9-сурет . Жаңалықты хабарлау
Дәрігер: «Сіздің кеуде клеткаңыздың рентгеннограммасында дақ көрінгенін білесіз. Біз сіздің кеуде клеткаңыздың бір бөлшегін зерттеуге алдық және осы үлгінің нәтижесі қолымызда бар. Сіздің кеуде клеткаңыздың үлгісін талдау, сіздің қатерлі ісікке шалдыққаныңызды білдіреді».
Дәрігер: «Міне, сіздің рентген-суретіңіздегі дақ, оның ісік екендігін білдіреді, кеуде клеткасының тін бөлшегін талдау нәтижелері, мұны дәлелдейді. Аталған мәселені жоюдың екі тәсілі бар: біріншісі – емдеудің хирургиялық тәсілі, екіншісі – дәрілік емдеу және химиотерапия. Таңдау еркі өзіңізде! Әрине, мен осындай жаңалықты хабарлағаннан кейін, сізге бір сәтте шешім қабылдаудың өте қиын екендігін түсінемін, сондықтан, сіздің ойлануға немесе туыстарыңызбен кеңесуге ертеңге дейін уақытыңыз бар. Менің айтқандарымды қайталап айтып бере аласыз ба?» және т.б.
Есте сақтаңыз, пациенттердің көпшілігі денсаулықтың ресми емес кеңесшісіне жүгінеді (отбасы мүшесі, досы, кітап немесе Веб-сайт), кейде науқастың тарапынан дәрігерге жаңа ойлар айтылуы мүмкін. Дәрігердің тарапынан осы нұсқаларды жүзеге асыру, пациенттің ерік-жігеріне деген құрметті көрсетеді және клиницистке жаңа ақпаратты таныс контексте жеткізуге көмек береді.
Дәрігер: «Сіз бұл туралы білдіңіз бе? Сіз бұл аурумен, немесе осыған ұқсас аурумен ауырған адамдарды білесіз бе?»
Дәрігерлер тарапынан пациенттің мәселені толық ашуын – сұрақтармен, түсіндірулермен және алдын ала сендірумен жауып тастау үрдісі болады. Иә, әрине, бұл дәрігерге өзінің мазасыздығын азайтуға көмек береді, алайда қаралы жаңалықты алғаш рет еститін пациенттер үшін пайдалы емес. Тіпті, өте сақ түсіндірудің өзінде, көптеген пациенттер қаралы жаңалық хабарланған кезде, көп ақпаратты меңгеруге қабілетсіз болады.
Коммуникативтік дағдыларды жетілдірудің тиімді білім беруші стратегиялары, қарапайым және айқын сөздерді қолдануды қамтиды; ақпаратты қысқа, жеңіл қабылданатын сөйлемдер арқылы жеткізуді; пациенттің айтқанды түсінгенін тексеруді қамтиды («Сіз мені қалай түсіндіңіз? «Сіз басқаларға бұл туралы қалай хабарлайсыз?»). Дәрігерлер мен пациенттердің уақытының шамамен үштен бірі, аурудың дәрежесін алуан түрлі түсінуге және терапияға қатысты ниеттерге жұмсалады. Пациенттің түсініктері аясындағы өзіңіздің әрі қарайғы жоспарыңызды құрастырыңыз.
Есте сақтаңыз! Дәрігердің позициясы – психотерапевтік тактика. Науқастың көбірек айтатын, өзінің ой-пікірлері мен сезімдерін көрсететін тактика. Осы арқылы науқас оларды саналы ұғынады, өзінің қиындығын сезінеді және өзіндік сезімдерінің қысымын азайтады.
Пациенттер көп жағдайда оның шынымен қатерлі ісік екендігіне, оның қалай пайда болғанына, ауруды терапиямен емдеуге болатынына немесе айығу үшін қандай терапевтік шаралардың қолжетімді болатынына сенімді болғысы келеді. Кейбір науқастар өздерінің қашан өлетінін немесе қанша өмірі қалғанын білгісі келеді.
Дәрігер: «Қазір сіз тікелей қауіпті жағдайда емессіз. Бізде сіздің терапияңызды жоспарлау үшін әлі уақыт бар. Осы дертпен адамдардың ұзақ өмір сүретіні туралы статистикалық мәліметтер бар. Мүмкін, мен сізге осы мәліметтерді хабарлай аламын, бірақ бұл тек статистика. Ешкім сіздің қаншалықты ұзақ өмір сүретініңізді сенімді түрде айта алмайды».
5. ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚОЛДАУ (10-сурет, 11-сурет)
Пациентпен бірге қалыңыз және оны тыңдаңыз.
Әрі қарай диалогқа шақырып, қолдау көрсетіңіз.
Пациенттің эмоцияларын мадақтаңыз (жоққа шығару, ашу, депрессия және т.б.).
Аталған саты Кюблер-Росстың моделінің бірінші және екінші сатыларына сәйкес келеді, соған байланысты аталған эмоциялардың шығуына мүмкіндік беру қажет және оны шартты түрде 10 секунд ұстау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |