Шертпек Айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан, не болмаса, басының бір жерінен шертіп кетеді. Сонан соң ол қайтадан орнына барып немесе басқалармен орын ауыстырып отырады. Жүргізуші қолын қоя беріп «Шертпегімді тап» деп, енді иығындағы орамалды алып, отырған ойыншының арқасынан ұра бастайды. Ал ойыншы таяқты көп жемеу үшін тезірек айтуы керек. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, жыр жырлайды, күй тартады. Егер тауып алса, шерткен адам жаза тартып, жаңағы өнерді сол көрсетеді. Осы тәртіппен ойын жалғаса береді.
Ат сайысы
Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
Тасымақ Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды. Суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасық екі адам тастайды. Команда кұрып ойнайды, әр комондада үш адамнан болады. Су тасытын адам суды төкпей-шашпай тез тасуы керек. Қай команда жеңі жетсе, жүлдеге сол ие болады.
Бәйге мен аламан бәйге
Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болады.Жарыстың үлкен шаруашылық, тәрбиелік мәні де бар. Олай болатын себебі — жарысқа қосатын атты таңдап алып, оны баптап бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала үнемі басы-қасында болып, бапкермен бірге еңбек етеді. Бапкер бәйгеге шабатын атты ғана баптап қоймайды, оған мініп шабатын баланы да қоса әзірлейді. Бала бәйге атына берілетін жем-шөп, судың мөлшеріне дейін біледі, оның терін алудың, аттың артықшылығы неде, қандай қабілеті бар және жарыс үстінде оны қалай пайдалану керектігін бәйге атына мінетін бала жарыс басталмастан әлдеқайда бұрын қанығып, біліп алады.
Бәйге осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бұл күнде жарыс ұйымдастырғанда әр ауданның ерекшелігі есепке алынып, шабатын аралық белгіленеді. Атқа шабатын адамның жасы, салмағы бір-бірімен теңдес болып келеді. Бәйге аттарын белгілі жерге алып баратын адам ат айдаушы деп аталады. Ат айдайтын жерге жеткенде ат айдаушы оларды қатар тұрғызады да белгі береді. Жарыс басталады.
Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады. Қазақстанда бұл сияқты тамаша спортты кеңінен таратуға барлық жағынан мүмкіншілік мол, республикамызда мініскер аттарды өсіретін арнаулы жылқы заводтары бар
Бойға доп дарытпа
Ойын кең алаңда, мектеп ауласында ойналады. Ойынға жиналғандар алдымен оның мазмұнымен танысып алады. Ойынға кішірек доп пайдаланады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер құрып тұрғаннан кейін, екінші топтағылар оның сыртынан 8—10 метр қашықтықта орай қоршап тұрысады. Доп сыртқы топқа беріледі. Допты алған екінші топ мүшелері, ортадағы бірінші топ мүшелерін доппен ұрады. Ал ортадағылардың міндеті — бойларына допты дарытпау. Доп тиген ойыншыны сыртқы топ өз қатарларына қосып ала береді. Шеңбер ішіндегілерге доп түгел тиіп болғаннан кейін, енді олар шеңбер сыртында тұрған командамен орын ауыстырып, оны ортаға алады. Сөйтіп, бұл топтағы ойыншылар да алдыңғы топ орындаған барлық талаптарды орындайды. Ойын қайталанып жалғаса береді. Бұл ойын — ойынға қатынасушыларды дәлділікке, айла-амал қолдануға, сезімталдыққа баулиды.
Боран
Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі ақ түсті перде, гимн.қабырға болуы тиіс. Ойынға 8-10 бала қатыса алады. Бір баланы боран киімін қигізіп, қалғандар боран алып кетпеуі үшін «Боран у-у-у» деп келе қалғанда гимн.қабырғаға өрмелеп шығуы керек. Боран соғып балаларды бір айналып өтеді. Ұсталып қалған баланы, боран алып кетеді. Ойын 2-3 рет қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |