М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың


Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз



бет5/5
Дата11.03.2020
өлшемі77,43 Kb.
#59895
1   2   3   4   5
Байланысты:
эссе 50


Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

.Әлемдегі ең мейірімді, ақ ниетті абзал жанның бірі - ақ әже. Немересін ақ бесікке бөлеп, «Бесік жырымен» әлдилеген ізгі жандардың өмірдегі орны қашанда бөлек. Осы ардақты әжелер жайлы талай қаламгер сыр шертті. Сондай бір туынды - М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі. Өлеңді оқи отырып, көз алдыма жүзінен жылулық лебі ескен, көзінен мейірімділік шуағын төккен, басына ақ кимешек киген қарт ана елестеді. Сол Мұқағали әжесінің бейнесі бүгінгі әжелер бойынан табыла ма деген ой мені толғандырып та кетті. Осы сауалға өзімше жауап іздеп көрейін.

Алғашқы ойымды әже мен немере арасындағы үзілмес сезімнен бастағым келеді. Ол қандай құдіретті сезім десеңші! Бұған дәлел ретінде: Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем,- деген ақын сөзін алғым келіп отыр. Бұл сөзден әжесінен айырылса да, немеренің сарқылмас сағынышы мен махаббаты сезіледі. Әжесінің бұл дүниеде жоқ екендігін білсе де, оны өлді деуге жүрегі қимайды. Иә, әркімге де әже қымбат. Мен де әжемді жанымдай жақсы көрем. Кішкентай кезімде әжемнің ертегісін естімей жастыққа басым тимеуші еді. Ешкімге айтпаған сырымды соған айтам, жұбанышты содан табам. Міне, әже мен немере арасындағы үзілмес сезім деп осыны айтар едім. Өз әжем мен өзге әженің ұқсастықтарын іздей келе, әлемдегі әжелердің бәрі бір-біріне ұқсас па деп те қалам. Яғни, әже тәрбиесін көріп өскен ұрпақ ұлтының берік тірегі болары анық деп нық айта алам.Осы пікірімді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын» деген сөзімен өрбіткім келеді. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болатыны сөзсіз. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлмейтін әжелеріміз де арамызда бар. Жаһандану дәуірінде кейбіреулер ата-баба бесігін электронды бесікпен алмастыруды ұсынып жүр. Әженің бесік жырын естімей өскен баладан ертеңгі күні ұлтжанды азамат шығуы неғайбыл. Меніңше, бұл - ұлттық тәрбиеге балта шапқандықтың белгісі.Өкінішке орай, қоғамда кейде олар жайлы кереғар пікірлер де ара-тұра кездесіп қалады. Бұрынғы заман мен қазіргі заманның әжелерінің арасында алшақтық бар дейді. Сонда қандай алшақтықты сөз етіп отыр? Заман қалай құбылса да, әже мен немере арасындағы ұлы сезім өз мәнін ешқашан жоғалтпайды деп ашына айтқым келеді. Ол уәж жауапкершіліктен қашқан, өз құлқынын ғана ойлағандардікі. Бір сәт ойланып көрейікші. Бұрын қарттар үйі деген болушы ма еді? Айтуға ауыр тіркестердің бірі. Сол қарттар үйінде көздері жаутаңдап, ұл-қызын сағынышпен күткен қарияларды көргенде, өзіңді қоярға жер таппайсың. Безбүйрек, қатыгез адамдар қайдан шығады екен деген ой туындайды. Олардың орны бұл жер емес қой. Кешегі күні баласы үшін шыр-пыр болып, жар құлағы жастыққа тимей жанталасқан қариялардың орны төр емес пе? Көпке топырақ шашпайын, дегенмен ата-ана қадіріне жете алмаған қатыгездерге өкімет тарапынан бір шара қолдану керек те шығар, бәлкім.Заман өзгеріп, қарыштап дамысақ та ұлттық бейнемізді жоғалтып алмайық, құндылығымызға адал болайық. Түйгені көп қарияларымыз асыл қазына екеніне күмән келтірмейік. Әженің әлдиіне қаныққан ұрпағымыздың өрісі кеңейе берсін. осыны айғақтайды.



Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз

Кез-келген адамнан оның өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. Ең көп таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Менің ойымша, біз бәріміз сол үшін дүниеге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Меніңше, ең бастысы шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда.

Жүрегімде махаббат ән тербейтін,

Бағалайық бақытты, жан тербейтін.

Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,

Оралмайды, жан құрбым, өмір кетер, - деген Қ.Жүнісовтің «Бағалайық бақытты» өлең жолдары мені күн сайын жаңа белестерді бағындыруға жетелейді. Өмірдің қайталанбас сәттерінен ләззат алып, қиындықтармен жалыққанда көңілді бекер түсірмей, онымен күресу – бақыттың бір қыры.Осы өмірде мен үшін әрқашан бақыт сыйлайтын адам бар. Ол – менің қадірлі анашым. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. В.Гюго айтқандай: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя». Расында да, менің анам мені құшақтап, құшағына алған кезде мен әлемдегі ең бақытты адам екеніме күмәнсіз сенемін. Сондай-ақ, біз үшін барын салып жүрген асқар тау – әкем. Сонымен қатар, бауырларым, олардың менің көңілімді аулауы, көмектесуге тырысқандары, мені бақытқа бөлейді. Яғни, бірінші бақытым – отбасым.Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету. Қарапайым мысал: ауыр шелектермен келе жатқан қарт әжеге көмектесу. Қарттар үйіне келіп қарт адамдардың бір сәт болса да, көңілін аулау бақыт емес пе? Барлық игі істер сенің жүрегіңдегі тыныштық, нағыз адамгершілік сезімдігін оятады.Сонда сенің жолың тазарып, бақытқа бөленесің.Қорыта келсем, адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы, оған қол жеткізуі, әр адамның өз қолында. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. Шынымен мен бақыттымын. Мен өзіме ,жақындарыма, достарыма, істеріме, болашағыма сенемін. Соңында М.Мақатаев өлеңімен аяқтасам деймін:

Бақыт деген – әркімдерде бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.



Табысты болу - адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі

Кез келген адам табысты болғысы келеді. Және бәсекеге қабілетті болудан да бас тартпайды. Сонда табыс пен бәсекеге қабілеттілік дегеніміз не? Оны қалай жасауға болады? Өз ойымды фактімен жеткізіп көремін.Бұл терминдер көбінесе бизнес саласында жүрген азаматтарға арналған. Бұл туралы Иманғали Тасмағанбетов былай деген: «Табысты болуы үшін жастар талапты болуы керек. Білімін сағат сайын шыңдап отыруы қажет. Бір мектеп, бір университетпен шектелуді заман талабы көтермейді.» Ал бәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория:тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Президент жаңғыру табысты болу үшін әрбір азамат өз еліне пайдалы болу керек деп есептейді. Президент табыс туралы тағы былай деген: «Үштұғырлы тіл» жобасының маңызын түсіндірген кезде берілген қазақ тілін — мемлекеттік тілі ретінде, орыс тілін — ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін — жаһандық экономикада ықпалдасудың табысты тілі ретінде үйрену. Аталған үш тілді меңгеру үшін жасалған тең дəрежедегі жағдайларды жасау, олардың қызмет көрсету дəрежесінің тең емес екенін, қызмет көрсету жүктемесінің тең емес екенін жəне, соңында, олардың мəртебесінің тең еместігін білдірмейді. Менің ойымша, табысқа жету үшін алдымен мақсат қою керек. Содан соң мақсатқа жететін жоспар болу керек. Содан кейін қадамдар жасап, табысқа жетесің. Зор табысқа жеткен кез-келген адам бәсекеге қабілетті бола алады. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – басқа ірі компониялармен дәрежеңнің тең болуы. Немесе басқа адамдармен бірдей қабілетке ие болуың керек. Басқаша айтар болсақ, сенің қолыңда сені көрсететін затың немесе билігің болуы керек.

Қорыта келе, қазақтардың барлығы бәсекеге қабілетті болу керек. Себебі, қазақтар бұған лайықты.

Ұлттық болмыс дегенде бірден көз алдыңа жайлауда тұратын, малын бағатын, киіз үйде тұратын қазақ хандығы кезіндегі қазақтар елестейді. Бір жағынан ойлап қарасаң, қазақтар үшін жанын берген желтоқсан ққрбандары есіңе түседі. Сонды қазақты қазақ қылып тұратын ұлттық болмысы қандай?



Біріншіден, қазақ тілі – қазақтардың ана тілі, ұлттық болмыстың сипаты болып табылады. Қазақтардың барлығы қазақша білуі керек. Әйтпесе, несіне қазақ болып жүр? Екіншіден, қазақтардың салт-дәстүрін біліп, күнделікті қолданып, тозығы жеткенін қалдырып отыруы керек. Үшіншіден, киім үлгісі. Меніңше, ұлттық нақыштағы ою-өрнекті күнделікті киімге жапсырып жүрсе несі айып. Төртіншіден, тағы да наурызда жасалатын және ойналатын ұлттық ойындар. Күнделікті болмаса да, анда-санда алтыбақан, бәйге жарыстырып, ақсүйек тапқанға не жетсін? Қазіргі таңда Қазақстанның кейбір жерлерінде нағыз қазақтарша өмір сүретін кісілер бар. Олар Алтайда, Тарбағатайда, Жетісуда өмір сүретін қазақтар. Ол кісілер қыста саятшылық құрады, ұлттық мерекені тойлайды, ұлттық ойынды ойнайды, ұлттық киім киеді, ұлттық тағамды жейді және заман көшінен қалып жатқан жоқ.Елбасымыздың да айтқысы келгені осы. Қазақтарды рухани жаңғырту арқылы ұлттық болмысты сақтау. Рухани жаңғыру аясында Қазақстанда біршама іс-шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, біз кезіндегі Ахмет Байтұрсынов қалдырып кеткен латын қарпіне көшкелі жатырмыз. Әрі жер-жердежыр мүшәйралар мен айтыстар өткізілуде. Бұнымен қоса қазақ даласында көкпар, бәйге, асық ату сияқты ойындар қайта жаңғыруда. Бұның барлығы 2017 жылы 12 сәуірде шыққан «Рухани жаңғыру» жолдауының жемісі.Қорыта келе, «жүз адам бар жерде жүз түрлі пікір бар» демекші өз ойымды айтайын. Егер қазақ жерінде ұлттық болмысымызды жаңғыртатын жобалар көбейсе, орыстанып бара жатқан қазақтар қайта қазаққа айналар еді. Және сол жобаға қатысамын деген қазақтарда кішкене болсын патриотизм болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет