М.Мақатаев атындағы
№13 орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі:
Акимбаева З.А.
1.Сабақтың тақырыбы:Канада. Орталық Америка елдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Канада мен Орталық Американың географиялық орны, халқы, шаруашылығы, өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет беру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі:Дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүние жүзінің саяси картасы.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру. «Кім тапқыр ойыны?»
1.Сұрақ жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Әңгіме дәріс.
2.Интерактивті тақтамен жұмыс.
3. Кестемен жұмыс.
4 «.Кім картаны жақсы біледі ?»ойыны
5.Сабақты пысықтау.
6. Венн диаграммасымен жұмыс.
ІҮ. Жаңа сабақтарды бекіту
Тест арқылы.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру
«Кім тапқыр?» ойыны
Солтүстік Американы қандай халықтар мекендейді?
Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел?
АҚШ жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?
Дүние жүзі бойынша нешінші орында?
АҚШ-тың астанасы қалай аталады?
АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ағып өтетін ең ірі өзен?
АҚШ-тың ең ірі қаласы?
Солтүстік Америка материгіндегі елдер?
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ сұрақ-жауаптан басталады. Оқушылар алдыңғы сабақтан алған білімдеріне сүйене отырып Канада туралы айтады.
Канаданың жер көлемі, астанасы, мемлекеттік құрылымы, жер бедеріне тоқталып өту. Осы айтылған мағлұматтардан кейін оқушылар интерактивті тақтадан Канаданың ірі қалаларының, байырғы халқы, эскимостардың суретін көрсету және Канаданың картасына тиісті атауларды оқушылар орнына қояды.
Канаданың басты байлықтарының бірі көгілдір көлдері мен ормандары. Елдің барлық жерінде үйеңкі ағашы өседі. Елдің мемлекеттік туында да үйеңкі ағашы бейнеленген.
Картадан көлдерді көрсету, кескін картаға түсіру, интерактивті тақтадан өсімдік, жануарлардың суреттерін көрсету.
Пайдалы қазбалары
Жазықтарда Ұлы жазықтарда
Уран никель алтын мыс темір мұнай газ
Орталық Америка туралы мәлімет беру
«Кім картаны жақсы біледі?» ойыны.
Канаданың астанасың дүние жүзі саяси картадан көрсету.
Орталық Америка елдерін картадан көрсету.
Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді.
Канаданың негізгі халқы Еуропадан қоныс аударғандар ол қалалар қалай аталады?
IV. Сабақты пысықтау: а) «Топтастыру стратегиясын»
пайдалана отырып анықтау керек:
ә) Жалпы оқушыларға «Ия, жоқ» ойыны ойналады.
Сұрақтар.
Жер көлемі бойынша ең үлкен 10 елдің құрамына Канада кіре ма? Ия
Оңтүстік Америка ең ыстық материк пе? Жоқ
Мадагаскар көл ме? Жоқ
Гренландия аралы Орталық Америка құрамына енеді ма? Жоқ
Дүние жүзіндегі халқының саны ең көп елдерге АҚШ кіре ма? Ия
Жердің серігі ай ма? Ия
Бес мұхит бар ма? Жоқ
«География» грек тілінен аударғанда саяхаттау деген мағынаны білдіреді? Жоқ
9.ТМД елдеріне Мексика, Франция кіре ма? Жоқ
10.Дамыған елдерге АҚШ, Германия, Жапония жата ма? Ия
Тиісті сөздерді орнына қой
а) Елдің солтүстік бөлігінде қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халқы_____________тұрады.
ә) Ұлы көлдер маңын мекендеген ___________ тайпа.
б) Ағылшын және француз тілдері мемлекеттік тілдері сондықтан «________»және «___________»деп атайды.
в) Орталық Америкада материктік ірі елдер _________ ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел ___________ болып табылады.
6. Венн диаграммасымен жұмыс.
Айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы
АҚШ Канада
7.Тест арқылы оқушылардың білімін бағалау.
Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.Канада .Орталық Америка елдері.
Достарыңызбен бөлісу: |