Әл-Фараби жайлы мәліметтерге сүйенсек ежелгі шығыс ойшылының нақты қай ұлттың өкілі екендігі жайлы ғылымда көптеген деректер бар. Осы орайда шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі : "Бұл кісіні (Әл-Фарабиді – ред.) "қазақ" деп жазады. Оны"өзбек, тәжік" деп айтады. Ол – қате. Бұл кісі өмір сүрген уақытта біздің халқымыз жеке ұлт ретінде тарих сахнасына көтерілген жоқ. Сондықтан әл-Фараби – түркі текті. Бұл мәселеге академик Гафур нүкте қояды. Ол "әл-Фараби өмір сүрген уақытта қазақ, өзбек деген болған жоқ. Бірақ Әл-Фараби қазақ жерін мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ халқының құрамына енді. Сондықтан қазақ халқының перзенті деуге негіз бар деп жазды", - деді Qareket бағдарламасының тікелей эфирінде. Шындығында қазақ түрік бір туған десек онда ғұламаның шығыс ұлттарының ұлысы деуге толық негіз бар. Тағы бір деректерде ғұлама ғалым түркі тайпасынан шыққан. Бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы,- деп филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі тағы да нақтылап баяндаған.
Ол 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала – Sputnik) қаласында дүниеге келді.Оның отбасылық өмірі турала тамаша суреттеген Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы "Әл-Фараби музейі" атты деректі фильмінде былай деді: "Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті". [3]
"Мен араб ғалымдарының кітаптарын оқыдым. Осы күнгі араб Фарх Саад есімді ғалымның бір дерегі бар. Онда Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби ат-Турки дейді. Яғни ол оның түркі текті екенін жазған. Ғалым ибн-Халиканда ат-Турки дегенді қосады. Ол Әл-Фарабидің түркі екенін жазады", - дейді ол сұхбаттарының бірінде. 
Ғалымның туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар "Барба-Фараб" деп атап кеткен. Сондықтан "әлемнің екінші ұстазы" атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
"Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", - дейді профессор Жақыпбек Алтайұлының сөзімен толықтыруға болады.
Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, музыка салаларынан 200-ге тарта трактат жазып қалдырған. Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда қалыптасты. Әл-Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады. Оның дүниетанымы екі әлемнің — көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі еді.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп, әл-Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизм — зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу — ғылымның қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип — әл-Фарабидің философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады.
Қорыта келе тарихи тұлғаның бір ғана халықтың емес Ежелгі Түркі елдерінің мақтанышына айналғанына көз жеткіздік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет