М. А. Асимов, Д. Х. Дощанов қаралы хабарды жеткізу


-саты: САУДАЛАСУ (КОМПРОМИСС)



бет12/35
Дата09.03.2022
өлшемі3,57 Mb.
#134874
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Қаралы хабар жеткізу. Оқулық, (1)
Документ, 1-115 сұрақтар, 1-115 сұрақтар, С.Т.Шалов
3-саты: САУДАЛАСУ (КОМПРОМИСС)( 3-сурет)


«Балалар мектеп бітіргенге дейін өмір сүруіме мүмкіндік бер»; «Уақытым жеткенше барлығын жасаймын. Тағы бірнеше жыл»; «Темекі шегуді тастасам, мүмкін бұл аурудан айығатын шығармын»; «Мен спортпен шұғылдана бастаймын, сөйтіп жазыламын» және т.б.


3-сурет. Саудаласу

Бұл пациенттердің табиғи реакциясы. Шарасыздықты болдырмауға деген ұмтылыс. Біз пациенттер немесе олардың туыстарының өзгерістерді күйзеліспен бастан өткеретін кезде, осындай мінез-құлқын жиі байқаймыз.


Олар өздерінің ауруларымен немесе Жаратушымен саудаласа бастайды, кейбір Құдайға сенбейтіндер оған сене бастайды, мешітке немесе шіркеуге барады (Kubler-Ross, 1969), жағдайдан шығудың жолын табу үшін немесе өзгерістерді өздерінен алыстату үшін әрекет етеді. Өлімге немесе ауруға душар болған адам, Жаратушымен, басқа адамдармен, өмірмен келісімге келуге тырысады: «Егер мен осыны жасауға уәде берсем, сен менің өмірімдегі өзгерістерге жол бермейсің». Жұмыс жағдайында бірқатар адамдар барлық күш-қуатын салып, жұмыс істей бастайды және көп жағдайда қысқартуға ұшыраудан қорқып, көбірек жұмыс істеуге тырысады.
4-саты: ДЕПРЕССИЯ (ПРОБЛЕМАҒА БАТУ)
(4-сурет)


«Мен сондай бақытсызбын, мені бірнәрсе мазалай ала ма?»; «Бұл ұмтылыстар не үшін қажет?»; «Мұның бәрі уақытты босқа жіберу, кері жол жоқ!»; «Мен ештеңе қаламаймын, мені жайыма қалдырыңдар, менің өлетінім анық!»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет