Жапырақтың анатомиялық құрылысы: жапырақтың көлденең кесіндісін қарастырғанымызда, жоғарғы және төменгі эпидермис клеткалары түссіз біркелкі, бірқатар тығыр орналасқандығын байқаймыз. Жоғарғы эпидеримис клеткалары төменгі эпидермиске қарағанда ірілеу болып келген. Екеуінің арасында бағаналы және борпылдақ мезофилл орналасқан. Пропорциялары тең деуге де болады. Негізгі ортаңғы жүйкеде ірі өткізгіш шоқ орналасқан. Жоғарғы эпидермиске бағытталған ксилемадан және төменгі эпидермиске бағытталған флоэмадан тұрады. Флоэманың астында белгісіз заттар орналасқан, 3-сурет. Lythrum salicaria L. жапырағының анатомиялық құрылысының морфометриялық мәліметтерінде айталлықтай айырмашылықтар болған жоқ.
А Б
Сурет 3- Lythrum salicaria L. сабағының көлденең кесіндісі: үлкейтілуі. 100. А-1нүкте, Б-2 нүкте
Кесте 3- Lythrum salicaria L. жапырағының анатомиялық құрылысының морфометриялық мәліметтері
Эпидермис қалыңдығы
Мкм
|
Жапырақ тақтасының қалыңдығы мкм
|
Борпылдақ мезофилл, мкм
|
Бағаналы
мезофилл, мкм
|
Өткізгіш шоқ
|
Жоғарғы
|
Төменгі
|
68±0,9
|
50±0,7
|
1156±14,3
|
479±6,1
|
404±4,8
|
172±2,9
|
Анатомиялық құрылысын қорытындылай келгенде, далалы аймақ пен орманды аймақта өсетін өсімдіктердің морфометриялық көрсеткіштері сабақ пен тамырда ауытқыса, жапырақта айтарлықтай өзгешелік байқалмады. Анатомиялық ерекшелігіне келсек, тамырда да сабақта да склеренхима сақина түзген, өткізгіш ұлпа біртұтас шоқсыз құрылысты. Жапырақта жоғарғы эпидермис клеткалары төменгі эпидермис клеткаларымен салыстырғанда ірі болғандығын анықтадық.
Фитохимиялық құрамын талдау нәтижесі 13 түрлі қосылыстар кездесетіндігі айқындалды, көп мөлшерде қышқылдар кездесті, 4-кесте, 4-5 суреттер
Сурет 14–Тұнба анализінің хроматограммасы
Сурет 15-Фитохимиялық құрамының пайыздық мөлшері
Фитохимиялық зерттеулер нәтижесінде Lythrum salicaria L. өсімдігінің құрамында стеарин қышқылының пайыздық мөлшері ең жоғары (43%), сондай-ақ лупеол (10%), пальмит қышқылы (10%) болатындығы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |