Ұлттық спорт ойындарының бір түрі



бет18/19
Дата01.02.2018
өлшемі0,78 Mb.
#37354
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Ұшты-ұшты

Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).


- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты!
(ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).




Түйе-түйе

Ойын көгалды алаңда өтеді. Ойнаушылар жиналып екі топқа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топқа үштен бірі болуы керек. Екінші топ ойнаушыларының бірі —«інген», қалғандары «боталар». Бірінші топтың ойнаушылары жан-жаққа тарап кетеді. Көгалда «інген» «боталарын» жайбарақат ертіп жүргенде жаңағы жан-жаққа тарап кеткен ойнаушылар (немесе ұрылар) байқатпай келіп бір-бірлеп «інгеннің,» «ботасын» ұрлай бастайды және әр біреуін әкеткен сайын «ботаңды әкеттік»,— деп дауыстап отырады. «Ботасын» ұрыларға қимаған інген артынан қуалап жете алмай дымы құриды. Осылайша біреуінің артынан қуып жүргенде, екіншісін ұрлап кетіп жатады. Оны көрген «інген» оған жүгіргенде, үшіншісін ұрлайды. Сөйтіп, бір-бірлеп бір «ботасы» қалғанша үрлай береді.

Енді барлық «ботасынан» айрылып, жалғвз «ботасымен» қалған «інген» екі көзінен жасы ағып, боздап, не істерін білмей, дал болады. «Інгеннің» қатты күйініп, қиналып отырғандығын пайдаланған ұрылар жалғыз «ботасын» да қағып кетеді, Бір кезде «ботасына» үн қатса, жауап бермейді, Содан үрейленген інген жан-жағына қарап, жүгіріп, іздеп таба алмай қалады. Жалғыз «ботасынан» айрылған «інген» есінен танғандай бір орнында айналып жүгіре береді. Сөйтіп, есеңгіреп жүгіріп келе жатып, анадайда тұрған ботасын ұрлаған топқа тап болады.

«Інгенді» көрген ойнаушылар жүрелерінен дөңгелене отырысады. Сол кезде қолында таяғы бар «інген» өзінің «боталарын» ұрлаған ұрылардың қолына түскендігі үшін жазалай бастайды, одан ұрыларды жазалайды. Ойын жалғаса береді.

Осы ойын арқылы халық даналығы жас өспірімдерге өмір сүрудің көзі малда екенін, оны бағып қағудың қажеттігін байқатады

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?


Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?

Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.


Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей

шиқылдай бере ме екен?
Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйық.

Осы арада ойынға қатынасушылар өздері білгенінше жануарлардың дыбыстарын айтады. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да қалғандарына ем айтады. Ем дегеніміз ұпайдың түрлері. Мысалы, Ермек — өлең, Боқан — жаңылтпаш, Сәрсен — көбейту кестесін айтып берсін. Таубай жұмбақ шешсін, тағы-тағылар.



Жануарлардың дыбысталу жайын ең көп білетін және дұрыс атай білетін бала, мысалы, былай деп түсіндіреді:



Түйілген орамал

Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады «1,2,3»-деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа батырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар Осы кезде балалар жан-жаққа батырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар баланы қуылайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қалған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымен ортада тұрып өнер көрсетеді.



Тұзақ құру

. Балалардың жасына, ой-санасына лайықты өзгеріп, өңделген. Үлкендердің аң аулап, құс ату әдісіне салып балалар мұны ойын үстінде орындайтын болған. Тұзақ аттың құйрық қылынан есіп жасалады. Тұзақ құр мен шілдің жолына, суырдың, қосаяқтың, сасық күзеннің, әртүрлі тышқандардың інінің аузына құрылады. Өзен жағалауларында тұратын елді мекендердің балалары осы күнге дейін тұзақпен балық ұстауды ұмытқан жоқ.



Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.
Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.Арыстан — гүрілдейді, ақырады.
Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады, т. т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет