М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика



бет11/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#5668
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
§ 3. ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Белгілі бір тілдегі ғылымы мен техника саласындары арнаулы атаулар сөздігін терминологиялыщ сөздік деп атайды. Бұлар бәрі топталып бір сөздік түрінде де, әр ғылым саласының терминдері бойынша жеке-жеке кітап болып та шыға береді. Мәселен,

125

“Атаулар сөздігі” деген атпен 1931 жылы, “Қазақ тілшің тер-миндсрі” 1936 жылы, “Терминология сөздігі” деген атпен 1948 жоне 1950 жылдары екі кітап болып басылып шықты. Мұнда революциядан бергі кезеңде тілімізге енген термин сөздерді барынша жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделді.



Елуінші жылдардан бергі кезеңде экономика мен мәдениет-тің, техника мен гылымның шарықтап, кең қанат жайып дамуымен байланысты, орыс және интернациональдық терминдердің ссебінен, сонымен қатар өз ана тіліміздің жаңа сөз жасаудағы қабілеттілігі арқасында да, қазақ тілінің сөздік құрамы барынша байыды. Ендігі жерде әрбір ғылым саласының терминдерін әрқайсысын өз алдына жеке кітап етіп басып шығару мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Осындай ұлы мақсаттың жаршысы ретінде 1952 жылы (1955 жылы екінші рет) С. Арзымбе-товтың “Орысша-қазақша ауыл шаріуашылық терминдерінін, сөздігі” жарық көрді. Содан бергі кезеңде ғылымның өзге салаларының терминдері де кезекпе-кезек басылып шыға бастады. Қазір елуден астам осындай үлкенді-кішілі терминологиялық сөздіктер жарық көріп отыр. Бұған мынадай ғылыми терминдер ендірілген: лингвистикалық терминдер, әдебиет тану терминдері, музыкалық сөздік, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық, география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт, физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, теміржол қатынасы, биология, географиялық атаулар, химия, археология, механизм мен машиналардың терминдері, мал дәрігерлік терминдер, әлеуметтік-экономикалық терминдер, экономика термин-дері, анатомиялық терминдер, өсімдіктер фразеологиясы мен био-химиясы терминдері, қоғамдық-саяси терминдер, т. б.

Қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға республикамыздағы ең таңдаулы, өз ісіне жетік деген маман кадрлар қатыстырылды. Алайда жарық көрген ірілі-ұсақты терминологиялық сөздіктерде ана тілінің өзіне тән сөз тудыру тәсілдерін әрдайым сарқа пайдаланып келе жатыр деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Аудармашылар кей жағдайларда буквализмге бой ұрып журсе, енді бір реттерде трафаретке түсіп алғандығы жиі байқалады. Аудармашылар екі тілдің әрқайсысына тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді мұқият тексеріп, осыған дейінгі орын алып келген олқылықтар мен ала-құлалықтардан арылу жолын іздестіруде. Бұл салада олардың қол жеткен табыстары да аз емес.

§ 4. ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Орфография (емле) бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат — ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін орфографиялық ережелер де жалпыға бірде олай, бірде былай екі түрлі

126

жазылып жүруінеп көп зиян келеді. Сондықтан смле ережелсрді түрақтандыру-сауатты жазудық бірден-бір кепілі деп танылады. Қазақ тілінің орфографиялық срежслсрі рсволюциядан бсргі кезеңде туып қалыптасты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде әр кезде ірілі-уақты “орфографиялық сөздіктер” жарық көріп огырды. Алгашқы сөадіктер негізінен мектеп көлсмінен аса алмады. Соңғы рет Қазақ ССР Жоғаргы Советінің Прсзндиумы 1957 жылғы 5 июньдс “Қазақ тілі орфографиясыньщ негізгі ережелерін” бекітті. Осыныц нсгізінде 1963 /кылы үлкен “Қазақ тіліиін. орфографиялық сөздігі” жарық көрді. Бұл сөздікте сөздердің жазылуы морфографиялық және фонетикалық деп аталатын скі түрлі принципке негізделді. Сөздіктің соңында қосымша ретінде кісі аттары мсн жер-су атаулары да ендірілді. Бұлардың берілуіндсгі мақсат есім мсн атауларды жазуда да бір ізділік сақтау сді.



Бұл сөздікті 1978 жылы сәл өңдеп екінші рет басып шығарды. Содан бергі өмір талабы мұны да місе тұтпай, ескірте бастады. Тіл білімі институты қазіргі кезде жаңа сөздікті баспаға дайындау әзірлігінде. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты мен Қазақ ССР Оқу министрлігі 1957 жылдан қолданылып келе жатқан орфографиялық ережелерге біраз толықтырулар мен түзетулер енгізіп, Қазақ емле ережелерінің жаңа редакциясын ұсынған еді. Оны Қазақ ССР Жоғарғы Со-ветінің Президиумы 1983 жылдың 25 авгусындағы Указымен бекітіп берді. Емле ережелері кодексі жазу мәдениетімізді әрі қарай жетілдіріп, жазуымыздың сауаттылығын недәуір арттыра түоетіндігі сөзсіз.

Орфографиялық сөздік — тіл мәдениеттілігінің басты бір белгісі деп қарасақ, мұны тек сөздерді белгілі ережелерге сай үйлестіріп, сауатты жазумен ғана шектеуге болмайды. Ең алдымен, бұл сөздік ана тілінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, әсі-ресе оның өзіне ғана тән бейнелі сөздерін (қос сөздер мен күрделі сөздерін) барынша камтып, көрсегуге тиісті. Тілдегі сөз байлығының қыр-сырын жан-жақты ашып беретін бірден-бір көрсеткіш — қолдан түспес сөздік құралын шығару екендігі ескерілуі керек. Сонымен қатар бұл құралмен алты жасар баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шұғылданатын ұмытпау керек. Сондықтан орфографиялық сөздіктің құрылым-құрылысына үлкен мән беріп, оны әлі де жетілдіре түсу шараларын шұғыл қолға алу қажет. Қазіргі орын алып, отырған сөздіктердің құрылым-құрылысындағы елеулі ала-құлалықтарды түгелдей жойып, сапасын неғұрлым арттыра түсуді ойластырмасқа болмайды. 1960 жылы Г. Жаркешеваның “Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі” басылып шықты. Бұл еңбектің кіріспе бөлімінде бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздердің емле ережелері берілген. Қейбір кіріккен сөздердің түп-төркіні ашылған. Мұнда 5000-ға жуық біріккен және күрделі сөздердің тізімі көрсетілген. Тізімнің ішінде қазақтың

127

Төл сөздерімен қатар авиабаза, автоқалам, автомашина, автошана, агротехника тәрізді терминдер де қамтылған. Сонымен бірге екі сөзден құралған кейбір ән аттары (Ақ бақай, Ақ бидай, Ақдарига, Ақерке, Ақ қайың т. б.) да алынған. Азын-аулақ болса да ойын аттары (алтын сақа, әңгір таяқ, балтам тап т. б.), күй аты (Аксақ киік, Боз шолақ, Сары арқа, Көкей кесті т. б.) берілген. Р. Сыздықованың “Қазақ орфографиясы меь пунктуациясы жайында анықтағышы” 1960 және 1974 жылдары екі рет басылды. Бұл енбектің баспа қызметкерлері мен мұғалімдер үшін елеулі мәні болды. Демек, қазақ тіл мамандары орфографиялық сөздіктер шығарудан кенде емес. Алайда, мәселе сөздіктің санында емес; сапасында деп білсек, бүл салада істелуге тиісті қыруар жұмыстар бар екендігін авторлар коллективі әрдайым ұмытпағанын қалар едік.



§ 5. ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКТЕР

Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты бір тілде, белгілі дәуірде, жалпы халықтық сипат алған сөздерге мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жағынан сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму сатысындағы сөздік құрамыньщ сан мөл-шерін біршама анықтау. Солардың мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету міндеті жүктеледі. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуы нормаларының еқ дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік руді қарастырады. Сондықтан түсіндірме сөздік кейде нормативті сөздік деп те аталады. Нормативті түсіндірме сөздік бір томдық және көп томдық болып та, жасала береді. Қөлемнін, үлкендігіне қарай көп томдық түсіндірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп те айтады. Орыс тілінде үш түрлі (17 том үлкен сөз-дік, төрт том орташа сөздік, бір том кіші сөздік) түсіндірме сөздік басылып шықты. Академик В. В. Виноградов: “Ұлт тілі-нің түсіндірме сөздіктері сөйлеу мәдениетінің ең күшті құралы ғана ^емес, сонымен бірге сол мәдениетінің жемісі”— деп бағалайды1. В. И. Ленин орыс әдеби тілінің жақа түсіндірме сөзді-гін^жасаудың соншалықты қажет екендігін айтып, оны жеделдетіп шыгаруға үлкен күш жұмсап, әкелік қамқорлық көрсеткен болатын. Демек, әрбір тілдің түсіндірме сөздігі әсіресе ғылым мен техниканың кемелденіп жетілген кезінде соншалықты қажет екендігін аңғарамыз. Бұл кезеңде бүкіл баспасөз, мектеп, радио, телевизияның барлығы да жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істеуді талап етеді. Қазіргі біздің еліміздегі әрбір ұлт республикалдры өз ана тілінің түсіндірме сөздігін жасауға жаппай_кірісті деуге_ болады. Бұл салада қазақ тіл мамандары да жемісті еңбек етіп келеді. “Қазақ тілінін, түсіндірме сөздігі” ең алғаш рет екі том болып, 1959 және 1961 жылдары ба-сылып шықты. Содан бері жұртшылықтың күнделікті кәдесіне



1 В. В. Виноградов Теория и практика русской лексикографии, “Вопросы языкознания”, № 6, 1956, 80-бет.

128


жарап, азды-көпті мәнді қызмет атқаруда. Бұған небары жиырма мыңдай рана ең жиі қолданылатын сөздер енген еді. Содан бергі өмір талабы бұл сөздікті місе тұтпай, толықтырып, жанартып қайта жасауды талап етті. Қай елдін, даму тарихын алып қарасақ та, әдеби тілдің нормативті сөздігі бір мәртебе емес, әлденеше рет жасалған. Олар бірден-бірге кемелденіп толығады, сараланып өңделеді. Ешбір елде жүйелі толық сөздік бірден жасалмаған. Қазақ ССР Ғыльш академиясының Тіл білімі институты 1967 жылдан бастап “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін” көп (он том) етіп шығару жұмысына бел шешіп, қайыра кіріскен еді. “Сабақты ине сәтімен” дегендейін, сол игілікті еңбекті шығару 1974 жылы басталып, соңғы томы (10-том) 1986 жылы басылып шықты. Бұл сөздіктің алға қойған мақсаты қазақ тілінің сөз қорындағы сөздерді мүмкін болғанынша түгел қамтып, хатқа түсіру, есебін алу, Тіліміздегі сөздердін, мән-мағыналарын дәл анықтай отырып, олардын, әдеби нормаларын белгілеу. Реестерге алынған сөздерге қай сөз табына қатысты екендігін көрсететін грамматикалық белгілер қойылған. Сөздікте сөздердіқ қолдану аясы мен шегін, тарихи және территориялық таралу әдісін, сондай-ақ, змоциялы-экспрессивті ренін сипаттайтын да белгілер көрсетілген. Стильдік белгілер негізінен мынадай төрт топқа жіктеледі, 1. Әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылуы шегін көрсететін белгілер: қарапайым сөз (қарап.), түр-пайы сөз (тұрп.), сөйлеу тіліне тән сөз (сөйл.), диалектілік лексика (диал.)- 2. Әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана жұмса-латынын көрсететін стильдік белгілер: кәсіби лексика (кәсіб.), кітаби лексика (кітап.), Діни сөз (діни), мифологиялық сөз (миф.), көнерген сөз (көне.), тарихи сөз (тар.), жаңа сөз (жа ңа), поэтикалық сөз (поэт.) т. б. 3. Ғылымның белгілі бір сала сында гана арнайы жұмсалатындығын көрсететін белгілер: биология (биол.), химия (хим.), музыка (муз.), медицина (мед.), спорт (спорт), авиация (авиац.), т. б. 4. Сөздердің әр түрлі стильдік бояуыи көрсететін белгілер: экспрессивті (экспр.), эмо-ционалды сөз (эмоц.), сыпайы сөз (сып.), т. б. Сонымен бірге сэздікте азын-аулақ болса да қай сөз қай тілден келгендігін көрсететін этимологиялық белгілер де қойылггн. Мысалы: араб сезі (ар.). иран (парсы) сөзі (ир.) монғол сөзі (монғ.), орыс сөзі (ор.) т. б.

Аталған неше алуан белгілер (пометы) бұрынды-соңды шық-қак турік халықтары сөздіктерінің бәрінен де өте-мөте бай екендігін ескерсск, бұл сездіктін, багасы мен құнын біршама артты-ра түспек. Әрбір сөздің мағыналарына қысқа түрде тұжырым-ды анықтама беруге тырысқан. Сөздің негізгі заттық мағынасы алдымен беріледі де, онан соң қосымша және ауыспалы мағыкалары келтіріледі. Сөз мағыналарының бәрі де белгілі цитаталармен документацияланып, келтірілген мысалдар кімнеп және онын қаіі шығармасынан алкнғандыгы автордьщ фамилиялары, кейде өз есімі (Абай, Жамбыл, Махамбет т. б.) арқылы көрсе-тілген. Реестр сөздің анықтамасы, оған берілген грамматика-

129

лық, шығу төркіні (қай тілдің сөзі екендігі) мен қай стильге жағатындығы туралы белгілер, бұларға келтірілген түрлі мысалдар, бір сөзбен айтқанда, сөздік мақала деп аталады. Әрбір сөздің. марынасы мен реңкін айқындауға берілген нақтылш мысал-дар, келтірілген иллюстрациялық материалдар сөздің қолдану аясын, стильдік мәнін мүмкіндігінше толық және айқын етіп дәлелдеуді көздейді. Сол себептен олар атау сөзге қойылған грамматикалық, стильдік белгілерге сай, сөздің табиғатын, сипатын жан-жақты түсіндіріп, аиық ашып береті“дей болуы және мазмұны жағынан ұстамды да тұжырымды болып келуі қадағаланады.



Фразеологиялар сөздікте сөз мағыналары талданган соң, қойылған мынадай белгі-ден кейін келеді. Бұл белгі бір-ақ рет қойылады. Сөздің әр мағынасын ашу үшін 3—4 мысал, ал фразеологияға 2—3 мысал алу жеткілікті деп есептеледі. Келтірілген цитаттар мүмкін болғанынша әр авторды және әр дәуір мен түрлі жанрларды қамтитындай болуы жағы көзделеді. Цитат табылмаған кейбір сөздерге ойдан мысал алынып, соңынан жақшаның ішіне (Аүызекі тіл) деген белгі қойылады.

Он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” 70 мыңдай реестр сөз, 20 мыңдай күрделі сөздер мен фразеологизмдер қамтылды. Аталған сөздіктің көп том болып басылып шығуы тек — қазақ елінің тарихында ғана емес, бүкіл түркі тілдес халық-тардың тарихында да бұрын-соңды болмаған айтулы оқиға. Бұл жайында оқушы қауымның көптеген бағалы пікірлері бар. Мәселен, М. Әлімбаев өзінің “Көңіл күнделігінен” деген мақаласында- “. бұл сияқты қомақты ғылыми көрнекті еңбек — Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының өзі-өз болғалы шығарған шын мағынасындағы шынайы халық кітабы. Бұл көптің еңбегі — өлмейтін еңбек, жоғалмайтын қазына. Қалам устаған казақтың бірі болғандықтан ғана емес, тіпті тілге, тіл білімше он қайнаса сорпасы қосылмас қаймана қазақ болған күннің өзінде де мен осы сөздікті іздсп тауып окыр едім, күнделікті құралыма айналдырып, стол үстінен түсірмес едім”,— деп жаоған еді. Онан кейіи ол тағы да озшін “Іздеген інжу табар” деген мақаласында алдыңғы айтқан пікірін одан әрі жалғастырып “Қазак тілінің көп томды басылымы — бүкіл халықтың ғасыртар бойғы сары алтындай сақталған төл казынасы, ортаймай, толыса беретін рухани дәулеті”,— деп қайталады. Бізше, бұл берілген баға жалғыз бір кісінің пікірі емес, бүкіл қалың жұртшылықтьщ ізгі ойы деп түсінген жөн.

§ 6. ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті еоекшеліктер бар Бүлардың көпшілігі фонетика мен граммйтикадан гөрі лексика саласында жиірек үшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, -етістік, сын есімдер) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында

130

олар соншалықты кап емес деуімізге болады. Ауызекі тілдегі сөз аиырмашылық-тарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспедициялық материалдардың негізінде Ж. Досқараевтың “Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері” атты түңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: “Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету” (3-бет) еді. Кітапқа қазақ тілінің 1521 жер-гілікті ерекшеліктері ендірілпен. Сөздікте әр сөздің мағынасы бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрінде түсіндіріліп, тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай, әрбір жергілікті диалектизм өзге түрік тілдеріндегі, атап айтқанда, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және монғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсегілуі еңбектің ғылыми құндылығын недәуір арттыра түскен. Қітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала қүшақтау, бірі шек болу, еркектеп кету, орам болу, сұрам беру, |жоқ ету, қайырма беріс, т. б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз сөздікке еніп •кеткендігі байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бей-|бас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, жер шыгып ету, жылым, зығыр, кездік, кесел, мауыздау, миластыру, семіру, т. б.



Жеке сөздердің шығу төркінің (этимологиясын) әртүрлі жол-мен анықтап, оларды документациялауда бір ізділік жөнді сақталмаған: бірі толық, енді бірі өте қысқа түсіндірілген.

“Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” екінші рет про-фессор С Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000-нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тілі мамандарының әр жылдардағы жазып алған экспедициялық материалдарын молынан пайдалана отырып, сонымен қоса аудандық және облыс-тық газеттерден, халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын-жазушылар-дыц шығармаларынан бай материалдар жинап, солардың негізінде жазғандығы бай-қалады. Мұнда әрбір реестрге алынған сөзге екі тілде (қазақіна-орысша) толық түсінік беріліп отырылган. Мүмкіндігіне қарай алынған диалектілік сөз Қазақстан-ның қай жерінде кездесетіндігі және қандай әдебиеттен алынғандығы көрсетілген. С. Аман-

131

жоловтың бұл еңбегін тұнғыш рет жазылған екі тілді (аударма) диалектологиялық сөздік деп те атауға болады.



Ж. Досқараев пен С. Аманжоловтардың сөздіктерінің біреуінде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда қайталаған сөздерге берілген түсінік көп ретте бірін-бірі толықтырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратындығы аңғарылады. Мәселен, албар деген сөзге Досқараевтың сөздігінде қора (ашық қора) деп түсіндірілсе, Аманжоловтың сөздігінде ат қора (конюшня) делінген. Аяқкиіз — іргелік киіз, үйдің іргесіне үстайтын, ішіне төсейтін киіз (Д.); тус- [•. киіз (А.)1- Зерен — зерлі аяқ (Д.); көздей, тостағанның ең кішкенесі (А.). Сарамдасу — танысу, білісу, жөн сұрасу (Д.); шурқырасу (А.) Сүгіт — сөгіс, үрыс/сөгу, үрысу (Д.); Өсек, ғайбат (А.), Аруана — жазы орнына қолданылатын, түйеге салатын нәрсе (Д.); ком, шом, жазы (А.) т. б.

Бірлі-жарым ұсақ-тұйек кемшіліктері болғанымен, түптеп келгенде бұл екі сөздік қазақ диалектологиясын аяғынан тік түрғызып, етек алып дамытуға үлкен үлес қосты. Онан кейін де жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар үйымдастыры-лып, қыруар материалдар жиналды. Солардың нәтижесінде бірсыпыра адамдар ғылыми диссертациялар қорғап, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы деген дәрежеге ие болды. Соны-мен қатар өңдеп, толықтырып, жаңа сөздік шығаратын да уақыт жетті. Солардың негізінде 1969 жылы “Қазақ тілінің диа-лектологиялық сөздігі” жарық көрді. Мұнда бүрынды-соңды жиналып-терілген ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді іріктегг екшей отырып, 6000-ға жуық сөздерді бір том етіп шығарған. Яғни бұл сөздік С. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың сөздіктерінің негізінде жасалған. Сөздіктің жалпы қүрылысымен құрылымды — реестрге алынған сөздерді түсіндіру принципі мен мысалдарды беру тәртібі жағынан “Қазак, тілінің түсіндірме сөздігіне” сүйенген. Бұл сөздікке негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктері енген болса, сонымен бірге Түрікмен, Орынбор, Қошағаш қазақтар-ының тіл ерекшеліктері де қамтылған. Ал өзге елдерде тұратын қазақтардың тіл ерекшеліктері күні бүгінге дейін жөнді зерттелінбегендіктен, аталған сөздіктен тиіс-ті орын ала алмаған. Еңбекте ана тіліміздегі жергілікті сөз айырмашылықтарының басын қосып, салыстырып зерттеу арқылы, бірсыпыра сөздерге дұрыс талдау жасалған. Сонымен қатар ксйбір олқылықтары да жоқ емес. Сөздікті жасаушылар сөздікке тек қана диалектизмдерге жататын сөздерді таңдап алудың ор-нына көп ретте таза әдеби тілдің сөздерін талғаусыз ендіре бергендігі байқалады. Мысалы: астау, атықтыру, әнтек, бапкер, баспа, баялыш, боздақ, буазу, булық, далда, дембе-дем, елі, жадағай, жарыс қазан, жасымық, жаужүрек, кәделеу, кергі, қазан ат, қодыра, қоз, мор, морлау, нәл, самал, оттық, сақпаншы, май-



: Мұндағы Д.— Досқараев, А.— Аманжолов деген фамилиялардық бас әрпі.

132


мақ, саяқ, саумалау, собық, сулық, сарымсақ, қотару, қыдырмашы, кыршу, майқандау, айырма, алмалау, түйе табан, үреген түктеу, уық қап, ұрт, т. б. Сөз мағыналарын дәлелдеп түсіндіре алмаушылық та жиі кездеседі. Мәселен, Аржа деген сөзге жаңқа, жіқішке жұқа жәшік деп түсінік берген. Досқараевтың сөз-дігіндегі анықтаманы сөзбе-сөз көшіре салған. Бұған жуқа тақтайша, фанера деп анықтау жөн еді. Қүмыр — суды көп ішетін ауру түрі.. Дұрысында, әдеби тілдегі сусамыр деген синонимін ғана келтіру керек. Доқа деген сөзді де жарғақ деп түсін-дірсе де болушы еді. Ч әрпінен басталатын фонетикалық диалектизм-дерге әдеби тілдегі Ш әрпінен басталатын вариантын келтірудің өзі жеткілікті. Сөздікте авторлар көп жағдайда оған синоним іздеп, берілген анықтаманы қиындатып алган.

Осындай азын-аулақ кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздік бүгінгі күндегі қазақ диалектизмдері жөніндегі бірден-бір жөні түзу анықтағыш болып есептеледі.

/ § 7. СИНОНИМДІК СӨЗДІКТЕР

Өз тіліндегі мәндес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шы-гару тәжірибесі алдыңғы озық мәдениетті елдердің көбінде бар. Орыс халқы өз тіліпдегі сшюнимдер сөздігін шығарумен екі ғасырдан астам уақыт бойы айналысып келе жатыр. Соның нәтижесінде үлкенді-кішілі әр алуан сөэдіктер жарық көрді. Бұлардың әрқайсы-сының құрлысы да, көлемі де, жасау принципі де турліше, бір-бірінен өзгешелігі болды. Өнегелі халықтың осындай іс-тәжірибелерінен оқып үйрене отырып, біз де (Ә. Болган-баев) 1962 жылы туңғыш “Қазақ Ііліндегі синонимдер сөздігін” шығардык. Бұған төрт мыңнан астам (1400 синонимдік қатар) сөз кірді. Сөздіктің соңында жұртшылықтың пайдалануына жеңілдік келтіру мақсатымен, екі түрлі көрсеткіш (алфавит көр-сеткіші мен синонимдік қатарлардыц көрсеткіші) берілді.

Мәндес сөздер белгілі бір сшюнимдік қатарға тогпастыры-лады. Белгілі бір ұғымның шегін ажыратпас бұрын, ең алдымен тілдегі орбір сөздіц өзіне тон мән-мағыналарын жете білу қажет. Сонымен қатар сол білгеніңді дәлелдейтіи түрлі әдебиеттен алыпған нақты тілдік материалдар болуы керек. Әрбір сисинимдік қатарга топтасқан сөздер кездейсоқ түрде емес, бел-гілі заңдылыкка негіздеп, қайсысы бұрын, кайсысы одан кейін, қайсысы ең соңында тұруы керектігін анықтау керек. Әсіресе синонимдік қатарға негіз болатын доминан (тірек) сөзді іріктеп шыгару оп-оңай іс емес. Домипант (тірек) сөз магына жагынап тиянақіы, ашық-айқын, стильдік реңі жагынан бейтарап, сонымен б:рге көп мағыналы емес, дара мағыналы сөз болуға тиіс. Бұлар синонимдік қатардың алдында тұрады, басқалары мағыдалық жақындыкына қарай, ілгері-кейінді бірінен кейін бірі тізіліп тұра береді. Көп мағыпалы сөздердің әр мағынасы әр түр-лі синонимдік қатарда жұмсалса, онда бір сөз неше мәртебе қолданылса, сонша рет сөздікке алынады. Мәселен, аталған сөз-

133


дікте дүние деген сөз төрт түрлі сөзбен (олем, өмір, жараты-лыс, зат) синонимдік қатынасқа түскендіктен, төрт рет алынған.

Синонимдер сөздігін жасауға кіріспес бұрын оныц мақсаты мен міндетін белгілеп алған жөн. Осыған орай оған ендірілетін сөздердің түрлері анықталады. Синонимдер сөздігі негізінен әдеби тілдің шеңберіндегі сөздерді қамтуға тиіс. Сонымен бір-ге өткен дәуірдің жұрнағы ретінде архаизмдер кіреді. Кәсіби сөздер мен кейбір диалектизмдер де алынады. Терминдердің де сан алуан стильдік-мағыналық мән беретін синонимге өте-мөте жақын жүргендері сөздікке ендіріледі. Мәселен, право ^деген орыс сөзі қазақтың ерік, қақы, құқы сөздерінің синонимдік қатарына кіріп, ғылыми стильден мықтап орын тепті. Сол сиякты образ — бейне, тұлға сөздерінің синонимдік қатарын, герой — кетпкер, қаһарман сөздерінің синонимдік қатарын толықтырып, ерекше стильдік мәнде қолданылып жүргсн-діктен, буларды да сөздікке ендірдік. Әдеттс, терминологияны жасаушылар, “сино-нимдер терминологияныц жауы” деп теріс түсініп, оның біреуіне ғана жармасып, қалғандарынан қайтсе де құтылу әрекетін ой-лап бағады. Іс жүзінде бұл әрскеттен түк шықпай, әрбір сөз күні жеткен кезде қайтадан тілге оралып отырады. Мұның басты се-бебі кейбір термин жасаушылар терминдердің де өзге сөздермен мағыналас, үйлес келіп, белгілі бір ұгымды жан-жақты т\-сіндіру қабілетін жете түсіне алмағандықтан, дәрменсіздіктен туған деп ұғуға болады. “Синонимдер сөздігіне” синонимдік қарым-қатынаста жүмсалатын тілдегі фразеологизмдердің бәрі бірдей талғаусыз ене бермейді. Мәселен, айқын, анық деген ұғымда “бес енеден белгілі”, “тайға таңба басқандай”, “соқырға таяқ ұстатқандай” деген идиомдар айтылады. Күйреді деген ұғымда “тас-талқаны шықты”, “күлі көкке ұшты”, “аяғы аспаннан келді”, “жермен жексен болды”, “тамырына балта шабылды” деуге болады. Алайда булардың бірде-біреуі сөздікке кірмеді. Тек екі сөзден құралып, бір сөздің орнына журетін ыгыр болу, мезі болу, ысырап болу тэрізді некен-саяқ фразеологиялық тіркестер гана ендірілді.

Орыс тілінін, синонимдер сөздігінде синонимдік қатардың құрамындағы әрбір сөздің мағынасы талданып, қолдану аясы мен стильдік қызметі түсіндірілген. “Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігінде” бүл міндет түрлі заңды себептермен іс жұзінде атқарылмады. Бұл мәселенің тұбегейлі шешілуі әрбір ұлт тілінің даму тарихымеи тығыз байланысты. Әр халықтың жазба әдеби тілі неғұрлым ерте басталып, сол дәстүр үзілмей үнемі жалғаса берсе, сол тілдің әдсби тілі де, соншалықты сараланып, жуйеге түспек. Ал кешеуілдеп кенже дамыған әдеби тілдің олпы-солпы жаш, жүйесіздігі бірде болмаса, бірде байқала бермек.

Осы айтылгандардың алгашқысына орыс тілін, кейініісіне қазақ тіліи жатқызуы-мызга болады. Қазақ тіліндегі синонимдерді стильдік салага жікгеп-бөлу жұмысының өте-мөте тапшылығынан тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей әлі күнге сарала-

134

нып жетілмегендіктен, біз бұл міндетті кейінге қалдырдық. Сөздікте синоним қатарларының жүйеленген тізімі келтіріліп, белгілі әдебиеттен солардың магыналарын ашарлық бір-бір мысал алумен ғана шектелдік: аласа, тапал, қысқа, кішкене, тәпелдек, мықыр, қортық, тырбық, жатаған, мақар.



Ортасында аласа бойлы, ақырын сөйлейтін бір кісі бар (Әбдіқадыров). Менің астымда жортақылау, тапал торы ат (Май-лин). Аралық қылшық түбіттен ұзын, көбінесе қылшықтан қысқа келеді (Ермеков). Қішкене қара жігіт, бұл вагоншы Егентай (Ерубаев). Мойнымды қанша созып тырмысқанмен мына тэпел-тек бойым терезеге жетер емес (Соқпақбаев) Бораштың мықыр саусақтары каңланың сабын бойлап, перне басқан домбырашы-ның қолындай билеуде (Мұстафин). Бибажарды айттырып отырған Дүйсенбайдың баласы да Бибажарға тең емес, бір қортың көршеді (Сейфуллин). Ботагөз қорған тастың текшелеген жіктеріне өскен тырбык қарағайлардың бірінен соң біріне жармасып төбесіне шықты (Мұқанов). Жатаған келген жарау аттар, сүліктен созылып, керіле құлаштап барады (Мүсірепов). Сатай аласа бойлы, дембелше мақарлау қара сүр жігіт (Сей-фуллин).

Кез келгеп сөздік халқымыздың сөз байлығын жинақтап, жүйелеп беретін рухани қазына деп есептеледі. Сондықтан да олар бір смес, әлденешс рет жасалып өңделеді, толықтырылады, жетілдіріледі. Сөйтіп халық игілігіно айналады. 1962 жылы жарық көргсн “Синонимдер сөздігі” содан бергі кезеңде де үнемі юлықтырылып келді. Соның нәтижесінде оның көлемі екі еседей артты. 1975 жылы “Қазақ тілінің синонимдер сөздігі” деген ат-пен бұл сөздік екінші рет басылды. Берілген баспа қағаздың (листаж) аздыгынан, жиналган синонимдердід бәрі бірдей сөздіктен орын ала алмады. Тек бұрынды-соңды колымызға түскен материалдардың таңдаулыларын іріктеп, 5000-нан астам синонимдерді қойылған талапқа сай ыкшамдап бердік. Демек, бұл сңбек бұрынгы шыкқан сөздіктіц толығып кецепген, өңделіп тү-зетілген, жақсарған жаңа вариангы дсп танылады. Мәселен, сөздіктің бірінші басылымында өлу деген сөздің синонимдік қатарында бар болғаны бес-ақ сөз кірген болса, соңғы басылымында 27 сөз енгендігі буган айқын дәлел бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет