ІІІ кезең
– ұлт зиялыларының қудалануына байланысты еңбектерін оқытуға
тыйым салынып, тіл білімінде еуропоцентристік бағыттың белең алуы: Қ.
Жұбанов, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, Н.
Оралбаева, А. Хасенова, т.б. (1930-1988 ж);
IV кезең
– репрессия құрбандарының ақталып, олардың еңбектерін кең
пайдалануға жол ашылуы; қазақ тілінің шынайы болмысын танытуға
тырысқан ғалымдардың еңбектері: Қ. Басымұлы, М. Балақаев, Ы. Маманов, С.
Исаев, Т. Қордабаев, Қ. Шаяхметұлы, т.б. (1988 жылдан бергі кезең).
Бұл жұмыста ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңдегі
ғалымдардың қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдарын
қарастыратын боламыз.
Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының
нәтижесінде қазақ халқының өмірінде елеулі өзгерістер байқала бастады.
Көптеген еңбектер орыс тіліне аударылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында
орыс түркологиясы әлемдік шығыстану ғылымының алдыңғы сапынан
көрінді. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылыми
зерттеу нысаны айналды. Қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары – Н.И.
Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, В.В.
Радлов, С.Е. Малов, Н. Лаптев, В.В. Бартольд, А. Диваев, т.б. ғалымдары өз
үлесін қосты.
Осы кезеңде қазақ грамматикасын зерттеген орыс ғалымдарының бірі
Н.И.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия» (1861) атты
еңбегін жазады. Бұл еңбек үш бөлімнен тұрады: фонетика, грамматика, сөздік.
Грамматика бөлімі екі тақырыптан тұрады, олар: «Есім» және «Етістік». Яғни
грамматикадан тек морфология бөлімі ғана бар. Бұл бөлімде сөзжасам мен сөз
түрлендіруге, нақтырақ айтқанда, септелу, көптелу, тәуелдену, көптік формаға
анықтама беріледі. Етістіктер мен болымсыз формалар, көсемше мен
есімшелер туралы мәліметтер келтіріледі. Ильминскийдің бұл атақты еңбегі өз
кезегінде қазақ тілін үйренушілерге де, зерттеушілерге де құнды материал
болды.
Н.И.Ильминский еңбегінде есімдіктердің мағыналық топтарының ішінде
«жіктеу есімдігінің тәуелдік жалғауы» деп тұңғыш рет тәуелдік жалғауға
анықтама береді.
«Притяжательные окончания от личной местоимении: для
1-го лица -м, -мыз, 2-го лица -ң, -ңыз, для 3-го -ы, -і, -сы, -сі. Это –
притяжание к одному лицу, притяжание к многим лицам выражается
множественным -лар, которое при этом ставится между именем и
притяжательным окончанием»
дей келіп: әкеміз, әкеңіз, әкесі, әкелеріміз,
әкелерің, әкелеріңіз, әкелері деп мысалдармен нақтылайды. Сонымен қатар,
бұл формалар есімдерге ғана емес, сұрау және сілтеу есімдіктеріне де
жалғанады дейді. Ал көптік жалғауларын барлық сөздерге жалғана
бермейтіндігін дұрыс аңғарған. Ғалым көптік жалғауларының мына сөздерге
жалғанбайтындығын айтады:
•
үй жануарларына: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі;
•
ел аттары мен ру атауларына: қазақ, орыс, ногай, әшібек, т.б.
«Все такие слова не употребляются во множественном форме, потому что
выражают идею цельное, принимаемое за неразделимую группу однородных
предметов, тогда мн. форма не употребляется».
Ғалым есімдіктердің барыс септігінде септелуіндегі өзгерістерді де дұрыс
байқаған: маған, саған, оған, бұған, осыған, т.б.
М. Терентьев зат есімнің 2 септелу үлгісін берген: біріншісі
–
дауыссыз
дыбысқа аяқталған (л,м,н,р дыбыстарынан басқа) есімдер. Мысалы:
Атау септік: атъ;
Ілік септік: аттынъ;
Барыс септік: атка;
Табыс септік: атды.
Екіншісі
–
дауысты және л,м,н,р дыбыстарына аяқталған есімдер. Мысалы:
Атау септік: ата, шеше;
Ілік: атанынъ, шешенинъ;
Барыс: атага, шешеге;
Табыс: атаны, шешени.
Н.И.Ильминский мен белгілі тюрколог П.М.Мелиоранский де көптік
категориясы
Достарыңызбен бөлісу: |