М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика



бет12/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#5668
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
§ 8. АБАЙ Т1ЛІНІҢ СӨЗДІГІ

Белгілі бір ақын-жазушының шығармаларының тіліне арналған сөздікті арнаулы сөздік деп атайды.

Әрбір ұлы жазушы өз заманның куәсы айнасы. Олар өздері өмір сүрген дәуірінің саяси-әлеуметтік және қоғамдық өміріне қалай болса солай, немқұрайды қарап отыра алмайды. Жақсығына сүйініп, жаманшылыьы мен кемістігіне күйініп, өзінің әділ сын-бағасын айтып отырады. Ұлы ақын-жазушылар әртүрлі көркем образдар арқылы бүкіл бір заманның тарихи картинасын суреттеп, кейінгі ұрпақтың өмір-бақи есінен кетпейтіндей етіп

135


көз алдына елестетеді. Олардын, қалдырып кеткеи асыл мұрялары ешқашан ескірмейді, тозбайды, әрі мұқалмайдьт да. Қайта жаңа заман идеясымен әрқашян жаңғырығып, құндылығы мен бағасы бұрынғыдан да арта береді. Дәл осыпдай ізгі қасиет Пушкин мен Абай тәрізді ұлы жазушылардың шығармаларына тән нәрсе. Орыстын, ұлттық әдеби тілінің негізін салуда А. С. Пушкин қандай зор қызмет атқарған болса, қазақтың жаңа классикалық жазба әдеби тілініц іргетасын қалауда кемеңгер Абай да сондай ұлы еңбек сінірді. Орыс халқы өзіпіц сүйікті перзенті, данышпан ақыны А. С. Пушкин шығармаларының төрт томдық сөздігін (I том — 1956, II — 1958, III — 1959, IV — 1961) жасап жарыққа шығарған болатын. Бұл сөз-дік орыстың ұлттық әдебиетінің тарихы жөнінде, әсіресе онық лексикасының өткен тарихы бойынша өге маңызды рухани құрал деп есептеледі. Біз дс өнегелі орыс халқыныц ізгі бастамасынан тәжірибе алып, оқып үйрене отырып, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының сөздігін жасауға Тіл білімі институт-ыньщ бір топ қызметкерлері 1962 жыл-дан бастап кіріскен едік. Бұл еңбек 80 баспа табақ көлемінде Қазақ ССР Ғылым академнясының “Ғылым” баспасынан 1908 жылы жарық көрді.

Жеке ақын-жазушылар шыгармаларынын создігін жасау тәжірибесі жалғыз қазақ тілінде ғана емсс, бүкіл тұркі тілдерініц бұрынды-соңды даму тарихыпда ешбір жасалып көрмега нәрсе. Мұнын, бар қиындығы мен өзінше жаңалығы да осында деп түсінуімізге болады.

“Абай сөздігін жасаудьщ мақсаты мон манызы неде?”— де жалпы сұрау қоюға болады. Ұлы ақын қараңғылық пен зорлық-зомбылық үстемдік етксн рушылдык, пен жікшілдіккс негізделген феодалдық дәуірде тіршілік еіктндігіне қарамастан, ол өз ортасынан үздік шығып, халқына, кейінгі ұрпаққа “өл-мейтұғьш өнегелі сөз қалдьірды”. Абай надандықнен күрсстің ең өткір құралы — тіл деп түсінді. Сондықтан ол “Мақсатьш тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ” деген болатынды.

Ұлы ақыпның саяси-элеумотгік көзқарасы, демократтық, идеясы мен абзал мақсаты шығармасының бүтін өн бойынан, тіл ұстартуынан айқып сезіліп тұрады. Кемецгср ақьы адамзат қогамындағы тілдің аіқаратьш қызметі мен монін, опын, халыққа тигізетін ықпалының өте күшті екендігін жақсы түсінген. Сондықтан да Абай қазақ тіліндегі мәнсіз, Пасы артық қосалқы гөздерден поэзияны тазарта отырып, “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін” жағымды сөздердің неше алуан үлгісін тапты, өнегесін көрсетті.

Ол үшін ұлы ақын қазақтьщ байырғы тума төл сөздерін өңдеп-түзеп, ұқсатып, жаңа мазмұн беріп, әр түрлі кэдесіне жарата білді. Мәселен, талаптың тұлпары, көңіл құсы, тентек;өмір, жабырқаңқы сөз, тіл ұстарту, т. б. теңеу сөздерді Абайдың қазақтың төл сөздерін жаңартып, жаңадан сөз жасағандыгының

136


айракы деп карау керек. Ұлы ақын қазақтың ауызекі сөйлеу тілін, ауыз әдебиеті тілі мен жазба әдебиет тілін сарқа пайдалана отырып, қазактың болашақ ұлттық әдеби тіліне жөн-бағыт сілтеп, сара жол салды. Қазақ тілінің барлық сөздік қорын, лек-сика-фразсочогиялық байлығын, мақал-мәтелдерді мейлінше емін-еркін, керегінше, әрі шебер түрде пайдалана отырып, жетпегенін араб, парсы және орыс тілдерінен алып толықтырды да- кәдегіпс жарата білді. Абай шығармаларында кездескен сөз байлығының барлығы да түгелдей сөздікке ендірілді. Мұнымен қоса акыннын, өзі колданған жалқы есімдер, кісі аттары мен жер-су атаулары халық пен ру аттары да қоса қамтылды. Шығарманың текстінде кездеспеген, тек белгілі бір өлеңнін, тақы-рыбына .алынган кісі аттары, мәселен, Әсет, Көжекбай, Баймағанбет, Күлембай сияқты есімдер сөздікке жеке реестр болып алынбады.

Абай шыгармасында қолданылған араб, парсы және орыс сөздері негізінен скі салаға бөлініп қаралды. Оның бірінші түрі қазақ тілінің лексикасына бір жола еніп, ана тіліміздегі төл сөздердей етене болі.ш кеткен жалпы халыкқа таныс сөздер. Ал екіншісі — Абай шыгармаларында ғана ұшырасатын, бірақ қазақ тілінің сөздік күрамынан белгілі орын таба ялмаған бейтаныс, бөгде сөздер. Бүлардың тізімі алфавит тәртібімен қосымтпа ретіндо сездіктің соңынан көрсетілді. Абай — халық тілінің байда кәрлі кұнарын тек шебер пайдаланушы ғана емес, өзі де неше алуан жаңа сөздср, жаңа мағыналар тудырып отырған жазушы. Акынпың шабытты сәтті шактарында ұшкыр қаламынан туған мақал-мәтелдерге бергісіз толып жаткан канатты нақлия сөздері бар.Ақын өз шығармасында жай қарапайым сөзге жан бі-тіріп, нешее қилы қозғалыска түсірді. Сонымен қатар кемеңгер ақын тілдегі сан қилы тропалық тәсілдерді, аллегория мен шендестірулі. сарқазм мен иронияны, эпитет пен теңеуді әр түрлі ойнақылықпен құбылтып отырған. Әсіресе метафораны кең түрле сркін пайдаланган. Мысалы: “Сөзімде жаз бар шыбынсыз” дегендегі жаз деген свз. “Көңілдін, жайлауынан ел ксткен бе?” дегендегі жайлау сөзі, “Қажыды көңлім көп шауып” дегенде шабу сөзі, “Қараңгы, сақырау ойды қайғы жеңген” дегенде саңырау деген сөз “үміттің аты еліріп”, дегенде ат сөзі Абайдың өзіндік метафоралық сөз колданыстарына жатады. Ақынның 'сөздігінде мұндай контекстік магыналарға “ақын бүл жерде мағынада қолданып отыр” деп кең түсінік берілді. Сөздің белгілі бір контскстегі бейнелі мағынасы сөздің эстетикалыщ мағынасы деп аталады. Мұндай мағыналарды саралау міндетін жеке айқын-жазушы тіліне арналган арнайы сөздік қана аткара алмақ.

Абай сөздігін жасау мақсаты ұлы ақын өз шығармаларын жазуда қанша сөз және оларды қандай мағынада қолданғандығының бетін ашу екендігі даусыз. Сөздікте осы максат біршама нақтылы жүзеге асты деп ойлаймыз. Абай шығармаларында

алты мыңға жуық жеке- дара сөз қолданғандығы анықталды.Бұл еңбск ұлы ақын-ның всыл мұрасындагы “іші алтын сырты

137

күміс сөз жақсысын” терең білгісі, үйренгісі келген барлық қазақ қауымына пай-далы жұмыс деп ұгамыз. Абай сөздігі қазақ тілінің өткені мен қазіргісін салыстыра отырып тексерген жеке зерттеу еңбек болмаганыыен, салыстырып зерттеу үшін сұрып-талып тексерілген, белгілі жүйеге түскен бір дәуірдін, дайын материалы деп есептелсді.



Сонымен қатар кемеңгер ақынның қаламынан туған шығармалар тіліне тон өзіндік ерекшеліктерді Абайдан бүрынғы-соңды қазақтың өзге ақын-жазушыларының тілі-мен салыстыра отырып даралап бөліп көрсету үшін де өте бағалы еңбек деп таныла- ды. “Абай тілі сөздігі” ақын шығармаларындагы сөздердің анықтағышы әрі оның жиілік сөздігі болгандықтан, реестрге алынган сөздер кейін оның неше рет қол-данылғандығы (саны) көрсетіл-ді. Бір сөз қанша марынада жұмсалса, сонша рет анықтама берілді. Алдымен ең негізгі (заттық) мағынасы, онан кейін қосымша жоне өзіндік сөз колданысы көрсетілді. Соңынан белгі койылып, тұрақты сөз тіркестері келтірілді. Әрбір магына мен сөз тіркесінен берілген анықтамадан кейін оның неше рет қайталанғандығы, жақшанын, ішінде саны көрсетілген.

Сөз Абайда қандай грамматикалық формаларда қолданыл-ғандыгын көрсету үшін сөздік мақаланық ең соңынан белгі қойылды да, содан кейін олар бірінен соң бірі тізіліп, қандай грам-матикалық форма қай томда, кітаптың қай бетінде кездес-етіндігі көрсетілді. Грамматикалық формалар қазақ тіл білімійдег қалыптасқан жүйеге негізделіп құрылды.

§ 9. ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төр кінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анық тайды. Тілдің даму барысында сөздер тұр-тұрпаты мен мән мағынасы жағынан қандайлық өзгерістерге ұшыр-ағандығы ай қындалады. Яғни сөздің о бастағы түрі мен мәнін туыстас тілдердің, материалдарымен салыстыра отырып ашып, қазіргі қалпына жету үшін қандай даму процестерін өткендігі көрсетіледі.“Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” 1966 жылы жарық көрді. Мұнда 333 сөздің арғы түп-төркіні, ең алғашқы мағынасы түсіндірілген. Шығу тегі шет тілдік сөздердіқ қай тілден ауысқандығы, қандай формада айтылғандығы көрсетілген. Мәселен, ^такелаж деген орыс сөзі өзгере келе каталажка, ал қазақ тілінде әуелі каталашка, одан кейін кәтелешке болып кет-кендігі түсіндірілген.

Сөздікте реестрге алынган сөзден кейін әдеби шығармалар-дын түрлі нұсқалар-ынан мысалдар кслтірілген. Сонымен қатар біраз сөздерге түсініктеме беріліп отырган. Сөздік мақалаларда әр автордың берген талдауларынан басқа, жеке сөздін этимологиясы жаиында бұрынды соңды антылған зерттсушілердін өзіндік пікірлері қоса қамтылған. Сөздіктен бірнеше мақалаларды келтірейік:

138


Артель. Содан кейін артель ұйымдасты да, мен мүшесінін біреуі болып кірдім

(С. Мұқанов). Бұл сөз тілімізге орыс тілінен енгенмен, оның төркіні түркі тілдерімен байланысты. А. Г. Преображенский, Н. В. Горяевтардың талдауы бойын-ша, артель сөзі 'татар тіліндегі ортақ және ел деген дербес сөздерден құралып, “бірлестік, ортақтық” деген мағынаны білдіретін болган1. Басқалардың айтуына карағанда, артель сөзінің түбірі түркі тілдерінлегі орта, орталай, деген сөздерм,ен байланысты2. Сөйтіп, кезінде түркі тілдерінен орыс тіліне кірме сөз ретінде енген артель сөзі казір өзгерілген түрінде, жаңа мағынада түркі тілдеріне кері ауысып, қолданылып жүр. (Н. Қ.).



Барымта. Мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады (С. Мұқанов). Қейбір тілдердің фактілері бізді бұл сөздің этимологиясын ашуға жақындата түседі: туваша — барымдаа — 1) негіз; 2) себеп. Монғолша — баримт1 негіз, дәлел, себеп, ар-гумент; 2) факт, жагдай; 3) есеп. Тіліміздегі барымта зат есімінің шығу төркіні “себеп, негіз дәлел, есеп” мағыналарына келіп ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріндегі барымта сөзі монғолдың “негіз, факті, себеп, дәлел” мағынасындағы бармит сөзінен шыққан болуы керек. Баримт түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оньвд мағынасында абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымта сөзінен барымталасу сиякты туынды етістіктер жасалған. (Ж. Б.).

Монша. Біз шақтадан кас қарая шыгып едік, моншаға түсіп шыкқанымызша түн болып кетіпті (Ә. Әбішев) . Монша сөзі орыс тілінің мыться деген сөзінен ауысып, татар тіліне мунча (Радлов. Опыт сл. I — IV.) болып енген. Қазақ тілінің фонетика-лык ерекшеліктеріне сай мунча сөзі монша болып өзгерген. Ұ дыбысы о-га, ч дыбысы ш-ға ауысқан. Сөйтіп, монша қазақ тіліне көршілес татар тілі арқылы орыс тілінен ауысқан сөз (Б. С).

Этимологиялық сөздік — білім салаларының өзара ұштасып қабысуынан талап ететін өте жауапты да қиын жұмыс. Ол туған хал^ымыздың ежелгі тарихын емін-еркін білумен қатар тарихи фонетиканы, грамматиканы, лексиканы да жете білуді талап етеді. Аталған сөздікті жасауда мақсат сөз төркінін іздеушілерге ой салып; бақыт-бағдар сілтеу екендігі даусыз.

Тіліміздегі түбір тұлғасы әзірге онша мәлім емес сөздердің, этимологиясын онан әрі жан-жақты анықтап, толық сөздік шығару — болашақта атқарылатын іс.

§ 10. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Фразсологиялық сөздік тілдсгі сан алуан тұрақты сөз тір-кестерді жинақтап, соларға кең түсінік береді. Біздіц тіліміз фразеологияға соншалыкты бай. Бұлар аз сөзбен көп ойды жет-

1 Преображенский. Этим. сл. рус. яз., 8; Горяев. Ср. этим. сл. рус. яз., 6.

2 Будагов. Ср. сл. тур-тат. нар., 123.

139


кізу ушін айырықша қызмет атқарады. Көркем образ жасауда да бұлардың алатын орны ерекше. Мәдсииеті қарыштап дамыған елдердің көпшілігінде фразеологиялык сөздіктер бар. Қазақ тілінің тұңғыш фразсологиялық сөздігі 1977 жылы академик

1. Қеңесбаевтың авторлымен жарыққа шықты. Сөздікте тілміздегі он мыңнан астам фразеологиялық единицаларды қамтыған. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Қазақ фразеологизмдерінің си-нонимдері мен варианттары да, мүмкін болганынша, жинақталған. Кей жағдайда жекелеген фразеологизмдердін. тууы мен жасалуы да сөз болады.

Сөздікке негіз болган Тіл білімі институгындагы жиналган үш миллионнан астам картотека қорындагы қыруар материалдар екендігі сөзсіз. Сонымен қатар автордың үзақ жылдар бойы ел ішінде болып, солардан тірнектеп жинаган материалдарын да молынан пайдаланған. “Сөздіктің кұрылысы мен жасалу тәсілдері” атты кіріспе мақалада сөздіктің құрылым-құрылысы мен жасалу принциптері жайында кең түсінік берілген. Мұнын өзі сөздікті пайдаланушы адамдарға үлкен себін тигізетіндігі даусыз. Кітапқа сөздік материалдармен қоса “Қазақ тілінін фразеолог-измдері туралы” деген көлемді теориялық мақала да ендірілген. Сонымен бірге “ен-таңба туралы”, “ай санау дәстүр-лері туралы”, “жыл қайыру жайлы” атты үш түрлі қосымша материалдар да бар. Сөздіктін сонынан “Шартты қыскартулар” тізімі мсн индекс ретіндс “Сөз тізбе” берілген. Демек, сөздікті жасап шығаруға автор көп ецбек сіңіргендігі байқалып тұр.

Сөздіктің жетістігіметі қатар кем-кетік, кемшіліктері де жок емес.

Сөздіктің құрылымы мен құрылысын, жасалу принщшін та-ныстыру, көрсету максатымен оқушы қауымға сөздіктен бірне-ше мысалдар келтірейік.

Бас иді. 1. Разылық білдірді, көрсетілгеп қурметке ілтипат білдірді. Әнші әнін аяқтап, зағдағыларға бас нді (Қ. Ж.)-

2. Мойынсунды, көнді, алдына тізе бүкті, багынды. Бірлігі бар, арманы бар, ойы бар. Бұл — Қорея бас иетін ел емес (Ж. С.). Өрісі қатты тарылды. Ел корғайтын ерлердің, Аяғына барып бас иіп, Алдияр деп жалынды (Жамбыл).



Бір сөзді. Екі айтпайгын, айтқанын бүлжьппст орычдайтын. Жайнақұлы Баймагамбет елдің кісісі, кедей. Оншақты ауыз сөзді орысша білетін, оқымаған кажырлы бір сөзді, пысық адам (С. С.).

Қол тума. 1. Өз қолында өскен, асыранды. Бұл тұйе — колхоздың өсірген қол тумасы (АТ). 2. Өз қолымеи орнатқан, жасаған. Қилы да қилы заманнан, Қиуа, қиын шамадан, Елестен өрге өзгеріс Октябрь біздіц қол тума (I. Ж-)- Күн атасының бұл қол тумасы да тықдаушыларын бір серпілгіп тастады (Қ. Қ.).

Ортан қолдай. Мынау деген мықты, жарамды. Сонымсн, Құнанбай жүріп кетті.'Қөлігін, жылы шанасын, жол азығын, қос

140


аттарын шетінен ортан қолдай кып сайлап алды (М. Ә.). Ортан қолдай төрт ұлы болды — шетінен қасқыр (Б. М.)-

Ақ түйенің қарны жарылды. Қарык; боп қалды; ит басына іркіт төгілді. (Ішкені алдында, іигпегені артында болып, молшылыққа батты). Сол күннен бастап Итбай аулында ак, түйенің қорны жарылды (С. М.). Тіпті көнбеіі жатса,"“Шырағым-ау, Баймұқаным келіп, ак, түйсніц қарны жарылып жатқанда, дастарканымның бедерін көрмей кетесің бе?”~ деп, өкпе айтады (Л. Ж-)-

§ 11. ОРФОЭФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Сауаттылық сөздсрді белгілі ережелсрге сәйкес дүрыс жазу-мен гана көрінбейді, оларды дұрыс әйтып, дұрыс оқумен де бағаланады. Өйткені сөз біткеннің бәрі бірдей қалай жазылса, солай оқыла бсрмейді, көп реттс оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Қазақ әдеби тілінің орфоэпия-лық нормасының қалыптасуыиа негіз болран онын бай ауыз әдебиеті екендігі сөзсіз. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен телевизия хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздіц қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді, оны ешқандай қызықтырмайды. Мәселен, өлім аузынан қалды дегенді өлүм аузыиан ғалды деп, өгіз аяң дегенді өгүз аяң, өзен бойы дегенді өзем бойу, өкіл күйеу дегенді өкүл гүйөу, өкпесі өшу дегенді өкпөсі өшүу, өкінбеу дегенді өкүмбеу деп айтпаса, сәйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, көз жұму, көз көрген, көз сүйек, көз тию, көз тою, көз шүқу, ак, жүрек, ак, изен, ала көңіл тәрізді тұрақты тіркестерді көжжүмуу, көз көргөн, көс сүйек, көз тійу, көз тойұу, көш шүқұу, ағ жүрөк, ағійзен, алагөңүл дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.

Демек, сөздерді сауатты жазумен қатар сауатты айта да білу қажеттілігі келіп туады. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормалары көрсететін практикалық құрал ретінде Қ. Неталиева-ның “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңга жуық сөздер мен сөз тіркестері снген. Автор емле ережесі бойынша жазылған сөздерді қалып-тасқан әдеби тіл орфоэпиясы нормасына сәйкесті оқу, айтуды негізгі принцип етіп ұстаған. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу заңдылықтары үндестік зандылықтарына негізделетіндігі айтылған. Яғни сөйлеу процесінде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мен қосымшаның, буын мен буынның аралығында болатын құбылыстар сөздікке арқау болған.

Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айырмашылығы бар деген түбір мен туынды сөздер, сөз тіркестері мен қосымша

141


жалғағанда өзгеріске ұшырайтын тұлғалар алынған.

Сөздер екі қатарға тізілген. Бірінші катсіріа казак әдсбц Тлінің емле-ережесі бойынша жазылуы, екіншісінде әдеби норма бойынша айтылуы көрсетілгсн Мысалыг

азық-түлік азық-түлік

ала-кұла ала-ғұла

алма-ксзек алма-гезек

әкетай-көкетай әкетай-гөготай

бозшғылттану бозғұлттану

бөленту бөленту

вагонга вагонға

горңға вагоңға

дүрбелең дүрбөлең

дурсе қоя берді дүрса ғоя береді

егіс жер егіш шер

жұлысу жұлұсу

құнсыз құнсұз

1981 жылы М. Дүйсебаеваның “Қазақ тілініц кысқаша орфоэпиялық сөздігі” басылып шықты. Бұған күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын бес мыңға жуык, сөздер қамтылган.

Аталған сөздіктіц бір ерекшелігі мұнда сөз басында келетін о, ө дыбыстарының алдынан у (уолжа, уөрнек), е дыбысынын алдынан и (иегіз, иекі), р, л дыбыстар-ының алдынан ы, і (ырабайсыз, ылаж, іләззат) дыбыстарының бірі қосылып айтыла-тындығы жакша ішіне алынып берілген. Мұның өзі алдыңгы шыққан сөздікті жаңартып толыктыра түскендігін көрсетеді.

Автор бұл еңбегінде сөйлеген кезде сөз ішіндегі, сөз аралығындағы іргелес, шектес (көршілес) дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, үндесу заңдылықтары: қатаң дыбыстардың ұяңдануы, езулік дыбыстардың еріндікке айналуы, жіктік жалғауыиын ықшамдалып айтылуы, қатар келген дауысты дыбыстардың сусып түсіп қалуы, ортаңғы буындағы қысаң дыбыстардың (ы, і) айтылмай қалуы сияқты зандылықтарды жүйелеп дәлелдей түскен Айта кететін бір жайт казақ тілінің орфоэпиясын зерттеушілері орыс тілі аркылы енген қыруар кірме сөздердің жазылуы мен айтылуы бәрі нақ орыс тіліндегідей деп бір жақты пікір айтып жүр Терсңірек үңіле карасак, бұлардың ішінде де өзгеріп айтылатындары табылатындығы сөзсіз. Мәселен, көп томдык “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” әгент, әдіріс, әдиял, әптек, бөшке, нөмір, учаске, кәнки, кәмпеске, калөш, кәрәсін, кәртішке, кінәз тәрізді қыруар орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі варианттары қоса камтылып берілуі бұл айтылғандарга толық айғак болады. Олай болса, кірме сөздердің орфоэпиясы әлі күнге ғылыми тұрғыдан терсң зерттелмегендігін дәлелдейді.

Осы аталғандардан басқа Қазақстанның жер-су атаулары мен кісі аттарының қысқаша сөздіктері (алрашқысы орысша, соңғысы екі тілде) басылып шықты. Сол сияқты Қазақ тілінің

142


кері алфавитті сөздігі (1970), Куманша-казақша жиілік сөздік,(1978), М. Әуезовтың “Абай жолы” романының жиілік сөздігі (1979), Қазақ тексінің статистикасы (1973) атты сөздіктер де жарық көрді. Өскелең өмір талабына сай олі де сан қилы линг-вистикалық сөздіктер жасала бермек.

§ 12. ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ

Қазақ лексикографиясы соңғы жарты гасыр ішінде тек сан жағынан ғана көб-ейіп өсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайды. Қырқыншы елуінші жылдары шыққан сөздіктер мен соңғы жылдары жарык, көрген сөздіктер тек көлем жагынан ғана емес, сапасы жағынан да анағұрлым ілгеріледі.

Өңделеп қайыра шыгып жатқан терминологиялық, орфографиялық түсіндірме, синоним сөздіктерінің қай-қайсы болса да, соңғы басылымдары алғашқыларынан көш ілгері екендігі еш-қандай күмән келтірмесе керек. Совет тіл мамандары лексикология мен лексикография теориясын, стилистика мен грамматиканы, сөз тудыру тәсілдерін тынбасган зерттеп, осы ғылымдарды үнемі жетілдірумен келеді. Бұи ретте орыстың тіл білімі мен оны зерттеуші тіл мамандарының кош басшылық ролі айырықша.

Совет халқының бөлінбес бір бұтағы — Қазақстанда шығып жатқан сөздіктердің бәрі де (барлығы 70-ке жуық) орыс сөздік-терінің үлгісімен жүзеге асып келе жатқандығын үлкен ілтипат-пен айта кеткеніміз мақұл. Мәселен, үлкенді-кішілі аударма және терминологиялық сөздіктерді былай қойғанда, Д. Н. Ушаковтың төрт томдық “Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің” үлгісі-мен бізде екі том “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959, 1961) жасалса, А. С. Пушкин сөздігінің үлгісімен “Абай тілі сөздігі” (1968) жарық көрді. Ал көп томдық (10 том) “Қазақ тілінщ түсіндірме сөздігі” де 17 томдық “Қазіргі орыс әдеби тілі сөздігінің” жоба-жоспарының тәжірибелерін пайдалану нәтижесінде жүзеге асты.

Сөздік жасаудагы қод жеткен орасан зор табыстарымызбеи қатар, алдағы уақытта шұғыл кірісіп, тез арада орыны толтыр-ылған болатын әр түрлі олқылық-тарымыз да бар екендігін айта кеткен жөн. Біздегі шығып жатқан үлкенді-кішілі сөздіктер зейін қойып, арнайы зерттелінбегендіктен, олардың жетістігі мен кемшілігі сараланбай, тиісті теориялық корытындылар жасалран жоқ. Соның салдарынан сөздік жасауда неше алуан кемшіліктерге жол беріліп келеді. Сөздік жасаудың принциптері жүйеленіп, бір ізге салынбарандыктан, бір мәселені іс жүзінде әркім әр түрлі жолмен жасап жүрген жайлар бар. Әсіресе біріккен сөздер мен бөлек жазылатын күрделі сөздер жайында, сөз варианттары жайында ала-құлалық көп деп айтура болады.

Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясын жан-жақты әрі тыңғылықты зерттемей тұрып, сапалы ғылым сөздіктер шығару мүмкін емес. Қазіргі кезде қазақ сөздіктерін шығаруда үл-

143


кен тәжірбе алып, көш ілгсрі алға бастық. Ал оның есесіне,шығып гжатқап сөздіктеріміз ғылыми тұрғыдан жан-жакты жөнді зерттелмен, сөздік жасаудың теориясы кешеуілдеп, кейін қалып келеді.

Лексикографияның теориялык мәселелері жалғыз біз де ғана! емес, жалпы Одақ бойынша кенже қатған, тіл білімінің жас саласы деп есептеледі1.

Осы кезгс дейінгі біздсгі істеліп кете жатқан лексикографиялық зерттеу жұмыстарынын турлері жеке мақалалар мен шағын рецензиялар көлемінен жөнді аспай келеді. Қазіргі социалистік дәуірде лексикография әр латықтың күнделікті сөйлеу мәдениетін, оның қалыптаскан әдеби нормаларын жылмажыл жұртшылыққа насихаттап, білім берудің дагдылы бір формасына айналып отыр. Осымен байлянысты жұргшылықтың сөздікке деген талғам-тілегі күннен-күнге арта тусде.

Қазақ лексикографиясын будан әрі кемелдендіріп дамытуда тіл мамандарының атщнда мынадай келелі міндеттер түсуде.

— Қазақ халқыныц сөз байлығының бәрі бірдей олі күнге хатқа түсіп, жиналып біткен жок. Әсіресе түрлі кәсіп пен мамандыққа, әдет-гүрып пен салтқа, тұрмысқа қатысты байыріы халықтық сөздер сарқа жиналмай келеді. Тіл білімі институтынын картотека қорында (қазір бес миллиондай) қалып кеткен небір асыл сөз, қамтылмай қалған мағына, еленбей назардан тыс қалып отырған сөз қолданыстары мсн фразеологизмдер бар екендігі сөзсіз. Бұларды күнделікті баспасөзден жинап аламыз деп, кол қусырып отыруға болмайды. Байырғы ата-бабамыз қолданган сездерді көзін тауып, жинап алуға бәріміз де жаппай кірісуіміз керек. “Сөз байлығы елде, Кен байлығы жерде”,— деген дана халкымыз. Тілді жеке адамдар емес, жалпы қауым болып жасаған. Сондықтан қауым болып жасаған игілік байлыкты көпшілік болып жұмылып, жинасуға бір кісідей ат салысуымыз қажет. Әсіресе. оқытушылар мен студент жастар ел арасындағы ескі көз кәрі құлақ адамдармен көп сөйлесіп, қолына түскен сөз маржандарын сөздік жасаушыларға жеткізіп беруі керек. Ёндігі лексикографиялық жұмыстардың даму қарқыны жиналған матсриалдардың саны мен сапасына қатысты болмақ.

— Сауаттылық — тыңғылықты зерттеу жұмыстарының нәтижесі, биік мәдениет көрсеткіші. Жазуымызда бір ізділіктің сақталмай отыруы бұл салада зерттеу жұмысының жоқтығынан деуге болады Беделді орфографиялық ережелер жасап, “Орфографиялық сөздіктің” өңделіп толықтырылған, жетілген жаңа нұсқасын дүркін-дүркін шығарьш тұруға тиістіміз.

— Екі тілді аударма сөздіктер шығаруда, шынын айтсақ біз-қазақ тілі мамандары өз дәрежемізге лайық еңбек ете алмай, өзге республикалардағы әріптестерімізден қалып қойдық Осы мәселе жайында республикалық баспасөз беттерінде (“Соц. Қаз.”, 29 ноябрь 1972, “Каз. правда”, 7 январь 1975) орынды

А. М. Бабкин ІІо вопросам русской лексикологии и лексикографии “Лексиког- рафический сборник”, 1960, вып, IV. стр. 7.

144


сыидар айтылды. Содан бергі мерзімде де бұл жөнінде көзге көрінерлік мардымды жұмыстар істелген жоқ оді. Қазақстан Қомпартиясы Орталық Қомитетініқ бірінші секретары Г. В. Қолбин жолдастың республика журналистерінің VII съезіндегі сөй-леген сөздеріаде (1987) Қазақ ССР Ғылым академнясының Тіл білім институтының атына көптеген сындар айтылган болатын. Онда: “... Сонау 1946 жылы шығарылған екі томдық қазақ-орыс сөздігі жақсартылған нұсқада емес, қайта нашарланған нұсқада қайталанды, сол үшін әділетті сыналды. 1954 жылы шыққан казақ-орыс сөздігі библиографиялық сирек дүниеге айналды. Осындай сөздік жасау жұмысы 30 жылдай уақыт бойы жүргізілуде, ал оның қашан шығатыны белгісіз...” деген еді. Аталған сыннан кейін бұл салада қыруар жұмыстар шұғыл қолға алынды. Атап айтқанда: X. Махмудов пен Ғ. Мұсабаев 1954 жылы шығарған “Қазақша-орысша сөздік” сәл өңделіп қайта шықты, шағын орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер мен тілашарлар жарық көрді. Енді үлкен “Қазақша-орысша сөздікті” (көлемі 180 б. т ) шығару қолға алынып жатыр.

— Қөп томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігі негізінде бір томдық “Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін” шығару жұмысы қолға алынды. Ендіп мақсат осы игілікті істі аяқтап шығуда болып огыр.

— Әр кезеңде жарық көрген салалық терминологиялық сөздіктерді жинақтап, сұрыптап, Терминком қабылдаған соңгы материалдарымен толықтырып, үлкен “Қазақ тілініц терминоло-гнялық сөздігін” шыгаруды ойластыру қажет.

— “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” мен үлкен “Синонимдер сөздігін” шығаруды да жеделдеткен мақұл,



— Шыгып жатқан үлкенді-кішілі сөздіктерді жан-жақты зерттеп, олардан теорияльіқ қорытындылар шығару ең кезек күттірмейтін келелі мәселе. Бұл үшін ор түрлі тақырыптар белгілеп, южірибелі адамдарды гылымн жұмысқа тарту қажет. Лексикографиялық жұмыс — практикалық га, теорнялық та мәні зор, ауыр да абыройлы іс. Бұл салада істелуге тиісті жұмыстар әлі де ұшан-теңіз.

145

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет