М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014


Логицизм - математика түсініктерін логика түсініктерімен сәйкестендіруге негізделген математиканың негізгі бағыттарының бipi. Логос



бет34/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Логицизм - математика түсініктерін логика түсініктерімен сәйкестендіруге негізделген математиканың негізгі бағыттарының бipi.

Логос (грекше сөз және мән-мағына) - Гераклит болмыстың тұтастығын, тұрақтылығын және гармониясын бейнелеу үшін енгізген философиялық субстанционалдық термин; ой, ұғым, ақыл-ой, дуниежүзілік заңдылық мағыналарында түсініледі.

Майевтика - пікірталас, диалог, әңгімелесу нәтижесінде ақиқатқа жетуге болатын логикалық әдіс. Майевтиканы философияға Сократ (б.д.д. 470 ж.) енгізіп, кеңінен қолданды. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың, көмегімен, олармен эңгіме-сұхбат арқылы жете алады.

Метафизика - бірінші түсінігі (Аристотель бойынша) - болмыстың, білімнің және мәдениеттің тәжірибеден жоғары принциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі - диалектикалық материализм метафизиканы диалектикаға қарама-қарсы, болмыстың қайшылықтар арқылы өзіндік сапалы дамуын терістейтін, дүниенің біржақты, тек ойдағы бейнесін кұрастыруға бейім философиялық метод деп есептеді. Қазіргі кезеңде бірінші мағынасы басымырақ.

Метод (грекше metodos - жол, зерттеу) - таным жолы, белгілі бip мақсатка жету тәсілі, шындықты теория немесе практикалық деңгейде меңгеру әдістерінің жиынтығы.

Методология - кандай да бip ғылымда қолданылатын танымдық құралдардың, методтардың, әдістердің жиынтығы. Танымдық және практикалық-өзгертушілік қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет