Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің геоботаникалық және фитохимиялық ерекшеліктері



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#117752
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
статья

ҚОРЫТЫНДЫ

Шығыс Қазақстан облысы жағдайында кездесетін талжапырақ тергүл (Lythrum salicaria L.) дәрілік өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде жапырақтарында дақтардың болмайтындығы анықталды. Жалпы ұзындығы далалық аймақта 54-64 см, орманды алқапта 48-50см болды. Жапырақтарының ұзындығы 4-7 см ал, ені 0,5-0,8 –ге дейін ауытқыды.


Әртүрлі өсу жағдайында Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің салыстырмалы анатомиялық құрылымын анықтау барысында далалы аймақ пен орманды аймақта өсетін өсімдіктердің морфометриялық көрсеткіштері сабақ пен тамырда ауытқыса, жапырақта айтарлықтай өзгешелік байқалмады. Анатомиялық ерекшелігіне келсек, тамырда да сабақта да склеренхима сақина түзген, өткізгіш ұлпа біртұтас шоқсыз құрылысты. Жапырақта жоғарғы эпидермис клеткалары төменгі эпидермис клеткаларымен салыстырғанда ірі болғандығын анықтадық. Шығыс Қазақстан жағдайында өскен талжапырақ тергүл (Lythrum salicaria L.) дәрілік өсімдігінің фитохимиялық құрамын талдау нәтижесінде құрамында 13 түрлі қсосылыстар кездесетіндігі айқындалды, соның ішінде басым көрсеткіш көрсеткен стеарин қышқылы (43%), лупеол (10%), пальмит қышқылы (10%). Қорытындылай келе, Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің фитохимиялық құрамының терапевтік қасиеттері халық медицинасында асқазан ішек жол ауруларына кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Емдік қасиетін қолдану үшін жасанды агроценозда өсіріп ресурсын көбейткен абзал .






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет