М. Н. Будыко күн тұрақтысының мәнін 8,2 Дж/ см


Алаптың физика географиялық сипаттамалары



бет12/14
Дата05.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#151776
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
гидрология

2.2.2. Алаптың физика географиялық сипаттамалары. Өзенді және оның режимін зерттеу барысында өзен алабының ағындысының қалыптасу процесіне едәуір әсері бар физика географиялық сипаттамаларын білуіміздің қажеттігі зор мәнге ие.
Алаптың географиялық орны оның координаттары мен (жердің ендігі мен бойлығы) анықталады. Алаптың географиялық орны оның өзге өзендердің алаптарына, тау жоталарына, теңіздер мен шөлдерге жақын немесе алыс орналасқандығын көрсетеді.
Алаптың климаттық жағдайы өзендердің сумен қоректенуін, ағындының қалыптасуын анықтайды. Атмосфералық жауын-шашын (мөлшері, интенсивтілігі, үлестірім салмағы), қар жамылғысының қалыңдығы және оңдағы су қоры, булану, ауаның температурасы мен ылғалдығы, сумен қанықпауы және жел-климаттық факторлардың негізгілері.
Алаптың геологиялық құрылымы және топырақтары өзендердің жер асты суларымен қоректену мөлшерін және сипатын, жауын-шашынның сорғуға кеткен шығынын, батпақтанған кеңістіктердің қалыптасуын айқындайды.
Алаптың жер бедері өзендердің сулылығын және режимін анықтайтын басты фактор. Ол жауын-шашынның белгілі алапқа тусуіне, таралуына; сонымен бірге алаптағы беткейлік су ағу жағдайына әсер етеді.
Өсімдік жамылғысы. Өзеннің су режиміңің қалыптасуында орман үлкен рөл атқарады. Ол жауын-шашынның мөлшеріне, таралуына, оның булануға кеткен шығынына, қардың жиналуына, судың жер (топырақ) қабатына сіңуге шығындануына, жер асты суларының жиналуына және су ағысының жылдамдығына әсер етеді. Өзен алабындағы орман-тоғайдың мөлшерлік көрсеткіші ретінде алаптың ормандық коэффициенті алынады, ол алаптағы орман-тоғай алып жатқан ауданның алаптың жалпы ауданының қатынасына тең. Ол процентпен немесе бірліктің бөлшегі түрінде келтіріледі.
Алаптағы көл, батпақ, көпжылдық тоң және мұздықтардың көрсеткіштері қолда бар бақылау деректеріне сәйкес немесе арнайы зерттеулердің негізінде есепке алынады.
Өзендердің режиміне және алаптың физика, геогра-фиялық жағдайына адамдардың шаруашылық әрекеттері (алаптағы жер жырту, орман отырғызу, бөгендер салу, суды суғаруға пайдалану, су көздерін ластау және т. б.) елеулі.әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет