Алаптың максимал ені Втахалаптың ең кең жерінен оның ұзындығы анықталған түзуге жүргізілгең перпендикуляр арқылы табылады.
Алаптың оң жақ және сол жақ (басты өзенге байланысты) беттерінің теңсіздігін сипаттайтын көрсеткіш алаптың асимметриялық коэффициенті (а) келесі формуламен есептеледі.
а = 2( Ғсол - Ғоң ) / ( Ғсол + Ғоң ) (2,6)
Мұнда Ғсол — алаптың сол жақ және Ғоң — оң жақ бетінің аудандары.
Суайрық сызығының өсу коэффициенті (т) өзен алабының тұлғасын (конфигурация) көрсетеді. Ол суайрық сызығының ұзындығының (S, км) ауданы алаптың ауданына тең шеңбердің ұзындығына (S', км) қатынасына тең, яғни
т = S / S' (2.7)
Анықтама бойынша шеңбердің ауданы Ғш= πR2 немесе R= √F/π Су алабының ауданы арқылы өрнектелген радиустың мәнін шеңбердің ұзындығының формуласына қойсақ, яғни
S' = 2 πR = 2 π√F/π = 2√F ∙ π
Демек,
т = S /2√F ∙ π = 0,282 S /√F (2.8)
т-ның болуы мүмкін ең аз мәні 1-ге тең; ол өскен сайын өзен алабының формасы шеңбердің формасынан өзгешелене береді.
Алаптағы көл, батпақ, орман-тоғайлар өзеннің гидрологиялық режиміне және ағындының көлеміне тигізетін әсерін бағалау үшін көлдік (Кк), батпақтық (Кб) және ормандық (Ко) коэффициенттерін анықтаймыз.
Кк=fк ∙100/Ғ; Кб= fб ∙100/Ғ; Ко = fо ∙100/Ғ (2.9)
Мұндағы fк, fб, fо — берілуіне сәйкес, өзен алабының шегіндегі көлдер, батпақтар және ормандар алып жатқан кеңістіктердің аудандары (км2).
Алаптың орташа биіктігі Н(м) горизонтальдар жүргізілген ірі масштабты картаның көмегімен төмендегі формуламен анықталуы мүмкін.
Н=(f1h1+ f2h2+…+fnhn) / Ғ (2.10)
Мұндағы f1, f2…fn— горизонталь аралық кеңістіктердің жеке-жеке аудандары, м2; h1, h2…hn — екі горизонтальдың арасындағы кеңістіктің орташа биіктіктері, м.
Ғ — алаптың ауданы, м2.
Алаптағы биіктік аймақтары бойынша аудандардың проценттік таралуының графикалық түсінігін өзен алабының гипсографиялық қисығы бере алады. Оны салу үшін берілген биіктік аралықтарының (интервал) аудандары анықталады. Биіктік аралық алаптың биіктік құрылымына байланысты әр 10, 100 немесе 200 м және т. т. сайын белгіленеді.
Егер абцисса өсіне биіктік аймақ аудандарын бір-біріне біртіндеп қосқандағы қосындыларын салып, ал ордината өсіне — осы аймақтарға сәйкес биіктіктерді салсақ, онда өзен алабының ауданының биіктік аймақтарындағы өсуінің қисығын аламыз. (2.3-сурет).
2.3 -сурет. Өзен алабының гипсографиялық қисығы
Гипсографиялық қисық осы алапта қандай ауданның бізге керек биіктіктен жоғары немесе төмен деңгейде жатқанын білу үшін керек. Көктемде қар еруі басталатын кезде қар басқан алқаптың ауданын табу үшін (қар жамылған алқаптың шекарасы белгілі болған жағдайда) бұл көрсеткіш гидрологиялық алдын ала болжау есептеулерінде кеңінен қолданылады.
Алаптың орташа еңістігін jакелесі формула бойынша анықтаймыз.
jа= [ h∙((lо+ln) / 2 + l1 + l2+...li+ ln-1) ] / Ғ (2.1.1)
Мұндағы h— горизонтал аралық қашықтық, км.: lо, l1 ... ln — горизонтальдардың ұзындықтары, км; Ғ — өзен алабының ауданы, км2. ,