Белгілі бір сатының тереңдігін немесе ауырлығын басынан өткеруге қатысты, оны сызбалы түрде келесі үлгіде бейнелеуге болады:
Ұсынылған сызба бізге науқастың немесе оның туысының әрбір сатыдағы күйзелісінің логикалық бірізділігін көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, жоққа шығару мен қабылдау кезеңдері салыстырмалы түрде жеңіл өткерілетін, ал депрессия сатысы – ауыр өтетін кезең болып табылады, онда пациенттер немесе оның туыстары өзіне-өзі қол жұмсауы да мүмкін.
Бірқатар пациенттердің бір сатыда тоқырап қалатыны және әрі қарай әрекет жасай алмайтыны жиі кездеседі, бұл жағдайда дәрігердің, психотерапевтің немесе психологтың міндеті – пациентке осы кезеңдерден өтуге көмек беру.
Пациент немесе оның туыстарының әрбір бес сатыдағы мінез-құлқын қарастырайық.