4- сурет . Пациентті қабылдауды бағалау Дәрігер: «Өкінішке орай, талдамаларыңызға қатысты менің сіз үшін жағымсыз жаңалығым бар. Мені тыңдауға дайынсыз ба?»; «Осы ауру жайлы немесе болған оқиға жайлы не білетініңіз туралы айтып бере аласыз ба?».
Аталған сатыда біз пациентті әрі қарай диалог жүргізуге шақырамыз немесе әңгімені жалғастыруға рұқсат сұраймыз, ол пациенттің немесе оның туыстарының бізді мұқият тыңдағанына сенімді болу үшін қажет.
Дәрігер: «Мен әңгімемді жалғастыра аламын ба? Сіз мені мұқият тыңдап отырсыз ба? Сіз қазір өзіңіздің компьютерлік томографияңыздың нәтижесі туралы сөйлесуге дайынсыз ба?»