Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
«Қара бет боп қашқанша,
қайрат көрсетіп өлген артық.»
Б.Момышұлы
Өр рухты қазақ халқының өзіңдей өткір ұрпағы қаншама!
«Дос болғанға құшағы ашық туыспыз,
Қас болғанға қиып түсер қылышпыз-деген Абылай бабамыздың осы сөздерінің ұлтымызға тән ұлылықты ұғынамыз.Отанымыз үшін жан аямай күрескен Абылай ханның ізін жалғастырған қаһармандар аз болмады.Сол батыр ұрпақ тізімінің көш басында Бауыржан Момышұлы тұр десек, артық айтқанымыз болмас.Елінің ертеңі үшін жауыннантайсалмай соғысқан ерлерді жырламау ұрпаққа сын.Сондай асқан ерлік пен елдіктің жаршысы-Әзілхан Нұршайықовтың асқан шеберлігінен туған «Ақиқат пен аңыз»-диалогі.
Әзілхан Нұршайықов аталмыш туындысында Бауыржан Момышұлы бейнесін өте жоғары деңгейде ашалды деп есептеймін. Неге десеңіз, шығарманың кереметтігі сондай, кітаптың алғашқы беттерінен- ақ Бауыржан атамызға тәнті болып,батырды жаңа қырынан таныта түседі.Сұхбат мақсатымен басталған бұл диалогтің халық жүрегінен ерекше орын тепкен романға айналарын кім білген? Батыр атамыздың сондай байсалды да салмақты, сұсты да қатал,шыншыл да әділ бейнесі һәм отанына соншалықты берілгені, тәртіп пен тәрбиені өмірлік ұстанымы еткені мені тәнті етті.Оны өзінің мынандай сөздерінен аңғаруға болады:
«Тәрбиелі-тәртіптің құлы, Тәртіпті-елдің құлы»
Роман диалогты оқи отырып,батыр Бауыржанның сергелдеңге түспейтін салқынқанды екенін, қандай да бір оқыс оқиға, төтенше жағдай орын алса да дегбірсізденбей,байыппен шешетінің оңай аңғара аламыз.Батырдың сұсты қабағы мен рухты сөздері әрбір жауынгердің жүрегіне от жақты, жасытпады.Отанына, оның ұлағатты ұландарына риясыз берілген батыр барша қатарластарына, қол асты сарбаздарына үлкен үлгі болды.Тіпті,өмірдегі екінші әкесі тұтқан,ұлылар санатына қомандирі генерал-майор Панфиловтың қазасында да үнсіз жабығып,қабағына жасырған Бауыржанды аса сабырлы, ерекше байыпты деп есептемеске болмас.Жазушы Әзілхан Нұршайықов батыр бейнесін өз дәрежесінде аша білді.Кем кетігі, асыра сілтеуі жоқ бұл шығарма біз үшін ұлағатты қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлымен танысу ролін атқарды. Батырдың әрбір сөзінен жігер алып, өзіңе үлгі етесің.Батыр болса-дәл біздің Баукендей болсын,шіркін!
Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды»Бұл сөздер біздің күнделікті ұранымызға айналған. Батыр бейнесі-халық айнасы.
С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке толған,мүшел жастағы әже Балзия мен оның немересі Аманай басты кейіпкерлер ретінде бейнеленген.Себебі,әңгіменің негізгі бөлімі осы екі кейіпкерден басталады.Ол екеуі жер жаннаты Жетісуды іздеп тау аспақшы болады.Бірақ қаусаған кәрі адамға Жеісуды іздеп не пайда? Неліктен Балзия немересі Аманайға «Сәукеле» тауы жайлы айтты?Әрине,оның бір ғана себебі бар.Ол – Балзияның туылған жері.Аманай да Жетісуда туылған болатын.Томар – Омар неге Балзияның елге жетуіне күмәнданды?Ол Балзия әжейге кім болып келеді?..Жалпы туындының негізгі ой түкпірі – патриотизм,яғни туған жерге деген сағыныш,туған жерге деген ыстық сезім.Қойылған сауалдарға оралар болсақ.Томар-Омар Балзияның көршісі,жақын араласып жүретін қарт досы десек те болады.Томар-Омар күмәндәну себебі – Балзия жетпіс үш жастағы әже бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен әрең тұрып,әрең жүргеніне қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға барар жолда алдыда биік асу бар.Ол – Сәукеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай мәңгілік мұздықтар алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық танытып бұл асуды да бағындырады.Аманай тек батыл ғана емес,сөзге берік,ержүрек,ақылды бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп әжесі айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған жерге деген махаббатты жатыр.Сондықтан болар,әжесімен бірге қыр асыл,тау басты...
«Отанды,ұлтты,әдебиетті,оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды әрекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,бұл әңгімеден Балзияның қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бәріне мойымай төтеп беріп,өнері келген шағын сезіп туған жеріне бастап барар жолын тапқандылығынан оның табандылығын,қайсарлығын,көрегендігін біле аламыз.Оқиға соңында оның жартастан құлап,су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы баяндалады.Қорыта айтар болсақ,басты кейіпкерлердің бірі Томар-Омардың да қорыққаны осы болатын.
Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
Алғаш қадамын поэзиядан бастап, шағын жнр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Жазушыны өз замандастары «қара сөздің Қабдеші», «тағдыры бөлек тарланбоз», «тағдырлы тұлға» деп атаған.Көпшілікке кеңінен таныс «Тағдыр» романы Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман. Романдағы басты оқиға кейіпкерлері – Еженхан мен Ақатшаның арасындағы Шығыс Түркістан аймағын бөлісу мәселесі, шекара бөлінгеннен кейінгі халықтың тағдыры. Сонымен қатар, жазушы қазақ өмірінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын асқан шеберлікпен бейнелейді. Және бұл баяндаулардың автор үшін орны ерекше екені көрініп тұр.Халқының басына ауыр күндер туған сәтте оған арқау болған басты кейіпкер – Демежанды жазушы бәрінен де бөлек тұлға ретінде бейнелейді. Демежанның екі ел шекарасын бөлгенде қазақ ауылдарына тиетін зардабын көріп жаны ауырғаны. Жұртпен бірге егін егіп, Ши-амбының алдына барып қорықпай елге салынан салықтары тым ауыр екенін айтуы еліне пайда ойлап жүрген азамат екенін дәлелдейді. Алайда, оның бұл іс-әрекеттері Дохалдай мен Байсеркеге ұнамай, оның үстінен ісс қозғайды. Ақыры аймаққа жаңа келген ұлық Матен-амбы бұл екеуіне қосылып, Демежанға жалған жаланы ұлғайтып, дарға асуға үкім шығарады. Демежан осылай қайтыс болғанымен, ел ішінде оның жақсы атты, артынан қалдырған өшпес ісі жайлы айтылады. Негізінде салдырған мешіт-медреселері халық игілігіне қызмет етуде. Оның үстіне Демежанның абзал да аяулы жары Бибі Демежандай арыстың түтінін өшірмей отырып, ал оның айналасындағы адамдар Демежандай азаматтың есімін ауыздарынан тастамайды. Міне, осы сәтте романнан алар басты түйін «Бәріміз де пендеміз ғой... Бәріміз бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» қалыптасады. Менің ойымша, жазушы оны қарапайым халықтың Демежанның жақсы іс-әрекеттерін, оның ойын әлі де есте сақтауы арқылы көрсетеді. Жұрт Демежанға тапқан айыпқа сеніп, оны жамандамай құрметтеуі бұл түйінге анық дәлел. Өз ойым жазушының бұл ой-пікірімен толық келісемін. Себебі, адам баласы тек жақсылықты есте сақтап, жамандықты ұмыту қажет. Әрине, бұл оңай емес, бірақ бәріміз де пендеміз, бәріміз де бұл өмірде қателіктер жасаймыз. Сондықтанғ күнәләрді кешіріп, жақсылықты есте сақтайық. Сол кезде жұрт, мемлекет ішінде ынтымақ, береке болады деп ойлаймын.
О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.
Публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушыларының бірі де бірегейі – Оралхан Бөкей. Өмірге құштар өр мінезді қаламгердің адамды асқақтата жырлаған өзекжарды шығармалары ұлтының рухани игілігіне айналды. Оның жазу өнеріндегі шеберлік шыңдау ізденістері мен көркемдік табысы тұрығысында өзіндік мәні бар шығармасы – «Қар қызы» повесі. «Басқаша» жазуға құштар болған шығармашылық ғұмырбаянындағы жұртшылық назарын аударған елеулі туындысының бірі. Шығармадағы Қоңқай шалды жартылай жұмбақ күйде ұстаған автор концепциясы туралы үзілді-кесілді, біржақты тоқтам жасау қиын. Жұрттан жырақ өмір сүретін осы Қоңқай шал бейнесі арқылы Оралхан Бөкей нені меңзейді?Былығы көп қоғамнан тысқары өтіп жатқан тірлікті айыптау сарыны шығармада басымдық ала қоймаған. Қаптаған ел ортасында жүріп-ақ оқшауөмір сүретіндер жетіп артылады. Жазушы бір мәнде Қоңқай шалды «арқаланып» қоғамдағы кереғарлықтарды, келеңсіздіктерді меңзейді. Кейіпкердің ой ағыны , ішкі сезім сөзі арқылы әсер сіңіру – автордың оңтайлы көркемдік тәсілдердің бірі.Шығармадағы Қоңқай бейнесінен, сонымен қатар, жалғыздық пен кеңістік нышаны танылады. Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді. Оның екі тау арасында жападан-жалғыз тұратыны, аң аулап тіршілігін жасап жүретіні оның жалғыздығының анық көрінісі: «Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді.Осы бір сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына дейін қыңқ етіп ауырмаған, тоңып – жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызаң шу, қым-қуатты өмірдің екі ортасында шекара, бекет іспетті, міне жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік құруда».Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр кешу қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады».
Қорытындылай келе, жазушы Оралхан Бөкей шығармалары оқыған сайын тереңдей түсетін, бұйығып жатқан сырлары мен бұғып жатқан құпиялары шешіле түсетін жұмбағы мол дүниелер. Ол шығармаларда қойылған неге, біз кімбіз деген салмақты сауалдар бүгін де, ертең де, сан жылдар өткен соң да әр ұқпақтың алдынан көлденеңдеп шығып отырары даусыз.
Дулат Бабатайұлының Еспенбет дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
Қазақтың негізгі байлығы: Кең дала, жүйрік жылқы, қыран құс, таз ит және ең бастысы халқы.Олардың жағдайын ойлайтын басшысы мен ержүрек батырлары. Елінің болашағы үшін,халқының еркіндікте қамсыз өмір сүруі үшін өз өмірлерін қатерге тікті.Дәл солай Отаны үшін жауға,қарсы шыққан батырдың бірі-Еспембет.Дүлат Бабатайұлының Еспенбет атты кейіпкері бүгінгі жастарға берер үлгісі мол. Дастаның басты ойы-ерлік,туған жеріне деген сағыныш сезім,және сол атамекен жеріне оралу,халқына қамқор бола білген батыр бейнесі бейнеленген.Әр батырдың өз ерлігі,қайталанбас тарихы болады.Дастандағы сабан руының ұрпағы Еспенбет әке-шешесінен ерте жетім қалған ол Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді.Қосай қазақтың салтын сақтап жиенді бөтен санамай, жетімдіктің тауқыметін көрсетпей өсіреді.Ер Қосайдың бұл мінезі қазақтың қара жеріндей кең екендігін көрсеткендей болар.Ер Қосай жиені Еспенбетті ел қатарлы үйлендіріп, отау тігіп, мал-мүлік бергісі келеді.Алайда, Еспенбеттің жалғыз арман тілегі өз ата-қонысы,оралу туған Сыбан еліне оралу болатын. Арманы биік Еспенбет тумысы бөлек Ақбөрте аттв құлын ерлік арманға жетелейді. «Ит тойған жеріне,ер түған жеріне»деген сөздер Еспенбеттің түпкі ойы сыныд еді.Оның нағашысынан Ақбөрте құлынды сұрау себебінің бірден-бірі оның қазақылығы деп ойлаймын.Қанымызға жат ашкөздік сынды қасиеттердің болмауы Еспенбетті отанға одан әрімен жетелей түскендей. Дүние бүгін болса, ертең жоқ болады.Дүниеқоңыздық таңытпай ,елін аңсаған бозбала өз арманына жетеді.Яғни,аталмыш жеріне оралады.Ақбөрте тайы мен елі оның басты қазынасындай. Еспенбетің тұлпары иесінің үмітін ақтап Сәттіқұл деген байдың асында мәреге бірінші болып келеді. Еспенбет атадан қалған кекті қайтару үшін,жаумен бетпе-бет кездеседі.Ақтамберді батырдың батасын алып, қалмақ деген жаудың бетін қайтарып,жеңіске жетеді. Еспенбетке қарап бір ой түйдім.Өмірде ешқандай данқ,дәулет, байлық сыяқты пасық нәрселер өрге жүргізбейді.Адамның ең бір жақсы қасиеті қарапайымдылығы. Жәнеде бүгінгі жастарға айтарым,білімді жастар болайық. Еспенбет сынды батырларымыз алып берген еркіндікті одан әрі қарай көркетуәміз керек деп ойлаймын.
«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты әлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз
Сүйінбай мен Қатаған айтысында Сүйінбайдың:
Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды, деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.Сүйінбай Аронұлы- айтыс өнерінің алтын діңгегі.Сүйінбайдың айтыстары мен өлең толғауларын жинау,жариялау ісі XX ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. Сүйінбай-айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен танылған ақын.Көптеген айтыстарының ішінде қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы ерекше орын алады.Қанда тулап жатқан өнердің төбесінде тұрған Сүйінбай мен Қатаған айтысы өнер өлкесіндегі саф алтын.1848жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді.Бұл жиынға аралас- құралас отырған Тезек төре,Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қалыптасады.Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге аты жайылып,таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге бөлтірік шешенің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп: -Ана отырған Сүйінбай аөындарың емес пе?-деп сұрайды.Бөлтірік «Ия»деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,заулатып бастап кетеді.Екеуі әртүрлі тақырыптарды қозғап,айтысады.Ең үлкені сол өз жұртын, өз елдерін мақтап-мадақтау. Айтысып келе жатып, Қатаған сөзін аяқтап тоқтағаны да,Қатағанның екпінінен жасынған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді.А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік батыр Тезек төреге: «Ей,төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма, Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан шығар даусыңды»-дегенде, Сүйінбай бастап кетеді.Сондағы айтқаны:
Қашырма төре,қаныңды
Кіргізейін жаныңды,
Қатағаннан жеңілсем,
Талап алғын малымы!
Іздегенім осы еді,
Іздегенім табылды
Қатаған сөзден жаңылып
Өз-өзінен жаңылды
Қызып тұрған темірге,\
Өзі келіп қарылды!
Сөйтіп Сүйінбай үш жүзді бастан аяқ,батыр-бабаларымызды айтып,оның қазақ ақындарымен салыстыруға келмейтінің айтады. Сонда көппін деп мақтанған Қатаған өзінің жеңілгенің мойындап, құр алақан жібермейміз деп,сыйлыққа Мейіз атты сұлу қызды,алты қанат ақ орда,бүркіт,екі тазы ит сыйлайды.Асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында Сүйінбай жеңіске жетеді.
. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз
Шортанбай Қанайұлы «Зарлаған заманның» өкілі. Өз заманының халқының жағдайын ойлап, өзекті мәселелерді қозғайды. Осы өзекті мәселе «Зар заман» ақынының жырында қалай көрініс тапқан екен және қозғалған өзекті мәселелер қазіргі кезде қандай деңгейге жетті?Ақынның қозғаған бірінші мәселесі – жеңілтек қыздардың мәселесі. Менің ойымша, бұл мәселе бүкіл әлемді ойландырады. Соның ішінде, қазақ қыздарына мүлдем жат нәрсе. Сөздеріме дәлел ретінде мына бір өлең жолдарын мысалға келтірейін:
Қызың киді биқасап, тергеп кимей байқастап,
Кешкі тұрым болғанда, құлан менен бұландай
Үйде тұрмас ойқастап.
Бұл қыздардың басты жауы батысқа еліктеушілік. «Әр ұлттың салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Еуропаға еліктеудің қажеті шамалы. Еліктеудің өзі жаман және жақсы болады ғой. Шет елдің жаман жақтарына еліктегенше, жақсы жақтарын неге қайталамаймыз, айта берсек, таусылмайды. Мысалы, Жапония – дамыған технология елі, Еуропа – туризм елі, Түркия – сапалы киім отаны, тіпті Өзбекстанның өзі тәуелсіздігін алмай тұрып 13 млн еді, қазір 30 млн-ға жетті. Екіншіден, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, ашық аспанның астында тәуелсіз еліміздің 1731 жылдан бастап Ресейдің қол астына кіруі. Ұлан-байтақ жерімізге солтүстік кәпірлердің, қиыр шығыстан корейлердің келуі халқымыздың таза қанын бұзды. Жеті атаға дейін қыз алыспаған ата-бабамыз ұлтымыздың генін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде, ырым, тәрбиелік мәнін жоғары етіп қалдырды. Генетикалық жағынан қарасақ бұл дұрыс.
Реформа мен қанаудан көз ашпаған халқымыз не көрмеді? Қазақ жері Ресей үшін «Еуропа мен Орта Азияға апаратын алтын қақпа» болса, Еуропа елдеріне «таза шикізат базасына» айналды. Ақын:
Кетейін десе, алды тар, тұрайын десе, кәпір бар,
Қайсы бірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды
Қамалмай енді неғып тұр,. Тау басынан қазақ жаңылды,-
деп күйіне жырлайды.
Үшінші қозғалатын мәселе жемқорлық пен халықты қанау мәселесі.
Жарлының жаны берік екен,
Мал үшін он екі ай қой бағып,
Жалғыз тоқты алады.
Жарлының тынышын
Құрттай санап мал алды,
Ел қамқоры сандалды,-деп байлардың кедейлерге деген арақатынасы туралы ашық айтады. Солардың барлығы да бірінің ауызына бірі түкіріп қойғандай, билік тарапынан ширек ғасыр бойы қазақ ұлтына деген тасбауырлық пен қатігездік туралы отбасында, оңашада ашына айыптап сөйлегенде керемет те,ал баспасөзде, қоғамдық жиындарда, елдің алдына шығып сөйлеуге жұмылған ауыздарын ашпайтындары таң қалдырады. Сонда әділет қайда? Әлде президент елде болып жатқан жағдайды естіп-көрмей ме? Тәуелсіздік алғаннан бері әуелі «дамыған 50 елдің» қатарынан, сосын «дамыған 30 елдің» біріне айналдық. «EXPO 2017», «Рухани жаңғыру», әрине, істеліп жатқан еңбекті айтпасақ болмас, бірақ бұл аз. Неге бізге Жапония, АҚШ, Ұлыбриятания секілді елдердің қатарына қосылмасқа? Осыған кедергілер көп. Қазақстанның шикізатты өндіріп, өңдегеннің орнына, шет елдерге өндіріп беріп, өзіміз он есе қымбат бағамен сатып аламыз. Қарыздарымыздың 15 млрд-қа жеткені, екінің бірінің басында кредиті бар екендігі өтірік пе? Жұмыссыз сенделген қазақ жастары көп. Осыдан кейін қалай шет елге жұмыс іздеп бармайды?
Қорытындылай келе, санасыз қаракөз қыздарымыз есін жиса, еңбекқор қазақ жігіттері одан әрі талаптанса, Қазақстанның болашағы зор деп үміттенемін. Ақынның мақсаты да, арманы да осы шығар.
Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз
Халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтыды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке және де тағы басқа ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Осыған дәлел, Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясына» енгізген, тәлімдік мәні зор әңгімелері: «Қара батыр», «Байұлы», «Жиренше шешен», «Тазша бала туралы ертегі», «Таза бұлақ» және тағы басқа ұлы Ыбырайдың шығармалары. Осы «Қазақ хрестоматиясына» енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. Осы арқылы ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Ол өмірді және адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс суреттеп, шындықтан алшақтамаған деуге болады, себебі Ыбырай әңгімелерінің кейіпкерлерін шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.«Ыбырайдың әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі» деп айтуға толықтай негіз бар. Себебі, оның көптеген әңгімелері тәрбиелік мақсатта жазылғаны бізге мәлім. Ыбырайдың әңгімелерін қарап отырып, оларды тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді де еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбиі негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Осыған дәлел, оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп» және «Қыпшақ Сейітқұл» сияқты әңгімелері өзінің өнегелігімен ерекше мәңгі тәлім берер күші мол көркем шығармалар.Жазушының келесі бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына көптеген асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырайдың әңгімелері бар. Мысалы, «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» және тағы басқа да әңгімелерінде тәрбиенің ізі жатыр деп толықтай сеніммен айтуға болады. Қорыта келгенде, Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды болса да, олардың ішіндегі тәрбие берер терең мағыналы сөздердің болуы, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару ұлы ағартушы Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері бар екенін анықтауға болады. Оларды түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.
Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз
Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны, аудармашысы болып табылады. Ұлы ақынның «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» деген ұлы өлеңдері көптің көңіліне ой салатын өлеңдері болып табылады. Бұл өлеңдер талдауды қажет етеді.Бірінші «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіне талдау жасап көреді. «Құлақтан кіріп, бойды алар...» Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімаланып алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы.Ал «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңіне де кезек келді. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ең алдымен бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары, әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді.Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді.Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылықұғымынша еңбеделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздықетуші әулие ғұламасы –бәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ.
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі естелік пен білімділікке қандай адам жетіп,қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
Абай шығармалары арқылы қазақ халқының XIX ғасырдағы тағдырын танимыз...Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы мен жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып»деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді.Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылдықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек-адамның ішкі сезімі деген ұғымды қолданған.Абай халықтың жоғын жастанып,кемел жолға бастар жолды іздеді.Сол жолда аянбай тер төгіп,өз заманының сипатын,халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнелейді.Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.Расында да, Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне , логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп, көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара- сөздеріндегі гуманистик, ағартушылық,әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.Мен он төртінші қара сөзіне тоқталсам:Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап,шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса,не сол жерде сөздің расына көз жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол туралы сөз болады.
Қорыта келгенде,Абайдың қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Қарасөздің бағасы-бай заманындағы жағдайды,тарихи шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып берді
. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары. Бүгінгі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өткізілгелі отырған ашық сабағымыздың тақырыбы – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. «Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.
Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып,оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық ара-сында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы “Қос мүйізді Зұлқарнайын” деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында ауыз әдебиетінде кең тараған аңыз-әпсаналармен қатартарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-өрнегінен өткізіп Ескендір бейнесінің еш боямасыз, шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір, Александр Македонский–тарихи тұлға. Ол–бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.Абай мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мысалы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |