М А 3 М Ұ Н Ы
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕҚСИКОЛОГИЯСЫНА КІРІСПЕ
Қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі
ЛЕКСИКА
I. Қазақ тілінің лексикалық системасындағы сөз
§ 1. Сөз және оның мағынасы
2. Қазақ сөздерінің лексикалық мағыналарының турлері
§ 3. Сөздің, көп мағыналығы (полисемия)
§ 4. Омонумдер
§ 5. Синонимдер
§ 6. Сөз парианттары
§ 7. Антонимдер
§ 8. Табу және эфемизмдер мен дисфемизмдер
II. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
§ 1. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы
§ 2. Түрік тілдеріне ортақ сөздер
§ 3 Сөздік құрамының толығу жолдары
§ 4. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы байланысы)
III. Қазіргі қазақ тілі лексикаеының стильдік мәні мер қолдану шеңбері
§ 1 Тілдік стиль туралы ұгым
§ 2. Казақ тілінің ауызекі және жазба формалары
§ 3.*Жаллылама лексика
§ 4.*Арнаулы сөздер
§ 5.*Кәсіби сөздер
§ 6. Бейнелі сөэдер
§ 7. Қөнерген сөздер
8. Неологизмдер
§ 9. Кітабы лексика
§ 10. Тұрмыстық сөздер
§ 11. Қарапайым сөздер
§ 12. Диалектизмдер
§ 13. Варваризмдер
§ 14. Казақ тіліндегі сөздерді әдеби тілге қатыстығына қарай топтастыру
IV.ФРАЗЕОЛОГИЯ
§ 1. Фразеологим және оның өзіндік белгілері
§ 2. Фразеологизмдердін түрлері
§ 3. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы
§ 4. Фразеологизм және ұйытқы сөздер
§ 5. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы
§ 6. Фразеологизмдердің көп мағыналығы
§ 7. Фразеологиялық синонимдер
§ 8. Фразеологиялық антонимдер
§ 9. Фразеологиялық варианттар
§ 10. Фразеологизмдердің шығу арналары
§ 11. Фразеологизмдердің сөздіктерде берілуі
V.ЛЕҚСИКОГРАФИЯ
1. Сөздіктің түрлері
2. Аударма сөздіктер
3. Терминологиялық сөздіктер
4. Орфографиялык, сөздіктер
5. Түсіндірме сөздіктер
6. Диалектологиялық сөздіктер
7. Синонимдік сөздіктер
8 Абай тілінің сөздігі
9. Этимологиялық сөздік
10. Фразеологиялық сөздік
11. Орфоэфиялық сөздіктер
12. Қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері
ҚАЗАҚТІЛІ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫНА КІРІСПЕ
ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫЙЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ОБЪЕҚТІС!
* Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздсрдің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тенсеретін ғылымды
бір сөзбен лексикология дсйді. Лсксикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.
Сөз байлыгы — лскснка қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады, Бұлар замаидар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексикаиы зерттеу сөздік құрамды. Тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдін, қаншалыкты дамып жетілгендігі/ сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады
Қазақ сөздері сан жагынан көп және сан салалы болғанымен, бұлардыц жасалуы мен шығу тегі, мағыналары мен қолданылуы, даму қарқыны белгілі бір заңдылықтарга бағынады. Қазақ тілі лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің осы заманы даму қалпын, олардың келіп шыққан арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердіц экспрессивті-стилистикалық мәнін, қолданылу аясын тексереді. Сөздсрд актив және пассив топтарын қарастырады.
Ана тіліміздегі сөз байлығының басынан кешкен ұзақ тарихы бар.
Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты заңдылықтарды тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологиянын бір саласы — этимология. Этимология сездердің шығу өркінін, олардың ең алгашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы қазақ халқы ерте заманда қандай халық-тармен канпіалықты қарьім--қатынаста болғандығын айқындауызға болады. Ана тілінің лекспкасының даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас тілдердің лексикасыи тарихи тұргыдан тексеріп салыстыра зерттегенде ғана дұрыс танып білуімізге болады. Сөздердің мағына жарынан дамуын семасиология тексереді,_ Семасиологияның мәнді қызметі эсіресе түспідірме сөздіктерді жаса- ғанда айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі, қосымша және туынды мағыналары тарихи даму турғысынан алып сараланады
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздер мен ғана емес, фразалық баламалармен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылыми сөз үгымымен үнемі үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін де төл объекті ретінд қоса қарастырьш келеді. '
Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтіи ономастика гылымы. Ономастика іштей антропонимика жәпе топонимика болып екі салаға жіктеледі. Антропонимика кісі аттарып (есімдерін) зерттеу объектісі етіп қараса, топонимика географиялық (жер-су атауларды жеке объскті етіп зерітейді.
Тілдсгі сөдердіц номинативтік қызметімеи қатар грамматикалық қызметі де бар. Тілдің тарихи дамуы барысында сөздердің бір жағынан бір-бірімен граммагикалану процесі журіп жатса, екінші жағынаи, сөз тіркестерініц бір бүтін лексикалық единицаға (сөзге ауысу) лексикалану процесі жүріп жататындығы белгілі. Бұл құбылыс эсіресе сөз тудыру тәсілдерінде айқын байқалады. Мысалы: таңға, күніге, қысына, жазға, айына бірде, жақында, басында, аяғында, акырында, аркасында, әзел де, күнде, бұрыннан, белшесінен, алшысынан, төтесінен, тұтқиылдан, басынан, жасынан, бірден, шөкесінен, атымен, басымен, шы- нымен, түнімен, бетімен, жайымен т. б. Бұлар — шығу төркіні жағынан о баста есім сөздерге септік жалғауы жалғануы арқылы жасалған туынды үстеулер. Бүгінде соңғы буындағы қосым шалар әбден кірігіп, жымдасып өзара бөліп алуга келмейтінде дәрежеге жеткен.
Қазақ тілінде жалгыз дыбыстан тұратын (а, е, э, о), я бол маса, бір әріппен берілегін (у, и, я) бірді-екілі сөздер бар. Сөздер әдетте бірнеше дыбыстардың тіркесінен құралады да белгіл бір мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамы ның зәредей өзгеруі олардын, мағыналарының азды-көпті өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, ал, әл, ол, өл, іл, ұл немесе аз, ақ. ал, аң, ас, ат, ау, аш деп белгілі бір дыбыстың өзгеруінен баска басқа сөз жасауга болатыпдығы өз-өзінен түсінікті болса керек.
Тілде белгілі бір дыбыс алмасып айтылғанымен еөздердіі сыртқы түр-түрпаты, мағынасы да оншалыкты өзгеріске үшы рамай, үнемі ұксасып келе беретін жагдайлары болады. Мыса лы: айғай-айқай, бау-бақ, сурау-сұрақ, шұқыр-шұңқыр, ауа-әуе бәйге-бәйгі, үлгіру-үлгеру, түтендеу-түгелдеу, жұдырық-жұмырық, жаңқа-жоңқа т. б. Дыбыс тіркестері — сөздіц сыртқы қабыгы, киімі, сөздің мағанасы — оныа мазмұны, үгымы болып есептелед
Тіл ғыльмының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралыгын (өзіндік қасиетін) сақтай отырып, өзара бір-бірімен байланысып отырады. Қазіргі казақ тілі фонетика, лексикология, йорфологня, синтаксис, стилистика, диалектология болып бір--неше салаға бөлінгенімен, осылардың барлығының да тексеретіні — сөз. Тілдегі сөздерді бұлардың әрқайсысы әр қырынан ілып қарастырады. Тілдің негізін жасайтын — оның грамматикалық кұрылысы мен негізгі сөздік қоры. Кез келген дыбыстардан әркім өз қалауынша сөз жасауға, грамматикалық тұлға жауға да жол жоқ, Лекснкалык элемент те, грамматикалық эле-мент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқьпы жасалады. Сондыктан да нактылы бір тіл ұрпақтан-ұрпаққа ескірмес мура болып мәнгі-баки сақтала береді. Алдыңғы толкын өздері біртіндеп өмірден көшкеніменен, олардың сөйлеген тілі бүгінгі ,-рпакка да соншалықты түсшікті болып түрады. Мәселен, кеменгер Абайдың тілін өткен ғасырдагы адамдар қалай түсінген бол-са, бүгінгі ұрпак. та дәл сол мәнінде мүлтіксіз ұға алады.
Ұлы ақынның; “Арттағыға сөзің мен ісің қалса, өлсең де, өлмегенмен боласыц тең”,— деуі тіл мен сөз сабақтас ұрпақтьщ Ігаркылмас казынасы скендігіы, оның құдіретті күшін айнытпай таніі білгендігін аңғартады.
I. ҚАЗАҚТІЛІҢІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ СИСТЕМАСЫНДАҒЫ СӨЗ
§ 1. СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАСЫ
Құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз соз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ ,Сондықтан Сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халык тарихы қоіам тарихымен тығыз байланысты. Адам баласы өзінің жаратылысынан белтілі қогамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруде де олар бірлесіп атқар/ан. Осындай бірлесіп атқарган еңбектің өзі адамзаттыі ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындагы сөздер халықтың басынан еткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өміріп, тұрмыс салтын, күнкөріс-тіршілігін, мәдени-рүхани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнепеп бере алады.^Сөз байлығынл,а біздің барлық білген біліміміз, ойымыз, идеямыэ, үғымьімьгз сақталған
Қазақ халқының да көне заманнан бері карай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздік құрамы бар, Бұлар халқ мыздын басынан кешлен бүкіл' өмірінің, шар^аишшіы мсн сібінің, материалдық байлні н мен рухани қазынасының нақ айнасы, куәсы,/Сөз байлығы ұрпақтан ұрпаққа өтіп, бірден-бірге жогалмай сақталып келеді.
I/Сөз — өте күрделі күбылыс. Тілдегі сөздср бір-бірінен дыбыстык ерекшелігі мен кұрылым--құрылысы жағынан гана емес білдірстін мағынасы жағынан ;дап қилы-қилы. Мәселсн, Дәурен сен ертеқ сағат онда үйге кел, екеуміз кешке дейін жұмыс істейк деген сөйлемдеп сездерді жске-жеке алып қарасақ, дыбысталуы жағынан да, морфологиялык түлғасы жағыііан да, мағынасы жағынан да керек ,десеңіз , сөйлемдегі атқарып тұрған қызметі мен орын тәртібі жағынан да түрлі-түрлі. Осындай сөздер сіз ешқандай ой құрауға болмас еді. Сол сиякты тілдің гра матикалық зандарыңсыз айтылататын ой түсініксіз әрі әрсіз болар еді. Сондықтан да бұларідың әркайсысына тән ерекшелі мен кызметі бар негізгі элементтер екендігін көрсміз ^Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен турады. Әрбір сөз — белгілі бір құбылыстың аты^Сол себептен, олардың әрқайсысына тән 'белгілі –мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен кұбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі, ретінде жүмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болып түрады. Белгілі бір үғым тілдегі сөздердің негізгінде туады жәнс сол арқылы тілде өмір сүреді. Сөз жеке нә рсені байқатады. Сонымен бірге жалпылық мәні де болады. В. И. Леннн: “Сезімдер реалдықты көрсетеді; ой мен сөз жалпыны көрсстеді”1 дейді. Жалкы деген мен жалпы деген үғым-ның өзі де кейде ажыратуға қиын тиеді^ Мәселен, мал, жылқы, ат деген сөздердің үғымы жалпыдан жалқыға карай нақтылана берсе, жалкыдан жалпыға қарай күнгірт тарта бастайды, Малға караганда жылқы, жылқыга қарағанда ат конкретті. Бірақ ен конкретті деген ат деген сөз де тек белгілі бІр атты емес, жалпы ат біткенді бІлдІреді Сол тәріздг адамзат, ұлт, халыц, тайпа, ру, ата, бала, әиел, еркек, үл, қыз деген сөздердің жалпылық қасиеті де өзара салыстырғанда түрліше болатындығын аңғару қиын емес. Жалпылық қасиет барлық сөздерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Біреуінде ашық, айқын, екіншісінде көмескі, күңгірт болып келеді. Зат есімдер бүкіл сөз табының ішіндегі логикалық ұғымы жағынан ең, айқын сөз табы десек, бұлардың натылығы да өзара салыстырғанда түрлі-түрлі. Ал сөздердің жал-пылығыпа кслсек, мәселе бұдан гөрі де қиындай береді. Зат есімнің ішіндеп ең нақтылысы жалқы есімдер десек, бұлардың өзінде де беігілі дәрежеде жалпылық сипаты болады. Кісі атында да азды көпті көпті жалпылык қасиет бар. Ахмет пен Иван деген--
дер жеке адамға меншіктеп берілген ат (өзгелерден даралап ажырату) үшін қойылған белгі) деп қарағанмен, осы есімдердің өзі өмірде біреу (жалкы) болмай, толып жатқан адамға ортак ат болып колданылады. Мәселен, 1964 жылғы есеп бойынша, Москва қаласының бір өзінде 90 мың Иваковтар (олардың ішін-де мыңы — Иван Иванович Ивановтар), 78 мың Кузнецовтар тұрады екен1.
Сонда тілдегі кісі аттарының өзі шартты түрде алыпған жалқы есім больш шыгады. Қарағай деген сөз барлық қарағай біткен біртектес ағашқа тән ортақ атау болса, Иван деген кісі аты бір каладағы 90 мың адамға қойылган ортақ есім. Айырмасы қарағаи дегендс белгілі ұғым (мағына) бар да, Иван дегенде ешкандай ұғым жоқ, жеке дара затты басқа заттардан айыру үшін қойылған бір белгі деп түсіну керек.
Етістікке тән сөздерің жалпылығына келсек, жалпы есімдердіц жалпылыгынан анағұрлым күрделірек, күштірек. Мәселен, адам баласының қоректік затын ас, тамақ десек, өзге жан-жану-
арлардьпң азығы жем, шөп, өлексе деп бір-бірінен ажыратылады. Ал етістікке келгенде барлық жан-жануарлар мен адамзатка бірдсй кою тамаққа жеу, сұйық тамаққа ішу деген екі-ақ түрлі сөз қолданылады. Олай болса, заттық үғымдағы сөздерден етістік ұғымды білдіретін сөздердің жалпылық қасиеті соншалықты күшті дегсн сөз. Өмірдегі заттар меи құбылыстар сөздер ар,;
1 ;В. И. Ленин Шығармалар толық жинағы, 29-том, 252-бет,
5 А. В. Суперанская. Қак вас зозут? Где вы живете? 1964, стр. 6—7.
қылы бейнеленіп, сөз мағыналары арқылы топшыланып бары ұғынылады. Бірақ құбылыстар мен заттар тілдегі сөздерге еіпбір тәуелсіз дербес өмір сүреді /Сөздердің белгілі мағынаны, ұгы ды жалпылап, топшылап барып ұғындыру қасиеті — оларды бойына біткен ең негізгі ерекшелігі.
Жаңа ұғым бұрыннан бар белгілі байланысы арқылы дамып, байырғы сөзге ұқсас жаңа сөздер жасалып отырады. Сөйтіп, қоғамдағы адамдардың колдануы мен түсінігі^ретінде бейнеленді. Сондықтан да сөздер бір тілде сөйлеуші адамдарды бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің дыбыстык комплексі бегілі бір құбылысқа немесе затқа атау ретінде бекітіледі. Дыбыстық комплекс пен оны көрсететін ұғымныц арасында органикалық байланыс болмағандықтан, белгілі бір зат әрбір тіл; әр түрлі атаумен аталуы осыдан. Дыбыстык комплекс пен өзі; белгілейтін ұғымның аралығында табиғи байланыс сакталған болса, онда дүние жүзіндегі халықтар тілінде бір сөз бір ғана дыбыстъіқ комплекске телінді болып бір ғана сөзбеи аталға] болар еді де тіл өзгешелігі мүлдем байқалмас та еді. Дүние жүзіндегі әрбір халык бас-басына өзді-өзінің сөздігін жасамай-ақ барлық тілге ортақ бір гана сөздікпсн қанағаттанар еді. Сонда сөздін лексикалык мағынасы деп, дыбыстық комплекспен өзі білдіретін зат пен құбылыстың аралық қарым-қатынасын, байла- нысын ұғынамыз1. Мәселен, су сұраған адамға су әпермей, басқа бір зат берсе, онда ол адамның су деген сөзді түсінбегендігі балар еді. “Кел” деп шақырганра бармай, кетіп калса бір-бірі ұғыныспағандығы. Бір тілдес гөйле^ші коллективтің белгілеуіме^ жүзеге асқан дыбыс комплексі мен акиқат өмірдегі құбылыгі тардын байланысын сөздің лсксикалық магынасы деу осыдан ю ліп шығады.
Сөз — заттың таңбасы дегенде аталатын сөз сол загтын ) кұбылыстың бір белгісіне ысгізделеді. Осыдан байырғы сөз ауыс^ палы мағынада қолданылып, жаңа ұғым т}дырады. Жаңа ұғы\ ның негізінде тчлде жаңа синоннмдік, омонимдік қатарлар паі да^болады. Жаңа ұғымға ат қою үшін, әдетте бұрыннан тілд өмір суріп келе жатқан сөздердің біреуін пайдаланамыз. Бірақ кез келген сөзді ала бермейміз, соның ішінде жана үғымға бел гілі_ қатысы барын таңдаймыз. Жаңа ұғым бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан сөздің сыртқы кабығын жамылып қана коймайды, белгілі мөлшерде сол сөздің мағыналық ұксастығынан да ауысады. Мәселен, тың деген сөз бұрын екі түрлі ұғымда а) ширак, пысық (әкей әлі тың дегенде), ә) соны, жаңа (тың жер, тың мәселе, тың тақырып дегенде) айтылып келсе, елуінші жылдардан бері қарай бұл сөз целина деген сөздің казақша; баламасы ретінде заттық ұғымда қолданылып жүр. Мысалы Тың жыртып трактор жүр даламызда, Жолдастық, достық заңы санамызда. (Ж- Молдағалиев)
.
'£. М. Галкина - Федарук, Қ. £. Горшкова, Н. М. Шанский, СовреченныйІ русский язык, лексңкология, фонетика, морфология, 1958, стр 16,
Целина дсгеп жана ұгымды басқадай сөзбсн атамай, тек тық еген сөзді балама етуіміз де кездейсок емес. Осы сөздің бұрыннан тілде бар мағыналарына негізделді. Бұрын бұл сөздің екі •үрлі үғымы болса, енді үшінші бір жаңа үғым қосылып, оның семантикалык шеңберін кенейтті.
В. И. Ленин “тілдегі ат кою қалай пайда болады?”— деген :ұрауға Фейербахтың “Лейбництің философиясы” деген кітабын зерттей отырып, табиғаттағы атаулардың шығуын былай түсіндіреді: “Сезімдік кабылдау предметті береді, парасат оған ^ат .қояды. Сезімдік кабылдауда жоқ нәрсе парасатта да жок, бір-ақ сезімдік қабылдауда шын бар нәрсе парасатта тек номинальдық түрде аты жағьінан ғана болады. Парасат дегеніміз жоғарғы тіршілік иссі, дүнпе әміршісі; бірак шындықта смсс, тек аты жағынан ғана. Ал аты дегеніміз не? Ерекше белгі, бірден көзге түсетін белгі, затты өзімнің түбегейлі түсінуім үшін затты сипаттайтын бұл белгіні мен заттың өкілі етемін”1.
Әрбір заттын өзшше бір касиеті, ерекше бір белгісі болады.
Сол ерекшеліктер затка ат қоюға негіз болады. Мәселен, биемшек, түйетабан, итмурын, түйеқус, қосаяқ, күнбағар тәріздіатаулар, сөз жоқ, үқсатудан пайда болған. Белгілі бір ұғымдыкейде әлденеше мәндес сөздермен де түрліше атай береміз. Мә-селен, бүлақ—бастау—көз—қайнар деп бір ұғымды төрт түрлі
сөзбен білдіреміз. Тереңірек үңіліп қарасақ, бір затқа тән әртүрлі касиет, белгі ұқсатудан жөке-жеке сөз болып бір үғымды білдіріп кеткен. Бұлақ деген сөздің аргы төркіні көзін жасқа бүлады дегендегі бұлау сөзімен түбірлес скендігін аңгарамыз.
Қөз жасқа бұлағанда тарам-тарам жас ағатындығын еске алсақ, бұл касиет бұлақтан да табылатындығы көзге елестейді.Бұл — бірінші үқсастық. Екінші ұқсастық — бұлақтың суы белгілі бір жерден басталып, жоғарыдан төмен карай ағады. Сонда
бастш/ деген сөз (бас-та-у) баста деген етістіктен шыққандығы белгілі. Үшінші ұқсык. — бұлақтың суы жер астынан көтерілгенде көзге үксап, дөңгеленіп, шымырлап жатады. Төртінші ұқсастық көз болып жер бетіне шыққан су қазанда қайнаған сұйқылтым затқа ұксайды. Осыдан қайнар деген сөз пайда бол-
ған. Бір ұғымның бойындағы осы төрт түрлі қасиет, ерекше белгі әр түрлі дыбысталып, бір мағынада жүмсалатын синоним сөздердің пайда болуына негіз болған. Егер осы үғымға (бүлаққа) тән осындай ерекше белгілер болмаса, онда тілде мұндай синонимдер де болмас еді. Әрине, осы төрт бірдей сөз бір жерде бір
уақытта шықты деуге келмейді. Әр қайсысы Қазақстанның әр жерінде басым болып айтылуына қарағанда, бұлардың әр біреуі әр жерден шыққан ба дсп жорамалдаймыз. Бұлар бір ғана заттың атауын білдіргенімен, олардын қолдану өрісі мен стильдік ренктері нақ бірдей еместігі байқалады.
Тілдегі синонимдер бір кезеңде де, әр кезеңде де туа береді. Мәселсн, жайлым — өріс, жазғытұрым — көктем, ау — тор, бө1
В- И. Ленин. Шығармалар толык жинағы, 29-том, 76-бет,
• гет_Ілгішек—оралғы—тоскауыл, тартыншактау — кейіншектеу, паракор — жемкор, дұрыс — жөн — тура — түзу^деген синонимдердің мынасы алдымен, анасы соңынан пайда болған де болмайды. Бәрі де бір кезеңде белгілі бір ұғымнын өмірде танылып білінуімен байлапысты қатар шыққан деп тұжырымдаймыз. Қейбір синонимдік қатардағы сөздердің біреулері ерте, қалғандары соңынаи шығуы мүмкін. Өйткені заттыц немесе кұблыстың бойындагы түрлі касиетті я белгіні адам_ баласы бір зетте бәрін бірдей еркін танып үлгірмейді. Бірте-бірте біл адамзат жалпы дүние танудағы ой-санасын кемелдендіре береді, жетілдіре түседі. Мәселен, жұп пен қос деген сөздер бұрынан тілімізде өмір сүріп келді. Соның нәтижегінде қос дегеннен сақ, (косағынмен коса ағар) сөзі шығып, ерлі-зайыпты адамдардың жубын, бір сыңарьы білдіреді. Октябрь революциясын бергі кезеңде жүп дегеннен жүбай деген сөзді жасап алдык қосақ сөзінін синонимі етіп, біреуін әдеби нұска (жұбай), еи ші сыңарын (қосақ) сөйлеу тілде колданатын болдык. Демек, қосақ сөзі бұрын шыкты да, оның синонимдік сыңары кейінгі кезенде жасалды. Олай болса, сөздер (оның ішінде синонимде кездейсоқ тумайды, өмірге қажеттілігінен бірі ілгері, екінш: кеиінірек шығады.
Сөз болған жерде үғым бар. Ұғым бар жерде мағына бар Ұғым мағынамен ұштасып, ойлаумен қабысып, өзара тығыз баланысып отырады. Ойлау мен сөзді бір-бірінен бөліп алуға келмейді. Екеуін нақ бірдей тепе-тең деп санау да ағаттык. Ойлау да, ұғым да сөз аркылы көрінеді." Бір сөзден де, көп сөзден бір үғым жасалады. Бір сөз бірнеше ұғымды да білдіреді. Сөз бен ұғымның бірдей еместігін көп магыналы сөздер мен синснимдер арқылы білуге болады. Синонимдер бірнеше сөздер ар кылы бір ұгымды біллірсе,көп мағыналы сөздср бір сөзбсн бірнеше үғымды көрсетеді. Мағына — ұғымның айкындальш қалыптасқан формасы, Ұғым — дүние жүзінде қанша халык, каншма тіл болса. соның бәріне ортақ, нақ бірдей. Қазақ халкы ай күн, жер, ыстық, суық, су, сүт, ет, нан, үй, орман, адам, мал,. киім', ішу, жеу, ^семіру дегендерді қалай түсінсе, өзге халыкта да дәт солай айнақатесіз түсінеді деп ссептеу керек. Ал сөзді; мағынсына келгендс қазақ тіліндегі сөздердің магынасъпмен, өзге тілдердегі сөздердің мағынасы дәл бірдей болуы мүмкіі емес. Құрылысы өзге тілдер түгілі бір системадағы туыс тілдердің сөздері де бірімсн бірі кейде ұқсасқанымен, көбіне үйлеспей жататындығы сөзсіз.
Туыстас тілдердсгі сөздер бір-бірінсн дыбыстык, комплсксі жағынан ұқсастау болып кеелгенімен, мағына жағынан алшақ-алшақ болуы ғажап емес. Мәселен, казақ тіліндегі жел мен самалды алайык, алғашкысын күшті сокқан түрі, соңгысы жаңға жайлы женіл түрі деп ұксақ, кырғыздар керісінше түсінеді. Яғни шамал дсп олар күштісін, жел деп жұмсақ жеңіл түрін айтады1. Қазактар малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші, жалшы дегепді ұғады. Ал башкұрт псн татар тілдерінде малай дегенг сөз бала деген ұгымды білдіреді-2. Қазак тілінде әжетәуір тәпі-тәуір, әп-әдемі, жап-жақсы деген жагымды мағынада жұмсалса, карақалпақ тілінде әжеп-тэуир оташ, сөкет, ерсі деген жагымсыз мағынада қолданылады3.
Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, өзі ндік бояуы, өзіндік мәні, өзіндік сипаты болады4, Ал ұғым ойлау категориясы болғандыктан, онда эмоциялық бояу болуы мүмкін емес. Мәселен, түз деген сөзді орыстар соль, тұздықты — соус дейді. Бұл ұгым скі халыкка бірдей. Бірақ мағыналық жағынан дамуында екі тілдс өзгешелік бар. Соль – деген сөздің орыс тілінде бірнеше ауыс мағынасы бар, оның есесіне соус деген сөз ешқанданай ауыс мағынада айтылмайды. Ал қазақ тіліпде, керісінше. Тұз дегсн сөзде ауыс мағынада азырақ та, түздык, сөзінде көбірек қолданылатындыгын байқаймыз. Мысалы: Кешпен отырып Аян “романга” кірісті... жиналған барлық ой-сезім тұздыкарын қалам аркылы кағазға төкті (С.Сейфуллин . Оны мақаланың тұздыгы Айшанын сөздері. Оны тастап кетсек қиянат болады (Т. Т,Ахтанов).
Тұз бен түздықтың үғымы екі халыкка бірдей болғанымен, орыс тілінде соль (тұз), қазак тілінде тұздың (соус) эмоциялык мән алған. Екі халыкта екі сөз екі түрлі жолмен дамыған. Сол сиякты қазактың күшік деген сөзі орыстың щенок деген сөзімен ұғымы дәл кследі. Алайда бұл сөздін ауыс мағынасы қазак тілінде соншалықты бай, орыс тілінде кедейлеу болып қалыптасқан. Орыс тілінде щенок деген сөздің ауыс мағынасы тәжірибесіз жас адамды кеміту, мұкату ретінде ғана айтылса, қазақ тілінде көбінесе күшік деген сөз жас баланы өте-мөте жаксы көр-гендіктен, сүйсінгендіктен, еркелету ретінде айтылады. Мысалы: Артымда үш-төрт күшік. калып едің, Баламның сенен басқа бәрі де арам (“Айтыс”). Сонымен қатар күішгінен бірге өскен, күшігінен қосылған, үй күшік, күшік күйеу деген /жагымды-жағымсыз фразалық тіркестср де кездеседі. Мұнын өзінен сөзді қолданудағы біздің халкымыздың өзіндік ерекшелігі мен ұлттык бояуын көруге болады. Күшік деген созге соншалықты терен мән беріп, семантикалық жағынан жан-жақты дамығандығын байқаймыз.
Сөз біткеннің бәрінде де белгілі мағына болады. Бірақ кез келген сөзде ұгым бола бермейді. Мәселен, одагай, есімдік, шы-лау сияқты сөз тәбынан болі ап сөздер ешкандәи ұғымды біл-діре алмайды. Мысалы: Шіркш, Танабай үйініқ қазысы мен кар-тасы, сары қымызы еске -түсті-ау/ (С. Сейфуллин). Осындағы шіркін, мен, ау дсген сөздердің сөйлемде әр түрлі мағынасы бол-
! К. Д Юдахин Киргизско-русскии словарь, 1965, стр 214 и 900
2 Башкнрско-русскии словарь, 1958, стр 376.
4 Каракалпакско-русский словарь, 1958, стр 70.
4 Қеңесбаев, Ғ. Мүсабаев Қазіргі қазақ тілі, лексика, фонетика, 1962^, 15
-|
ғанымен, бұлардың еш біреуі де үғымды білдіре алмайды. Ұғы нан сөз мағына-сылың тағы бір өзгсшслігі сөз мағанасында адамның жагымды-жағымсыз көз-қарасын, көніл күйін білдіріп,сезімгс әсср етерлік бояуы болады. Мысалы: Тәй-тәй-тәй, Қаз- каз-қаз... Қарагым... апыл-тапыл басканға мәз (Б. Мяйлин).Туу , Мынаның бәрі, іркілдоген ісі^ сксн гой. Алда үйің күйгір-ай! Туу !Ойбай-ай (I. Жансүгіров). Осындағы тәй-тәй, қаз-қаз, қарағым, туу, ай, ойбай тәрізді сөздер қалыптаскан арнаулы мағыналарының үстіне адамның куанышы, сүйініші, күйінішті таңырқау таң қалу сезімдсрін білдіріп, сан алуан эмоциялык әсср етіп тұр. Бұған қарағанда сөз мағынлсы ойды ғана білдірмейді, сонымен бірге сезім мсн ерікті билеу үшін дс жұмсалатындығьі анғарамыз. Мұндаи касиет ұғымда мүлдсм кездеспейді. Ұғы барлық халықта бірдей, ал онын магына аркылы көрінісі әр тілде әркалай болады. Ұгым дара сөзбсн де, бірнеше сөздердің тіркесімсн дс белгілснеді. Мәселен, қашык,, алыс, шалғай дегси жеке сөзбен берілетін үғымды күлақ естімес, көз көрмес жер деуге де болады. Жеңілді, күйреді, деудің орнына күлі көкке ұшты аяғы аспаннан келді, жермен жексен болды, тас талқаны шықты, тамырына балта шабылды деген идиомдармен де білдіреміз, Мұның өзі ұғым мсн сөз мағынасының нақ бірдей еместігін көрсетеді.
Тіл біліміндс ұғымнан сөзді және оның магынасын ажырататын басты белгілер деп мынадай ерекшеліктерді көрсетеді1.
1. Сөз біткеннің бәрінде белгілі бір дыбыстық құрылымының| бірлігі болады. Бұл бірлік кездейсоқ түрде емес, тілдің фонетикалық заңдарына орайласып' жасалады. Тілдің дыбыстық жағы оның материалдық жамылышын,оның физикалық формасын құрайды: Қазақ тілідегі сөздердің дыбыстық құрылымның бірлігі туралы заңдылық қазақ тілінің фонетикасы үйретеді:Тілдегі екпін ұғымы да сөздің фонетикалық белгісіне жатады: Қазақ тілдегі атауыш сөздер,яғни есімдер мен етістіктердің қалыпты екені бар: Көмекші сөздердегі екпінің дербестігі жоқ сол атауыш сөздердің біреуінің ықпалында болады Әрбір тілдегі дыбыстар сөз жасаудағы негізгі элемент қана емес,бір сөзді екінші сөзден бір тілді екінші тілден ажырату үшін үлкен қызмет атқарады: Бұлар белгілі заңдылықпен үнемі дамып отырады Қазақ тілінің дамуы процесі халқымыздың басынан кешкен тарихи кезеңдермен байланысты:
2. Белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігіне ие болған сөздердің бәрі де белгілі бір мағанасын білдіреді:Фонема мен сөздің айырмашылығы сөзде белгілі мағана болады,ал фонемада еш магына жоқ, тек'сөз құрамында мағына ажырату ролі бар.
3. Әрбір сөз сол тілдің граматикалық заңдарына бүтіндей бағынып, соған тән тұлғаларға ие болып солардың түр-тұрпатының біреуінде ғана көріне алады:Сондықтан да сөз грамма-
Аханов. Тіл білімініц негіздері, 1973, 113-
тикалық жағын біртұтас тұлғаланған единица деп есептеледі:Бұл жағынан сөз бен сөз тіркестерінің түбірлі айырмасы бар. Еркін сөз тіркесі де, тұрақты сөз тіркестср де біртұтас грам-атикалық тұлғаланған единица деп қаралмайды.
4. Дербес сөз болу үшін оның құрылым құрылысына ешбір өзеріс ендіруге, басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы қажет. Яғни сөздің кұрылымдық тұйықтығы тұтас сақталуы керек. Меселен, базар, базарлық, қазан, қазандық, құлақ, құлақшын, көз, көзілдірік, табан, табандау, табалдырық тәрізді сөздсрдің құрылымына басқаша бір дыбыс-
қосылса, онда бұл сөздердіц дыбыстық қүрылымының бірлігіне нүқсан келіп, сөз үғымын өзгертіп жіберуі сөзсіз. Сөздің мағыналық бөлшектерінің аралығына бас артық ешбір дыбыс, ешбір сөз енбеуге тиіс. Еркін сөз тіркестерінде мұндай принцип сақталмайды. Мысалы: колхоз — колхоз мүшесі, колхоздың озат мүшесі, колхоздың озат қарт мүшесі,ат — жүйрік ат, жүйрік торы ат т. б.
5. Морфема және сөз тіркссі мен сөйлсмнен сөздің енді бір өзгешелігі сөз белгілі бір сөз табына телінді болады. Беліілі бір сөз табына жатпайтын ерекше сөз тілде өмір сүрмейді. Лекикалық-грамматикалық жагыпан белгілі сөз табына катысты болуы сөздің табиғатына біткен негізгі белгісінід бірі деп есеп-еледі.
Мысалы: бала, жастық, жауынгершілік, отан, жемшөп, балмұздақ — зат есімдер; өткір, жас, қуатты, жасыл, алғыр, қырағы, көреген — сын есімдер; үш, жеті, қырык,, тоқсан, миллион, үз; мың сан — ссімдер; біз, сол, қалай, қашан, барша, мынау, әлдекім — есімдіктер; жазу, жаю, беру, орындау, бастау, оқнақтау, іркілу, тиісу — етістіктер; алға, ауызша, түнеугүні, баста, әсте, қазір, әлгінде, турасынан, біржола — үстеулер; туралы, соң, қаралы, қалайда, немесе, құй, тұрмак, тарта — шылаулар.
6. Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйіндегі тұтас дүние ретінде пайдаланады. Еркін сөз тіркесі мен сөйлем 'нақ сөйлеу үстінде құрастырылады. Ал сөз, керісінше, тілде бұрыннан бар даяр қалпында сөйлем мен еркін сөз тіркесінің құрамына кіреді. Сөздің даяр тұрған түтас единица ретінде жұмсалу қасиеті идиом мен фразага жақындасады. Алайда сөз бен фразеологиялық оралымдар дәл бірдей болмайтындығы, өзі-өзі-нен түсінікті болса керек.
Сөздің тілдік табиғатына тән айырым-белгілер мен оны тіл-дегі өзге единицалардан ажырататын белгілер осы айтылған-дармең шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |