«Бәрі жақсы болады; «Мен мұны жеңе алмаймын, бірақ осыған жақсы дайындала аламын»; «Мен мұның артында не барын білмеймін. Менің әрекет етуім керек. Мен қорқамын, бірақ басқа таңдау жоқ. Оның соңында жарық бар екеніне сенемін..».
Сурет 5. Бейімделу Пациенттер өзгеріс пен күресудің нәтиже бермегенін түсінгенде, олар қабылдау сатысына қадам жасайды. Бұл ауыр күй, дәлірек айтсақ, өзгерістерді қабылдаудан көрі, осы өзгерістерге бейімделу қажет екендігі туралы сезім пайда болады. Науқастар алғаш рет перспектива бар екенін бағалай бастайды (E.Kubler-Ross.TheTunnelandtheLight, 1999).
Кюблер-Росс сипаттаған сатыларды, ол типтік деп анықтады. Өмірінің соңында, өлер алдында, Кюблер-Росс осы сатылардың классикалық емес ағымдары болатынын атап көрсетті, олар «типтік емес» пациенттің немесе оның туыстарының реакциясын білдіреді. Сатылар қатаң бірізділікте өткізілмеуі мүмкін, олардың бірқатары түсіп қалуы немесе мүлдем байқалмауы да мүмкін (E.Kubler-Ross, D. Kessler.«Life Lessons: Two Experts on Death and Dying Teach Us About the Mysteries of Life and Living», 2001)
Қаралы хабардың жағымсыз хабардан айырмашылығын, Кюблер-Росстың бес сатылы моделіне қолдануға болады, қаралы хабарда аурулардың психологиялық реакциялары аса айқын байқалады, көп жағдайда пациенттер қаралы хабарға деген қатынасында барлық сатылардан өтеді.