Әмір Аяулым ДОиВ 2 курс
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger, 1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол Құрлықтық философия (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (Being and time) (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді
Мартин Хайдеггердің мақаласында фундаментальды онтологиясына, оның мазмұнында диалектикалық логика элементтерінің болуына талдау жүргізіледі. Егер диалектикалық логиканы түпкі және шексіз өзара қарым-қатынас туралы ілім ретінде анықтаса (басқалармен, аз
мәнді, қарама-қайшылықтармен қатар), онда іргелі онтологияда түпкі орнына мән қоюға болады, ал шексіз орынға − Хайдеггер болмыс (Seyn) деп атайды. Болмыс оған қатысты трансцендентті болса да, мәнсіз. Мәннен болмысқа өту логикасы ерекше диалектикалық терістеу арқылы анықталады, ол привация деп аталады. Привация уақыт өте келе экзистенциальды уақытты бір біріне қарама-қарсыға алып келеді. Біруі екіншісіне ауысу сәті онтологияда бейболмыс сияқты.Бейболмыс- уақытты белсендірудің нәтижесі. Уақытты терістеу болмыстың терістеуінен кейін Хайдеггер диалектикасын дәстүрлі терминологияда болмыстың диалектикасы және ештеңе ретінде көрсетуге болады. Алайда, ол Гегель диалектикасынан принципті түрде ерекшеленеді, онда болмыс және бейболмыс абстракцияға толық ұқсастыққа дейін, Уақытты терістеу болмыстың терістеуінен кейін Хайдеггер
диалектикасын дәстүрлі терминологияда болмыстың
диалектикасы және ештеңе ретінде көрсетуге болады. Алайда,
ол Гегель диалектикасынан принципті түрде ерекшеленеді,
онда болмыс және еш нәрсе абстракцияға толық ұқсастыққа
дейін, бір-бірімен қандай да бір айырмашылықтарды
жоғалтумен жеткізіледі. бірбірімен қандай да бір айырмашылықтарды жоғалтумен жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |