Тілші: Көп ас пісіру қиын емес пе?
Аспаз: Жоқ мен өз мамандығымды жақсы көремін сондықтан қиын емес.
Тілші: Рахмет асыңыз дәмді болсын!
– Сау болыңыз!
Дәрігерге келеді
Тілші: – Сәлеметсіз бе, кіруге болама?
Дәрігер: – Рұқсат келіңіз, қай жеріңіз ауырады.
Тілші: – Жоқ мен тілшімін сізбен сөйлескім келеді. Сізге өзіңіздің мамандығыңыз ұнай ма?
Дәрігер: – Әрине ұнайды.
Дәрігер:
Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін,
Мен дәрігер боламын.
Дәрігер:
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
Тілші: – Рақмет, сіз де ауырмаңыз. Сау болыңыз!
Тілші мұғалімге келеді.
Тілші: – Салеметсіз бе, сіз қандай қызмет жасайсыз?
Мұғалім:
Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Бөбектерді оқытар,
Мен мұғалім боламын.
Тілші: сізге мамандығыңыз ұнай ма?
Мұғалім: – Әрине ұнайды, балаларға сабақ бергенді жақсы көрем.
Тілші сатушыға келеді.
Тілші: – Сіз қандай қызмет атқарасыз?
Шаштараз:
Сән үлгісін қиятын,
Шаштараз болам өскенде.
Тілші: – Сізге мамандығыңыз ұнай ма?
Шаштараз: – Ия, ұнайды.
Тілші: – Ісіңіз оң болсын!
Тілші полиция қызметкеріне келеді.
Тілші: – Салеметсіз бе, сіз қандай қызмет жасайсыз?
Полиция қызметкері:
Жақсы оқып сабақты,
Мақсатым бұл ұраным.
Үлкен болып өскенде,
Полиция боп тұрамын.
Тілші: – Сізге көп рақмет, сәттілік тілеймін.
Міне, көрдіңіздер ме, құрметті көрермендер, әр мамандық иелері өз мамандықтарын жақсы көреді, мақтан тұтады.
Мұғалім: – Мінекей, балалар, біз әр мамандықпен танысып, рөлдерін ойнадық енді орнымызға жайғасамыз. Сіздерге ұнады ма?
Адамдар бірден дәрігер, мұғалім, әнші, биші болмайды, ол үшін көп еңбектену керек, жақсы оқу керек, сонда ғана жақсы маман иесі боламыз.
– Балалар сендерге көп-көп рақмет. Үлкен болып өсіп ел мақтайтын маман иесі болыңдар.
ІV. Сергіту сәті.
– Балалар, қайталаймыз.
V. «Кім жылдам?»
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).
Қорытынды.
– Балалар, бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Сабақ сендерге ұнады ма?
– Бүгін біз қандай мамандықтармен таныстық?
– Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды атап, алдарыңдағы жапырақтарға жазып, «Мамандықтар ағашын» гүлдендірейік!
(Оқушылар мамандықтарды атайды).
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!
Достарыңызбен бөлісу: |