1.
жіктеу есімдіктері: мен, сен, ол;
2.
сілтеу есімдіктері: о, бо, сол, осу. Осы есімдіктерден жасалатын сілтеу
есімдіктері ретінде: ол – ана, бо – муна, сол – сона есімдіктерін таныған;
-у арқылы анау, мынау, сонау есімдіктері жасалады дейді.
Сонымен қатар, ғалым қазақ халқы бір-біріне үлкенді-кішілігіне қарамай сіз,
біз деп сөйлейтінін айтады. Сондықтан бұл екі сөз жекеше түрдің сыпайы түрі
деп саналады да, біздер – көпше түрдің І жағында, сендер, сіздер ІІ жағында
қолданылады дейді. Ал Мелиоранский -м, -мыз (І жақ), -ң, -ңыз (ІІ жақ), -ы, -
і, -сы, -сі (ІІІ жақ) формаларын жіктік жалғауға жалғанып, бір заттың екінші
бір затқа тәуелді екенін білдіреді деп таныған. Ал басқа түркітанушы
ғалымдар бұл форманы тәуелдік есімдік деп берсе, ғалым тәуелдік жалғау деп
атаған. Зерттеуші бұл тәуелдік жалғаулары қазақ тілінде тек есімдерге ғана
емес, сұрау, сілтеу есімдіктеріне де жалғанатынын айтады: оның, онусы.
Ғалым Мелиоранский қазақ тіліндегі етістіктерді татар тілімен
салыстырғанда айырмашылығы жоқ дейді. Бірақ кейбір етістіктердің күрделі
болып келетінін айтады. Мысалы, етуу, деу деген етістіктен – қай-қайтуу,
алей-айтуу, солай-сөйтуу, булай-буйтуу, буідеу, соідеу деген сөздер жасалады
дейді.
Қазақ тіліндегі етістіктер жалпы түрік формациясын құрайды дейді. Яғни:
1.
-дыр, -т, -р, -ғыз өзгелік фофрмалар;
2.
-л ырықсыз;
3.
-н ортақ;
4.
-с ортақ (бұл форма ортақтастықты ғана емес, көптік түрінің орнына
қимылдың жалпы орындалуын білдіреді: кетісті);
5.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе;
6.
Қазақ тілінің өзіне тән кішірейту формасын -ыңқыра, -іңкіре: қыдыр –
қыдырыңқыра, кедір – кедіріңкіре, ал болымсыз түрін жүзге
жетіңкіремейді деп көрсетеді.
Ғалым бірқатар етістіктердің жасалуын, мағынасын былай таныған:
•
Едім
етістігі келер шақ -р есімшесімен тіркесіп болжам мағынасын
береді: жазар едім. Ал көсемшелі -б формасымен тіркескенде, алдын ала
уақытты білдіреді. Мысалы, ол қайтқанда біз барыб едік. Осы форма
істің аяқталуына күмән туғызған жағдайды да білдіреді дейді. Мысалы:
ас әкеліб едім, арзамыз бар еді.
•
Достарыңызбен бөлісу: