М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет43/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Постмодернизм - монизм философиясын терістеп, плюрализм философиясын, табиғат пен коғамдағы коптік, сантурлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденудің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс философтары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (1879-1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (1930-2004), американдық жазушы - философ Карлос Кастанеда (1925) және т.б. Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары: 1) Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс катынастарының сипаты сан турлі қасиеттерге ие. Объективтік реалдылық идеалдьық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ретті ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие. 2) онтологиялық плюрализм мен гносеологиялық плюрализмнің бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойылуы керек, таным теориясындағы бірін-бipi толықтырушылық, көптәсілдік көзқарастардың әр түрлілігінде де орын алуы тиіс. 3) Адамдардың араласуындағы монологиялық мәтіндердің орнын сұхбаттасу, үйренушілердің бір-біріне өзара әcepi, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуы тиіс.

Постпозитивизм - неопозитивизмді сынаудың негізінде 20 ғ. орт. пайда болды. Ғылыми білім мен ғылыми емес білімнің шекарасы - ғылыми білімнің тәжірбие нэтижелерінің көмегімен терістеле алатындығында деп түсініледі. Көрнекті өкілі П. Фейерабенд және т.б.

Прагматизм (грек, pragma - ic-әрекет) - буржуазиялық философияда кеңінен тараған субъективті идеалистік бағыт. Негізін салушылар Ч.Пирс (1839- 1914жж.) және У.Джеймс (1842-1910 жж.). Прагматизм өкілдері нақты дуниені практикалық уғымдар арқылы түсінуге рухани ойлау турғысынан қарады. Америкалық, прагматизм тұрғысынан философия болмыс пен танымның алғашқы бастаулар туралы ойлау емес, ол ел алдында тұрған нақты, эмпиризмдік проблемаларды шешудің жалпы әдістері үшін қажет. Әрекетке қызмет етіп, адамға нақты тығырықтан шығуға жәрдемдесетіннің бәрін прагматизм ақиқат деп жариялайды. Прагматистер пікірінше ақиқат - табысқа жетелейтін білімдер жиынтығы.

Практика - адамның материалдық, сезімдік-заттық, мақсатты кызметі, адам коғамы мен танымның қозғаушы күші, жалпы негізі, оның мазмұны - табиғи және әлеуметтік объектілерді игеру және өзгерту.

Психоанализ - психотерапия методы және бейсаналық психикалық процестер мен мотивацияларды басты деп есептейтін психологиялық ілім. 19 ғ. с. - 20 ғ. б. З.Фрейд қалыптастырды.

Рационализм - (лат. ratio - ақыл-ой) - таным процесінің басты құралы ретінде акыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар. 17 ғ. Жаңа заман философиясында рационализмді қолдағандар: Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц; 18 ғ. И.Кант, И.Фихте, Шеллинг, Г.Гегель болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет