21
Бір күні жас жігіт қабырғалардың біріне жақындап, ондағы арыстанға
ұрысады: «Аһ, сені ме, сайтанның құбыжығы?! Мен сен үшін және әкемнің оғаш
түсіне бола осында, мына түрмеге, қамалдым. Сенімен не істесем екен?»
Осыны айтады да, ол арыстанның көзін шығару үшін қабырғаны
жұдырығымен ұрады. Сол сәтте оның тырнағының астына тікен тұрып қалады,
оны жігіт суырып ала алмайды. Саусағы қатты үлкейіп, ісіп кетеді. Қызу
көтеріліп, безгек басталады. Безгектің қатты болғандығы соншалық, жас жігіт
одан өліп кетеді.
Арыстан тек суретте бейнеленген болғанымен, шынында, оның әкесіне
сәуегейлік етілгендей, жас жігітті өлтіріпті.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін Эзоптың «Бала мен суретте
бейнеленген арыстан» мысалын қараңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: