Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Эйджизм дегеніміз не?
Қарттық кезенде адам ағзасында қандай өзгерістер болады?
Зейнеткерлікке шығудың нəтижесінен боллатыфн өзгерістер?
4 Даналылық ұғымына түсініктеме бер?
Стохастикалық теорияға не жатады?
Биологиялық қартайу деп нені айтамыз?
Деменция дегеніміз не?
Алцьгеймер ауруының симтомдарын ата?
Эвнатазия дегеніміз не?
Өмірден түңілу қандй жағдайларда кездеседі?
№ 15 дəріс
Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясына қарай адам дамуы заңдылықтары.
Дəріс мазмұны:
Адам дамуындағы өмірлік циклдар:
Жүйке жүйесінің дамуы.
Денелік дамуы.
Жыныстық дамуы.
Когнитивті даму.
Адамгершілік даму.
Тұлғаның дамып қалыптасуы:
2.1. Тұлғаның əлеуметтенуі.
2 2. Əлеуметтік ролдердің дамуы.
Əлеуметтік статус.Əлеуметтік ролдердің жүйесі.
Ролдік жəне ішкі тұлғалық конфликтілер.
Балалар мен ересек адамдардың əлеуметтенуіндегі айырмашылықтар.
Жас ерекшелігіне қарай дағдарыс кезеңдері.
Нəрестелік кезеңдегі дағдарыс.
Ерте балалық шақтағы дағдарыс (1-3 жас аралығында).
3. 3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі дағдарыс ( 3-6 жас кезеңінде)
Мектеп жасындағы дағдарыс (6-11 жас аралығында).
Ерте жастық шақтағы дағдарыс (11-20 жас аралығында)
Жас кезеңдегі дағдарыс (20-25 жас аралығы)
Орта жас немесе кемелденген шақтағы дағдарыс (50 жасқа дейінгі кезең)
Қарттық кезеңдегі дағдарыс.(50 жастан кейінгі кезең)
4.. Аномалиялық мінез-құлықтың болу себептері.
Аномалиялық жағдайда адамдардың ақыл-ойының даму деңгейі.
Балалар аномалиясы. Интеллектуалды даму деңгейінің қалыс қалуының варианттары. (конституциялық,соматикалық,психикалық,церебралды-органикалық).
4.3 Психологиялық жəне медициналық көмек беру əдістері.
Қазіргі кезде еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени жағдайына сай қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі дамытып, білімді, іс-əрекетте шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны тəрбиелеу өзекті мəселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Респупликасының «Білім беру туралы» заңында ғылым мен өмір жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани жəне дене мүмкіндіктерін, интеллектісін дамытуға бағыттау міндеті көзделген. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқыту үрдісін жетілдіру, оқушылардың ізденімпаздығын, дербестігі мен шығармашылығын дамыту өзекті мəселеге айналған. Сондықтан оқушылардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына бейімдей білуге үйрету қажеттігі туындайды. Осы міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мұнда оқушылардың танымдық іс- əрекеттерін тиімді ұйымдастыруға себебін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тəсілдерін, əдістерін іздестіруге негіз болады. Бұл əдіс – тəсілдерді ұйымдастыруда оқушылардың жалпы психикалық жəне жас ерекшелігінің даму барысы оқыту прцесінде негізгі принциптердің бірі болып есептеледі.
Оқушылардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты жəне анықтаушы жағы білімдерді іс- əрекет əдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен совет психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді жəне іс- əрекет əдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дəлелдеп берді.
Көптеген зерттеушілер де ( Л.А.Вагнер, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін жəне абсолютті деп есептелген сатыларында өзгерістер туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы Швейцария психологы, Ж. Пиаже зерттеулерінде 7-8 жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана алмайды, ал 11-12 жасқа қарай логикалық операциялар дамиды деген. Егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон – үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулер бойынша бастауыш сынып жасындағы балалардың оқу пəндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дəлелдеп отыр. Ғылыми білімдерді игеру балалардың ойлауының дамуын қайта құруға себепші болады. Сонда оқыту мазмұны, балалар игеретін білім мен іс- əрекет тəсілдерінің ерекшеліктері, оқытудағы белгілі бірізділік балалар дамуының негізгі құрылымдарын сипаттайды.
Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының негізгі ерекшеліктерін ажыратып қарастыруға болады.
Сана дамуының маңызды критерийі баланың ойлану дəрежесі, заттармен жүргізетін өз іс- əрекеттерін, түрлі қасиеттегі заттарды жəне «өзін», «өзінің», «менің» түсінуі болып табылады. Өзіндік «менді» түсіну баланың жеке басы дамуының негізгі механизмі.
Сонымен бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады.
Оқыту процесінде білім мен іс- əрекет тəсілдерінің дамуы;
Игерілген тəсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
Жеке адамның жалпы қызметтерінің (бағыттылығы, іс- əрекеті, сана жəне танымдық əрекеттері мен психологиялық құрылымдары) дамуы;
Дамудың бұл бағыттарының əрқайсысы өзіне тəн өзгешеліктерімен сипатталып, барлығы да өзара байланысты болады да, барлығы қосылып психикалық даму деп аталатын жеке адамның процесін құрайды.
Баланың жеке басының белсенділігі- психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үрдісінде, мысалы
тəсіл үстінде сырттан берілсе де іс- əрекетке енгізілуі, осы іс-əрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырылуы тиіс.
Оқыту процесінде психология тұрғысынан оқу субъектінің белсенділігі, əрекеті, психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Бұл позицияда таңбалық – символикалық құрылымдардың ақпараттық функцияларына, мағына құрудың, танымдық жəне мотивациялық құрылымдардағы өзгерістерге ерекше маңыз беріледі.
Баланың танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психологиялық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның əлеуметтік мəні жəне оның əрекетінің жанама түрдегі сипаты аталынады. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестер де өзгерістер болады. Олар сапалық жағынан, мысалы, еріксіз есте сақтаудан ерікті есте сақтауға, ойлаудың көрнекі- əсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз жəне абстрактілі логикалық жəне теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллекті дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап- баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық деңгейін белгілеуді (0-2 жас) Ж. Пиаже зерттеген. Ол ойлау əрекетінің құрылымы болып табылатын интеллекті баланың логикалық ойлауын дамыту жақтарын да қарастырды. «Оның зерттеуінің ең басты міндеті – логикалық операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллектің тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын белгілеу». Бала логикасының онтогенетикалық дамуын зерттеу Ж. Пиаженің теориясында мына ерекшеліктерді ескереді.
интеллектуалдық даму тепе- тендікке бағытталады, ол бөлшектер мен тұтастық құрылымының теңестірілуі;
интеллектуалдық дамудың əрбір деңгейі жинақталған тəжірибе ретінде əрекеттер схемасында көрініс береді;
жаңа ойлау құрылымдары əрекеттер негізінде қалыптасады;
Ойлау логикасын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту,«бұл ішкі ой - əрекеттері, олар жүйелі түрде біртұтастық заңдарға бағынатын əрекеттер», мұнда қарама- қарсы əрекетке ауысу ретіндегі негізін қалаушы категория болып табылады.
Интеллектуалдық құрылымның жас ерекшелігіне қарай даму барысында өзіндік ерекшелігі болады. Оқытудың пəндік- коммуникативтік əрекетінің əсерінен оның танымдық процестерінің дамуы, жасы өскен сайын оның ақыл-ой əрекетінің біртіндеп күрделенуі, Б.Г. Аканьев мектебінің зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп дамып отыратындығын көрсетті.
Ж. Пиаже, интеллект дамуының төрт негізгі кезеңдерін бөледі, олар: сенсомоторлық интеллект құрылуынан жəне тілдің пайда болуынан кейін жүреді немесе тілді меңгерудегі «символдық функциялар» пайда болған соң болады. Бұлар:
1,5-тен 2 жасқа дейін жəне 4 жасқа дейінгі кезең – бұл символдық жəне түсініктерге дейінгі ойлаудың дамуымен сипатталады;
4-тен 7-8 жасқа дейінгі кезеңде индуктивті (көрнекі) ойлау құрылады да олар түрлі операциялардан тұрады;
7-8-ден 11-12 жасқа дейін нақты операциялар қалыптасады, яғни ойлаудың интуициялық манипуляциялық операциялары топтасуы;
11-12 жастан жəне бүкіл жастық шақ кезеңінде формальды ойлау дамиды одан дамыған рефлексивті интеллект қалыптасады. Сонда əр кезеңнің белгілі бір заңдылықтарына қарай танымдық процестерінің дамып қалыптасуында өзіндік ерекшеліктері бар.
Педагогикалық жəне жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл- ой əрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады:білімдер алу оқушылардың іс- əрекеті процесінде, əрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында жəне соның нəтижесінде жүзеге асырылады.
Ұғынудың барысы мен сапасы танымдық іс- əрекеттің бағдарлау бөлігімен, яғни іс- əрекетті орындаған кезде оқушы бағдар алатын объективті жағдайлардың жиынтығымен анықталады.
Мысалы ақыл- ой əрекетін кезеңмен игеру теориясына сəйкес жалпылап қорыту – ойлау
іс -əрекетінің маңызды жағы, ол тек іс- əрекеттің бағдарлау негізіне кіретін қасиеттер арқылы ғана қалыптасады. Бұл теориялар 50-жылдарда П.Я. Гальпериннің еңбектерінде қарастырылды.
Бірқатар ғылымдар еңбегінде ( Н.А. Менчинская, Г.С. Костюк т.б.) оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс- əрекеттерінің құрылымына тəуелді болып келетіндігі, ол оның өзі оқыту əдістерімен анықталатындығы байқалады, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен əдістеріне тəуелді болатындығы ашып көрсетілді.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тəн ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескере отырып, соған сəйкес оқыту, тəрбие берудің тиісті түрлері мен əдіс – тəсілдері қарастырылады.
Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-əрекеті ерекше əсер етеді, сөйлеу қабілетін меңгерудің жəне дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың жəне дамытудың мынандай түрлері болады;біріншіден, нормаға сəйкес əдеби тілді меңгеру, екіншіден,оқи жəне жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де-тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбаларына, лексикасына, граматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден , оқушылардың сөйлеу мəдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сəйкес келуі.
Танымдық мəселелерді дербес шеше білу, проблемалық ситуациядан өздігінен жол табу жайын сөз еткенде, оқыту процесінде оқушылардың ойы қалыптасама деген сүрақ туындайды. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов проблеманы осылай қойған болатын. Тиісті дəрежеде дербес ойлай алмаушылық оқыту процесінде білім берудің жеміссіз тəсілдерін , мысалы бастауыш сынып оқушыларына көп жағдайда жалпылаудың формалды- логикалық тəсілдерін қолданудан болады деген жорамал үсынылды. Бастауыш мектептің үзақ жылдар бойы негізгі жолы-нақтылы жекеден формалды жалпыға, үқсасқа, біртектестікке көшу жолымен жалпылауды қалыптастыру болды. Осының нəтижесінде баланың абстракциялық ойлау қабілеті қалыптасады немесе бұл қабілеттің қалыптасуы стихиялы түрде, мектептің оқыту тəсілдерінің арқасында емес, оларға қарамастан жүзеге асады. Бүл көзқарас тұрғысынан алғанда, көптеген зерттеулерге сүйеніп айтылатын, бастауыш сынып оқушыларына нақтылы ойлау, жекеден жалпыға көшу, яғни индукциялық жол деген қарсы пікір дəлелді бола алмады. Оқытуды басқаша құрып , жалқыдан жалпыға емес, жалпыдан жалқыға көшу негізінде нақтылы ұғымдарды қалыптастыру мүмкін екенін көрсететін басқаша нəтижелер алуға болады.
Орта мектеп жеткіншек жасында (10 – 11 ден, 14 – 15 дейін) жеткіншек өз іс - əрекеті контексінде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу жетекші рол атқарады. Осы жастағы балаларға тəн іс-əрекет оның оқу, қоғамдық ұйымдастырушылық, спорттық көркемдік, еңбек түрлерін қамтиды. Іс-əрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншектер қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мəнді болуға саналы ұмтылыс пайда болады. Ол түрлі ұжымдарда нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуда, өз “менінің” мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары “ересектік сезімі“ пайда болады.
Жеткіншектің ерекше əлеуметтік белсенділігі үлкендер əлемінде, олардың қатынастарында кездесетін мінез-құлқының нормаларын, құндылықтарын жəне тəсілдерін менгеруге деген қабылдауында, сензитивтілігінде жатыр. Жеткіншек шақты зерттеушілердің бірі Д.И. Фельдштейн атап көрсетуінше адамның əлеуметтік дамып жетілуі, оның белсенді əрекеттенуші субьект ретіндегі өзің-өзін тануы мен өзін-өзі анықтануының құрылымында “қоғамға деген қатынасы бойынша жалпы екі позицияны алмастыратын болса “Мен“ жəне “Мен жəне Қоғам“ деген позицияларымен анықталады. Бұл жерде маңыздысы, жеткіншек басқада жас кезеңдері сияқты біртекті емес сатылы қасиет болып табылады. Осы кезеңде Д.И. Фельдштейн үш сатыны бөледі:
локальды қырсықтық (10-11 жас) бұл кезде үлкендердің мойындауына деген қажеттілік өршіген;
“құқықтық – мəнді“ (12-13 жас) қоғамдық мойындауға деген, əлеуметтік құпталған пайдалы іс-əрекетке деген қажеттілікпен сипатталады, жəне бұл “менің де құқым бар, мен істей аламын, мен істеуім керек“ деген сөздік формаларда көрінеді;
“мақұлдаушы əрекетті“ (14-15 жас), бұл кезде өзін көрсетуге, күш жұмсауға үстем болады.
Жеткіншектік немесе ортаңғы сынып оқушыларының танымдық əрекеті белгілі бір құбылысты танып білуге ұмтылуынан басталады. Бұл құбылыс мектеп бағдарламаларымен ғана шектеліп қоймай техникаға, өнерге, білімнің бірнеше саласына бағытталған танымдық іс-əрекеттің дамуы. Көптеген уақыттарын сол ұнамды іс-əрекетке арнап танымдық бағдары өсе бастайды. Кейбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады: қажетті материалдарды, кітаптарды, құралдарды іздестіріп оны игеруде түрлі əдіс - тəсілдердіі қолданады. Кейбір кезде кітапхана, көрме, музейлерге барып экспозициялар жинап зерттей бастайды. Сонда ықыластанған білімді табу немесе сəтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек əдебиеттерімен жұмыстана отырып себебін іздейді жəне шығармашылық жұмыстар жасайды. Мұның өзі ынта-ықыласпен нəтижелі іс-əрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өз бетімен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-əрекетінде кейде творчество элементтері болады, оның жаңа нəрсе жасау процесі немесе танымдық процестің белгілі бір бағытының дамуы. Бұл жағдайда интеллектілік даму барысы өседі.
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта қалыптасады. Оқыту процесінде берілген тапсырмалар бойынша дербес жұмыс жасай бастайды. Бесінші сыныпта-ақ өз бетімен білім алу элементтері болады. Жеткіншек кезеңінің екінші жартысында ( 7-8 сыныпта) мамандықтар туралы арманы өзгеріп, мамандық туралы түсінігі неғұрлым кеңейіп, пəндерге деген, білімге деген көз-қарастарына байланысты танымдық бағдары қалыптаса бастайды. Пəндерді саралау басталып гуманитарлық жəне жаратылыстану білімдеріне қарай бейімделеді. Өз қабілеттеріне қарай əрбір пəнге деген қызығушылығы артады, арнаулы əдебиеттерді оқып, үйірмелерге барады. Тұтас алғанда, өз бетімен əрекеттену белгілі бір бағытта өздігінен білім алу сипатын алады, оның болашақтағы өзінің мамандық қызметі үшін қажетті мазмұнды меңгерсем деген нақты мақсаты болады. Қазіргі уақытта өз бетімен жұмыстанудың жеткіншек үшін үлкен мəні бар.
Жеткіншектік шақта ересек адамға, жолдасына, өзіне баға бергенде білім, оның ауқымы мен тереңдігі мəнді өлшемге айналады. Соған байланысты 7-8 сыныптарда жеткіншектертердiң бiрқатарында өзiнiң жалпы бiлiм дəрежесін көтеруге, өнер саласында- əдебиет, музыка, живопись, театр саласында – білім алуға ұмтылу пайда болады. Жеткіншектің өзін-өзі жетілдіру бағытындағы іс- əрекеті əлсін-əлі түрлі бағытта, ұйымдаспаған түрде болады, бірақ кейбір жеткіншектерде ол 8-ші сыныпта-ақ жастық кезеңде тəн белгілерге ие болады.
Жеткіншектік кезеңде бəрін білсем деушілік жəне бəріне зейін қойғыштық- жеткіншекке тəн ерекшеліктер. Ол жаңа, қызықты, маңызды дегеннің бəрін қабылдауға құмар, бəрін білсем деген ниеттің басым болуы танымдық іс-əрекетін дамыта түседі.
Орта мектепке өтетін сəтте балалар танымдық дамудың деңгейі əр түрлі болады. Бұл айырмашылықтар мынандай жағдайда болады:
оқуға көзқарасы өте жауапты қараудан бейжай қарауға дейін;
жалпы дамуда жоғары дəрежеден бастап ой-өрістің барынша шектеулілігі мен сөйлеудің нашар дамуына дейін;
мектеп программасының шеңберінде білімінің көлемі мен тиянақтылығында оны тамаша игеруден бастап негізгі пəндер бойынша білімде елеулі кемшіліктердің болуына дейін;
оқу материалын игеру əдістерінде өздігінен жұмыс істей біліп, материалды ұғудан бастап, сөзбе сөз жаттап алуға дағдыланғандықтан өзбетімен жұмыс істеу дағдысының мүлдем болмауына дейін;
оқу жұмысындағы қиыншылықтарды жеңуден бастап қиын немесе зауқы болмағанда басқадан көмек күтіп дағдыланған əрекетіне дейін;
мүдделеріндегі айқын көрінген танымдық бағдарымен жəне белгілі бір істермен шұғылданудан бастап мұның екуінің де мүлдем болмауына дейін.
Оқыту процесіндегі бұл жағдайлар бастауыштан, ортаңғы сыныпқа көшкенде оқушының танымдық əрекеттерінің дамып қалыптасуында көптеген өзгерістер туғызады. Бұл өзгерістер оқу пəндерінің көбеюі, бірнеше мұғалімнің сабақ беруі, мұғалімдердің сабақ берудегі əдіс-тəсілдері, оқушыларға бейімделу барысы, мұғалімдермен оқушылармен қарым-қатынасы, оқушылардың өзіндік көзқарасы, оқудағы өзін-өзі бағалаулар, оқу деген ұғым мазмұнының кеңеюі т.б.
Жеке адамның дамуы үшін жеткіншек үшін білім алу қазір де, болашаққа əзірлікте де субъективті тұрғыдан қажет əрі маңызды болғанда жəне шұғылданатын əр түрлі істер танымдық, шығармашылық сипаттағы міндеттермен толыққан болса, өздігінен білім алып, өзін-өзі жетілдіруге жеткізсе, сонда ғана қалыптасады. Нақ осы жеткіншектік кезеңде өмірлік перспектива мен кəсіптік
бағдардың, мақсат пен өзін-өзі танудың қалыптасуымен байланысты оқудың жаңа мотивтері қалыптасады. Ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің танымдық белсенділігінің дамуына себепші болады. Оның өз бетімен шұғылданатын істерінде жақын жəне алыс мақсаттар пайда болады, бұлар оның нақты қызметін ұйымдастырып, бағыт береді. Оқу іс-əрекетінде өз бетімен білім алуға көмектеседі. Сонда оқу əрекетінің сапалық тұрғыдан жаңа əрі ең жоғары түрі жеткіншектік кезеңде қалыптаса бастайды.
Ортаңғы сыныптарда оқушылар ғылымдардың негіздерін оқып, игеруге кіріседі. Игерілуге тиісті материал, бір жағынан, оқу-таным жəне ойлау қызметінің бұрынғыдан гөрі неғұрлым жоғары дəрежесін талап етіп, екінші жағынан, оларды дамытуға бағытталған. Оқушылар математикадағы, физикадағы, химиядағы ғылыми ұғымдар жүйесін, белгілердің ерекше жүйесін меңгеруге, теориялық тұрғыдан пайымдап үйренуге тиіс. Осы жаңа оқу пəндерін меңгеру əдістеріне жаңа талаптар қойып, жоғары дəрежедегі интеллектіні – теориялық, формальдық, рефлекстік ойлауды – дамытуға бағытталған. Мұндай ойлау жасөспірімдік кезеңге тəн болғанымен, ол жеткіншектерде де дами бастайды.
Оқыту процесінде ұғымдарды игерудің өзі мектеп оқушыларында теориялық ойлауды қалыптастыру үшін бірқатар объективтік жағдайлар жасайтынымен, бұл олардың бəрінде бірдей қалыптаспайды. Əр оқушыда оның нақты қалыптасуының деңгейі мен сапасы əр түрлі болуы мүмкін. Теориялық ойлау мектеп білімдерін игеруде ғана қалыптасуымен шектелмейді. Тұтас қарағанда ойлаудың бұл деңгейіне жеткіншектің өз интеллектілік операцияларын ұғынып, оларды басқаруы тəн. Бұл процесс басқа психикалық функцияларғада тəн құбылыс. Сөйлеуге бақылаумен басшылық жасалады жəне жеткіншектер маңызды жағдайларда дұрыс, əрі əдемі сөйлеуге ерекше мəн береді. Мұның барлығы – жеткіншектің дамуындағы бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғандағы жаңа əрі маңызды жетістіктер.
Ғылыми ұғымдарды игеру процесінде жəне оның нəтижесінде ойлаудың жаңа мазмұны, интеллектілік қызметтің жаңа формалары қалыптасады. Ойлаудың жаңа мазмұны жəне ойлау дағдысы қалыптаспаған жағдайда геометрия, физика мен химия пəндерінде, есептер шығаруда қиындық туғызады. Белгілі заңның ереженің теоремалық көріністерін түсіне алмайды жəне белгілерді түрлендіруде қиналады.
Гуманитарлық пəндерді меңгергенде де оқушылар ғылыми ұғымдарды, фактілерді жіктеуді игереді, байланыстар мен себеп-салдар тəуелділіктерін көріп үйренеді, сипаттамалар мен кеңінен суреттеуде қорытындылар жасауды үйренеді.
Белгілі бір мамандыққа ынта пайда болады. Жеткіншектер көп нəрсеге мəн береді, көбіне бірнеше бағытта бағдар ұстайды, содан танымдық бағдары кең көлемде дами бастайды. Бірнеше үйірмелерге қатысады өздеріне ұнаған кəсіптерді романтикалық бағытта бағалайды. Кəсіптік мүдделер мен ниеттердің қалыптасуында жəне танымдық бағдарлардың жан-жақты дамуында күнделікті оқыту іс-əрекетінің ұйымдастырылуы мен сабақтағы түрлі əдіс-тəсілдердің маңызы зор.
Мамандық таңдаудың аңықтығын жəне оның тұрақтылығын М.Р. Гинзбург «болашақтың анықтылығының» екі параметрі ретінде қарастырады, олар өз кезінде, жоғары сынып оқушысының мəндік болашағын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Екінші көрсеткіш –
«валентілік» - эмоцияналдық құндылықтың болашаққа белсенділікпен байланыстылығын біріктіреді.
Жоғары сынып оқушысының оқу іс-əрекеті негізі даралық тəжірибені кеңейту, толықтыру, жаңа ақпаратты енгізу, олардың құрылымын жүйелеу, комплекстеу. Өз бетінше шешім қабылдау, шығармашылық іскерлігін дамыту, барлық құбылысты талдай отырып олардың құрылымын ұғыну, тыңдай білу жəне т.б. қасиеттер жоғары сынып оқушысының оқу іс-əрекетінің мазмұнын құрайды.
Жоғары сынып оқушысында оқу іс-əрекетінің ерекше формасы қалыптасады. Ол сапалы түсінілген зерттеулер, кəсіби бағыттылықты талдау элементтері жəне тұлғалық қажеттіліктерді анықтау мақсатында оқу əрекеттері. Бұл кезеңдегі ең маңызды психологиялық жаңа құрылымы – оқушының өмірлік жоспарлар құруы, оларды жүзеге асыру жолдарын іздеу оның оқу іс-əрекетінің мазмұнымен байланыстылығы. Оқу іс- əрекетінің мазмұнының өзі жетекші іс-əрекет жаздайынан біртенден осы жоспарларды жүзеге асыру əдіс – тəсіліне айнасады.
Оқушының кəсіби жəне тұлғалық өзін-өзі анықтауға деген дайындығы бағдарлар жүйесін, айқын көрінетін кəсіби бағдарларды жəне кəсіби қызығушылықтарды, шағармашылық ойлау формаларын, ғылыми таным əдістерін игеруді, өзін-өзі тəрбиелеу іскерлігін қамтиды. Бұл кезеңде
тұлғалық бағдарлық іс-əрекеті толық байқалады. Осы жаста оқушының автономияға ұмтылуы негізінде оның бойында өзіндік сана-сезімнің толықтай құрылымы қалыптасады, тұлғалық рефлексия дамиды, өмірлік жоспарлар, перспективалар саналы түсініледі, талап қою деңгейі қалыптасады.
Жас ерекшелігінің əрбір жаңа сатысында қабылдауда сапалы өзгерістер болады. Қабылдау процесі өтпелі кезеңмен салыстырғанда балалық шаққа тəн процесс. Жалпы, олар жыныстың жетілу процесі басталғанға дейін аяқталады жəне жасөспірім психологиясы солардың дайын күйінен бастау алады. Қабылдау процесімен байланысты процестермен салыстыра отырып, қабылдау саласындағы екінші реттегі өңделу немесе екінші реттегі синтездер процесстері деп атауға болады. Осы жағдайда қабылдаудың ойлаумен жақындалуы, қабылдаудың сөйлеумен байланысы жүзеге асады.
Сөйлеу жəне сөз түрінде ойлаудың даму процестері баланың көрнекі қабылдауын жаңа негізде қайта құрып, тым күрделі түрде өңдейтіндігі анықталды, атап айтқанда, жасөспірім кезеңінде ұғымдардың қалыптасуымен қатар, қабылдау сферасындағы көрнекі жəне көрнекі емес, нақты жəне абстрактілі мезеттердің пропорцияларының бұрынғы ара-қатынастары өзгереді.
Бала қабылдауының дамуы төрт сатыға — заттылық, əрекет, сапа жəне қатынастарға бөлінеді. Осы көзқарасқа сəйкес, 3 жастағы бала əлемді жəне заттардың жиынтығы ретінде қабылдаған болса, кейінірек ақиқатты əрекет етуші заттар мен адамдардың жиынтығы ретінде қабылдап, одан кейінірек, ара қатынастарды жүзеге асыратын ойлауға алмасып, ақиқатты байланысқан бүтек ретінде қабылдай бастайды. Қазіргі уақытта психологтар бала қабылдауының даму барысын осылайша бейнелейді.
Ойлау процестері мен қабылдау процестері бірігіп, қабылдау интелектілінеді де, көрнекті ойлауға айналады. Қабылдау объектілері ойлаудың арқасында байланысқа түсіп реттеледі себебі мен болашағы бар мағынаға ие болады. Осылайша, сөйлеу қабылдаудың мағыланануына, ақиқатты талдауға, қарапайымның орнына жоғары функциялардың құрылуына əкеледі.
Жасөспірімнің көрнекі ойлауы абстрактілі ойлау мен ұғымдардан тұратын ойлауды қамтиды. М. М. Рубинштейн жастық шақтағы ес дамуы жайлы мəселенің даулы екендігін айтады.
Дж.Селли (1901) жəне т.б. Психологтар 12 жаста ең жоғары шегіне жетікіне сенеді. Басқалары оны дамудың жалпы заңына бағындырып, оның жалпы ережеден ерекшеле қоймайтындығын айтып, ересек шақта ең жоғары деңгейіне жетеді деп тұжырымдайды. Бұл оның жастық шақта да дамитындығын білдіреді.
. Жасөспірімдердің ойлауының дамуы мен жалпы танымдық процестерінің дамуы туралы көптеген психологтар, педагогтар өтпелі кезеңде бүкіл организімінде болып жатқан өзгерістердің, жалпы дағдарыс пен жетілу процесіне байланысты түсіндірген.Көптеген теориялар негізінде мынандай тоқтамға келген: бала -ең сезімтал тіршілік иесі, оның жалпы құрылымында эмоция бірінші орын алады, ал жасөспірім — біз үшін ең адлымен, ойлау қабілеті жетілген тіршілік иесі.
Ойлаудың дамуы дегеніміз — бұрын қалыптасқан формалардың əрі қарай дамуы деген пікірді қорытындылай келе, қабылдау барысында өндірілетін процесітерінде (жинақтау, белгілеу категориялық қабылдау жəне қайта өңдеу классификациясы) де, логикалық байланыстар саласында (ұғым, пікір, қорытындылау, сын) да, мектеп жасының барысында ешқандай психикалық функция мен актілердің жаңа формалары пайда болмайды дейді. Олардың барлығы алдында қалыптасқан, бірақ мектеп жасында айтарлықтай дамиды. Бұл маңызды даму олардың дифференцияланған жəне аз ғана өзгешелік сияқты саналы қасиеттерімен байқалады.
Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп — жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мəдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады жəне əлеуметтік жакуапкершілікті сезінеді. Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Əлеуметтік жəне таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мəнге ие болады. Бұл кезең ақыл-ой қабілеттілігі дамуының маңызды кезеңі.
Олардың ойлау қызметі əлдеқайда белсенді жəне еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пəннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жеткіншектерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пəннің сыртқы мəнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше
ойлануды талап ететін пəндер қызықтырады. Олар белгілі бір құбылысты қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге бейім.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс-өзіндік ақыл-ойдың жəне өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тəн қызығушылығына сəйкес оның негізгі мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының əлеуметтік-мəнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірден өзінің орны айқындалады. Тəрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тəрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дəл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның əртүрлі құбылыстарға баға беруі, əлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін жəне өзінің əлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |