Тақырыбы: Ортажастағыадамдарпсихологиясы. Дəрістің мазмұны:
Орта жастағы физиологиялық ерекшеліктер.
2 Орта жас кезеңіне тəн психологиялық қасиеттер.
Орта жас кезеңіндегі қарым-қатынас. Жанұя жəне достар, тұлғааралық қарым-қатынастар
Орта жастағы танымдық іс-əрекет жəне ақыл-ой ерекшелігі
Орта жас кезеңіндегі психоəлеуметтік даму
.Орта жастағы міндеттер
Мақсаты:Орта жас кезеңнің психологиялық ерекшелігімен жəне осы кезеңдегі қарым-қатынас Іс-əрекет, əлеуметтік даму ерекшеліктерімен таныстыру
Адам өмірінің 75 % орта жас кезеңіне келеді. Орта жастың хронологиялық жасы 40-тан 60-65 жасқа дейін. Хронологиялық жастың сəйкес келу, келмеуі үш түрлі жастық өлшемге байланысты.
1 .Биологиялық жас адамның биологиялық даму денсаулығы.
Əлеуметтік жас-белгілі мəдениетке сай адамдардың дамуының сəйкестігі.
Психологиялық жас-орта талабына адамдардың бейімделуі.
Орта жаста физиологиялық төмендеуінің алғашқы белгілері пайда бола бастайды, жасы өскен сайын ұлғая түседі. Кейбір денелік мүмкіншіліктерінің төмендеуі, мысалы: сенсомоторлы дағдылары, сонымен бірге мүшелердің ішкі функциональды ерекшеліктері өзгеріске ұшырайды. Адамдардың көру мүмкіндігі өзгермейді.жоғары жиіліктегі дауыстарды есту мүмкіндігі төмендей бастайды.Қозғалыс дағдылары төмендеуі мүмкін, бірақ жұмыс қызметін атқару деңгейі бұрынғыдай, ол тəжірибе жəне ұзақ практикаға байланысты болады. Ересектік кезеңнен бастап əрбір 10 жыл сайын жүрекке қан айдау 8% төмендеиді, өкпенің көлемі азайады ,сонымен бірге адамдардың төзімділігі оттегінің сапасына байланысты болып келеді.Орта жастағы адамдар бұрынғыдай ұзақ уақыт жүмыс жасай алмайды.
Ересектік жағдайларды қарастыратын кезде көбіне біздер рольдердің, жағдайлардың
ауысуына əлеуметтік шыңға даму міндеттеріне көңіл аударамыз. Бұл элементтердің тұрақтылығы мен өзгеруінің көрінуі жанұя циклімен жəне даму моделімен байланысты.Орта ересектік кезеңі үшін өзіндік міндеттер тəн. Бірақта ерте жəне кеш ересектік кезеңнің міндеттері берілген кезең тапсырмаларымен сəйкес келуі мүмкін. Сондай – ақ бұл тапсырмалар ерлер жəне əйелдер үшін əртүрлі.
Көптеген зерттеулердің нəтижесінде, орта жастағы кезең өзгермелі жəне əр адамда əртүрлі болады, кейде түрлі уайымдар болады. Басқаша айтқанда, орта жастың адамдары стрестің денелік жəне əлеуметтік əсер етудің нəтижесінде, өседі.
Карл Густаф Юнг ең бірінші теоретик болған, адамның өмірінің екінші жартысына ерекше көңіл бөлді, оның ойынша бұл жастағы адамдар өздерінің қажеттіліктерін табудың алдында болады жəне өздерінің мəндерінің бар екендерін ақтайды. Келешекте ересектердің дамуының əртүрлі моделі жалғасты, сызылған үлкен қиындықтарды, өмірдің орта жəне кеш кезеңімен бірге жүреді.
Эриксонның келісімінше өмірдің бұл кезеңіндегі адамдардың маңызды мəселесі генеративтілікке көшу. Эриксонның ойынша генеративтіліктің кезеңінде адамдар 3 облысқа əсер етеді: Проективті, келер ұрпақтың қалауын тудырып қанағаттандыру; проективтіде жұмысты интегралдап жəне отбасылық өмірді жəне жаңа ұрпақты келтіру; креактивтілік облысында, мəдени потенциалдың мағынасын кең түрде түсіну. Жалпы əлеуметтік əрекет балаларды өсіру процесінде жəне олардың сүйікті адамдарын бағуда ерлердегі сияқты əйелдерде де генеративтілік арқылы көрінуі мүмкін. Көпшілік ересектерге генеративтілік, соның ішінде отбасылық жəне профессионалды көптеген ролдер арқылы көрінеді.
Хэйвингхерсттің моделі орта жасқа қатысты, Эриксонның моделіне жақын. Олардың екеуіде басқа адамдармен күрделі қарым- қатынасқа өте үлкен мəн береді, жəне жеке өмірінде көптеген өзгерістеріне бейімделуі.
Эриксон мен Р. Пекомның даму теориясы.Эриксонның ойынша, адамның даму процесі 8 стадияға бөлінеді: Алғашқы 6-уын біз қарастырдық, қазір 7-ші стадияға толық тоқталамыз. Əрбір адам əртүрлі толып жатқан қиындықтар кездестіреді. Роджер Пек адам өмірінің 2-ші жартысы туралы Эриксонның салған картинасын кеңейту өзінің басты тапсырмасы деп санады.
Пек Эриксонды өзінің өмірдің 8 жасын суреттеуінде балалық шаққа, жасөспірімдік жасқа жəне ерте есеюге өте көп көңіл бөлген, деп санады. Дамудың 6 қиындығы базальды сену , сенбеуге қарсы, ұқсастық рольдерді алуға қарсы жəне жақындық айыруға қарсы- өзіне өзіне маңызды қайшылықтарды əкеледі, əрбір адам өмірінің ерте кезеңінде рұқсат етуге міндетті. Пектің ойынша, ортажастаөте көпқиындықтаржəне тапсырмаларкөрінеді, 2 сатыға орналастыру мүмкін емес: генеративтілік стагнацияға қарсы жəне кеш орта жастағы оймен артқа қарайды, өміріндегі оқиғаларды есіне түсіреді, жəне оларды сынмен бағалайды.
Бұл жастағы бұрынғы қиындықтар жəне оларды шешетін мүмкіндіктер уақытымен қайта шығады, əсіресе стресс жəне өзгеріс кезеңі. Күтпеген аурулар, мысалы инфаркт мынаған əкелуі мүмкін, адамға автономияны жəне тəуелділікті қайтадан шешуге тура келеді. Өмірде кез келген бейімделу қайта қарауды жіне бұрынғы шешілген қиындықтарды қайта бағалауды қалайды. Пек, ересек адамның 7 проблемасын немесе жанжалды атап көрсетті.Алғашқы 4 проблема орта жаста ерекше мағына береді, қалған 3- уі кемелділік жылдарында маңызды болады, бірақта жеке тұлғалар олармен өмірінің ортасынан бастап соқтығысады.
Эриксонның стадиясында Пектің бірде- бір проблемасы орта немесе қарттық жаспен шектелмейді. Өмірінің басында қабылданған шешімдер, кірпіштер ролінде шығады, ересек адамның əрекеттері орналасады, ал орта жастағы адамдар проблемаларын шешуді қарттыққа дейін бастайды. Зерттеулер көрсеткендей 50-ден 60 жасқа дейінгі кезең түзетуге қиын болып табылады жəне адам қалған өмірін қалай өткізетінін осыдан анықтауға болады.
Психолог, социологтар жəне осы топқа жататын адамдардың пікірлері əртүрлі. Біреулері бұл өмір этабында мүмкіндіктерді жүзеге асырам десе, біреулері тəуелсіз беделге ие болу деп, ал кейбіреулер қанағатсыздық ішкі абыржу жіне депрессия кезеңі деп аталады. Адамдардың ішкі өз өміріне көзқарасы орта жаста экономикалық жағдайға, əлеуметтік жағдайына жіне өмірлік шартынан ерекшеліктеріне байланысты.Көптеген адамдардың денелік қабілеттілігі төмендесе де, тəжірибе мен білім мүмкіндігі өмірде жетістікке жетуге мүмкіндік беретінін түсінеді.Олар бұрын шеше алмаған, қолы жетпегендігін өз күшіне сенімділікпен жеңіл түрде шеше алады. Сонымен 40-
60 жас кезеңнің категориясындағы адамдарды басқарушылар буыны деп аталады жіне өндіріс корпорациясының жетекшілері, қоғамда шешім қабылдау, жауапкершілік орындарда осы кезеңдегі адамдар болады.Левинсон мен оның жақтаушылары орта жас кезеңін қиын дағдарыс кезеңі деп атады. Орта жаста отбасы мен еңбек əрекетінде жану жасы болғанымен олар өмірдің өтіп бара жатқанын алдындағы өмірден гөрі өлім жақын екенін көп ойлайды.Кейбір адамдар осы кезеңде шығармашылық потенциалын жүзеге асыруы жəне келесі ұрпаққа мұра қалдыру сұрақтары мазалайды жəне мүмкіндіктерін бос жібергендігі үшін өзінің достары мен туыстарымен жақын қарым- қатынасын сақтап қалу мəселелері мазалайды. Əрбір маңызды оқиғалар, баланың дүниеге келуі, өлім, жұмысты өзгерту, ажырасу, осында үлкен адамдар өз өмірлерін жоғары бағалайды.Көптеген орта жастағы адамдарғамынадай девиз ұстанады: барлық істі біз қазірүлгеругетиіспіз.Бұл ішкі үйге адамдар қалай қатынас жасайды, өміріндегі өзгерістер оның өмірінде жаңа бағалықпен дағдарыстың ауысуына қарай анықталады. Кейбір зерттеушілер бұл кезеңді үмітінің жоғалуы, мəңгілік не мүмкіндігінің жоғалуы, дейді ал кейбір зерттеушілер бұл көзқарасқа келіспейді. Орта жастағы адамдарды көп мазалайды, ол өз кəсібіне сын көзбен қарай бастайды.
Орта жаста ер адамдар да, əйел адамдар да өздерінің өмірлік мақсаттарын қарастырып ойластырады, ерте алға қойған міндеттерді орындады ма, соны ойлайды. Ерте ересектік кезеңде адамдар өздерін кəсіби аймақта жұмыста басқаша қарауға сендіреді.Олардың көпшілігі кəсіби таңдау жасайды жəне онымен бірге өмір сүру керек деп ойлайды.Өз жұмысында көңілі қалған, адам айырылған немесе кəсіби деңгейге жете алмағанда, олар кұйініш жəне қанағатсыздық сезінеді. Кейбіреулері өздерінің приоритет жүйесін қайта құруы мүмкін. Приоритеттің өзгеруі тек кəсіби əрекет аймағында болмайды. Мысалы: кейбір адамдар өмірінің ортасында тұлға аралық қарым- қатынасқа көңіл бөлуді шешеді немесе адамгершілік жауапкершілігіне жіне кəсіби дамуда аз бөледі.
Орта жас- бұл ұзақ уақыттың кəсіби мақсаттарды жүзеге асыру, карьераның дамуын түзету, жұмыстан көңілі қалу, бұл жұмыспен байланысты стресстің жоғары деңгейіне жету кезеңі деп түсіндіреді.Осы кезеңдегі жанұя мəселесі адамдарды көп мазалайды. Бұл уақытта үйден кету, қайта жанұя құру немесе қайтып оралу мен байланысты боллады.
Орта жастағы адамдар кішілер мен үлкендердің арасындағы байланыстырушы көпір ролін атқарады. Олар орта жаста өздерінің өзгермелі ролдеріне үйренеді. Енді олар жұмысты ұйымдастыратын немесе жүргізуге жауапкершілік алады. Бұл жауапкершілік бəрнеше қортындыларды жасауға тура келтіреді. Оларға қандайда бір мақсаттардың орындалмағанына өкініш білдіреді, жəне бірнеше жоспарлар жоспар болып қана қалатындығына келіседі. Орта жаста адамдар басқа жастармен салыстырғанда қазіргімен өмір сүрулері қажет. Жастар алға қараса, қарттар артқа бұрылса, орта жастағы адамдар өзіне деген көзқарас тұрғысында осында не қазір деп өмір сүру керек. Олар отбасын қорғайтын адам ролін ұстанады. Олар отбасының дəстүрін сақтап, отбасының əрбіреуін отбасылық мерекелерге жинайды, отбасының тарихын сақтайдды.
Үлкен балалармен қатынас олардың жеке өмірге өтінішін бөлек тұруға үйрену процесіне ауысу кезеңінен тұрады.
Ата- ана менбала арасындағы қарым- қатынасты шешу баланың жеке өмірге аяқ басуынан басталады. Кейбір жанұялар осы ролді жақсы қабылдайды.Жастарға көмекті оларға сенетіні сыйлайтын ата- аналар көмектесе алады.Ата- ана балаларын қалай болғандада дəл сол күйінде қабылдаулары қажет. Көптеген ата- аналар балаларының үйден кеткендеріне реніш білдіріп өздерін уақытша бақытсыз сезінеді, қанағатсыздықтың негізгі себептері жұмыс пен жанұялық қарым- қатынастың балаларымен айырылуымен байланысты.
Ата- аналар үнемі балаларының бар болғанына қуанып олар үшін қуанса бірақ олар кеткен соң өздерінде еркіндіктің күшейгендігіне жеке өмірінде мүмкіндіктің молайғандығымен не қосымша ресурстардың пайда болуы анық көрініс табады.
Орта жаста кезесетін ақыл-ой еңбектерінің 2 типі тұрақсыз жəне кристалданған интеллект. Олрадың арқасында жаңа нəрсе игеріледі. Оларға шапшаңдық, есте ұстаудың нəтежиесі, индуктивті талдау.
Тұрақсыз интелектіге қабылдау, талдау жатады. Бұл интеллект типі жүке жүйесінің биологиялық мүмкіндіктерін көрсетеді., яғни оның тұтастығы жəне еңбек қабілеттілігі.
Кристаланған интеллект-ұзақ уақыт аралығында білім қоры мəлімет жөнінде хабардар болуына сүйеніп, тəжірибе мен білім қабілетінің көрінуі. Адамдардың интеллектуалдық қабілетінің сақталуы өмірлік жолына байланысты. өз өміріне қанағаттанатын отбасында бірлік бар жəне достары көп, өзінің мəдени ортасы мен жақын өзара əрекеттегі адамдарда интелектуальдық қабілеті ұзақ уақыт сақталады. Көпшілік орта жастағы адамдардың когнитивті дағдыларының дамуына үлес қосатын орта еңбек болып табылады. Олардың когнитивті қабілеттері оларға қоятын кəсіби талаптармен тығыз байланысты.