Қаралы хабар өлім, аурулар және асқынған күйлер туралы немесе қайтып айналмайтын өмірлік процестері бар аурулар мен күйлер туралы ақпаратты қамтиды.
Жағымсыз хабар – бұл пациентте қорқыныш, мазасыздану, қайғы, күйіну сияқты жағымсыз эмоцияларды туындатуы мүмкін жаңалық. Жағымсыз хабар қаралы хабарға қарағанда, салыстырмалы түрде қайтымды, уақытша процестердің қайғылы салдарынсыз болады.
Клиникалық мысал: Науқас 45 жаста, терапевт-дәрігердің кезекті амбулаторлы қабылда-уында, оның анамнезіне және диагностикалық манипуляцияға сүйеніп: ЭКГ, ЭхоКГ, келесі диагноз қойылды: «3-ші дәрежелі артериалды гипертензия, 2 қауіп». Қойылған диагноздың күмән тудырмайтынына толық сенімді болғаннан кейін, дәрігер оны науқасқа хабарлады (ғылыми және медициналық терминдерді қолданбай) және аталған аурудың барлық қажетті бөлшектерін түсіндіріп берді, науқас абыржып, денсаулығы жайлы мазасыздана бастады. Өзінің қан қысымын қалыпты деңгейде ұстауға болатын қазіргі заманғы дәрілер туралы сұрай бастады.