М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет57/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

№ 11 дəріс


Тақырыбы: Жастық шақтағы психикалық даму. (жоғарғы сынып жасы).
Дəрістің мазмұны

    1. Ерте жастық шақтағы психологиялық ерекшеліктер.Физиологиялық даму.

    2. Когнитивтік даму.Оқу,еңбек іс-əрекеттерінің ерекшеліктері.

    3. Жастық шақтағы психоəлеуметтік даму.Тұлғалық даму.

    4. Жастық шақтағы дамудың кезеңдері мен міндеттері (Хейвингхерт,Эриксон,Левинсон т.б. даму міндеттері мен кезеңдері).

    5. Балаң жастықта эмоциялық-еріктік сферасының қалыптасуы.

Мақсаты:Ерте жастық кезеңнің ерекшелігімен жəне даму мүмкіндіктерімен жəне осы кезеңдегі басты мəселе мамандық таңдау міндеттерімен таныстыру.



      1. Ерте жастық шақ- ересектік кезеңге өтудің шынайы деңгейі.

  1. тарауда айтылғандай ересектік шақты шартты түрде ерте ересектік шақ (өмірдің 2-ші жəне 3-ші онжылдығы), орта (4-ші жəне 5-ші онжылдығы), кеш ересектік шақ (60-65 жəне одан да көп) деп бөлеміз. Біз, сонымен бірге, жеке индивидуум үшін жас мөлшерінің мəні біршама түрленіп тұруы мүмкін екенін де білдік. Көптеген индивидуалдық ерекшеліктермен бірге ересектің дамуын зерттеу жəне классификациялау перспективалары қандай? Осы көрсеткіштердің қатысуынсыз даму уақыты жəне əлеуметтік норма түсінігіне көңіл аударамыз.

Ересек адамның жасын негізге ала отырып, оның даму стадиясын анықтау өте қиын,сондықтан да зерттеушілер даму уақыты түсінігін енгізген. Даму уақыты ішкі графиктіңформасы болып табылады; олар бізге өмір жолында озып келемін бе немесе артта қалып келеміз бе соны білуге мүмкіндік береді. Мысалы 35-жастағы колледж студентін артта қалушы ретінде, ал 35-жастағы пенсияға шығуды ойлаушы адамды өз құрдастарынан алда келе жатырған адам ретінде қарастыруға болады. Даму уақыты мəдениет нормасына сай белгілі оқиғалар біздің өмірімізде қашан болуы мүмкін деген сияқты білімдерді бізге бере алады. Егер осы оқиғалар біз күткеннен ерте жəне кеш бола қалса, график бойынша қозғалғаннан гөрі осы кезде қайғыруларды бастан өткеріп жəне құрдастарымыз жағынан аз демеу көруіміз мүмкін.Басқа сөзбен айтқанда бізге өмірдің əр түрлі периодымен байланысты, іштей күтулер, кернеуді сезіну жəне қысым тəн. Бұл шекаралардың биологиялық жəне психологиялық негізі болғанмен- əйелдер, ереже бойынша, менопоузадан кейін жүкті бола алмайды; ересек ер адамдар кейде бала тəрбиесінде кездесетін қиындықтарға тап болғысы келмейді- олар көбіне əлеуметтік жағынан анықталады. Мысалы, егер біз жаңа туған сəбиін құшақтаған жұпты бақыласақ, екі жұптың жасына байланысты біздің реакциямыз əр түрлі болуы мүмкін. Біз ол жұптың мотивациясын əр түрлі түсінеміз жəне сол себептен олармен өзімізді əр түрлі образда ұстаймыз.
Бернис жəне Дэйл Ньюгартен зерттеулері бойынша АҚШ-тың мəдениет аймағында соңғы он жылда өткен мен салыстырғанда біздің уақытымызда даму уақытының жоғарғы иілгіштігіне алып келген
«дəстүрлі өмір периодының шайылуы» жүрді. «Дəстүрлі емес» студенттер 35-45 жас жəне одан да кейін мамандық алуға оралып жатады, көптеген жұптар тұңғыш нəрестенің дүниеге келуін өмірдің 3-ші онжылдығының ортасына немесе соңына қалдырады. Жанұя құру, айырылысу, қайтадан некеге тұру тек ерте ересектік шақта емес, бүкіл өмір барысында кездесіп отырады.
«Хронолгиялық жас» түсінігі бізге көбіне оқиға жайында шынайы көріністі бере алмайтынын ескеру қажет. Ситуацияны биологиялық, əлеуметтік жəне психологиялық көзқарас бойынша қарастырған жөн. Индивидтің тиесілі өмір жолының жағдайын көрсететін биологиялық жас бір индивидумнан келесі индивидумға белгілі бір дəрежеде ауысып отырады. Жүрегі əлсіз жəне ақырғы күні жақындаған 40 жастағы адам 35 жəне одан да көп өмір сүре алатын дені сау 40 жастағы адамнан өзінің биологиялық жасы бойынша ерекшеленеді. Өз, кезегінде, əлеуметтік жас мəдени нормалармен салыстырғанда индивидтің тура статусына қатысты. Үш баласы бар 40 жастағы некеде тұрған ер адам, 40 жастағы бойдақ бала сүюді жоспарламаған кездейсоқ байланыстарды дұрыс деп санайтын ер адамнан өз дамуы бойынша ерекшеленеді. Психологиялық жас адамның қоғамның талаптарына қаншалықты деңгейде жауап бере алатынын жəне бейімделе алатынын анықтайды. Ол өзіне интеллект деңгейін, оқуға деген қабілеттілік жəне моторлы дағдыларды, сонымен қатар үрейлену, мотив сияқты сипаттарды қосады.
Ересек дегеніміз не? Биолгиялық, əлеуметтік жəне психолгиялық жас ересектікті жасайтын жəне сонымен тығыз байланыстылығына қарамастан, оны бірінші жасаушылар психолгиялық сипаттамалар болып табылады.

      1. Жалпы физикалық даму.

Өмірлік оқиғаға біздің реакциямыз белгілі бір жағдайда физикалық қабілеттілікпен, яғни, біздің денсаулығымызбен, физикалық қалпымызбен жəне күшімізбен анықталады. Ерте ересектік шақта əрбір физикалық даму аспектілері өзінің максимумына жетеді. Көпшілік адамдар бұл кезеңде өте мықты жəне дені сау болып келеді.
Күш жəне шыдамдылық.
Ерте ересектік шақта, яғни, 20-40 жас аралығындағы адамдардың көпшілігі басқа даму тобының адамдарымен салыстырғанда өсу энергиясынан, күшінен жəне шыдамдылығынан лəззат алып отырады. Бұл берілген жастың айқындығына жету нормативтілігі болып табылады.
Ереже бойынша, органдардың қалыптасуы, қозу уақыты, күш, моторлы дағды жəне сенсомоторлы кординациялар 25-30 жас аралығында максимумына жетеді, ал содан кейін олар жайлап төмендей бастайды. Бірақта бұл төмендеу 30-40 жəне 40-50 жастағы көпшілік адамдардың айтуынша онша көп емес. Көптеген зерттеулер биолгиялық жүйедегі функционалды деңгейдің төмендеуі 40 жастан бастап туындайтынын дəлелдеген. Олай болса, 25-30 жастан кейін пайда болатын продуктивтіліктің максималдылығы спортшыларға маңызды болуы мүмкін, себебі, ол басқа адамдарға қарағанда аз қолданады. Барлық жүйелер өзінің максимумына берілген кезеңде жетпейді. Мысалы, көру аккомодациясы орта балалық шақта төмендеуі мүмкін. Шамамен 20
жастан бастап көру өткірлігі өте жай қалыпта төмендейді, ал 40 жастан бастап қарқынды төмендей бастайды.
Физикалық ақыл-ой жəне қабілеттің төмендеуі көбінесе критикалық ситуацияда жəне күштің максималды дайындығын талап ететін экстремальды жағдайда көрінеді. Ерте ерсектік шақ- салауатты өмір кезеңі. Бұл кезеңдегі адамдардың көпшілігі диета сақтауды, уақытында физикалық жаттығу орындауды жəне зиянды əрекеттерден аулақ болуды дағдыға айналдырады. Кеш ересектік шақпен салыстырғанда ерте ересектік шақтағы адамдар артық салмақтан аз уайым шегеді.
Ерте ересектік кезеңде қалыптасқан денсаулық жəне физикалық жаттығумен айналысу дағдысы кеш ересектік шақтада сақталынып қалады. Бірақта денсаулықпен жəне физикалық формамен байланысты нұсқаулықпен тəртіп өзгеруі мүмкін. Себебі адамар бұл кезңде дағдыларды қалыптастыру маңызды деп есептеп, мұндай кезге қарсы тұруға бейім болады.

      1. Танымдық даму жастық шақта басқа кезеңдермен салыстырғанда жоғары болады. Қазіргі зерттеу бойынша барлық танымдық қабілеттер 20жаста жоғары даму деңгейіне жетеді. Мысалы іс- əрекет жылдамдығы, ырықсыз есжəне т.б. Бірақ 30-60 жастан жоғары. Клаус Ригел дамудың бесінші деңгейін қосуды ұсынды ол- диалектикалық ойлау-формальды ойлаудың жалғасы.

Ерте жастық шақтың негізгі міндеттері түрлі психологтар əр түрлі класификациялар арқылы түсіндіреді. Хейнвингхерст жастық шақтың негізгі міндеттерін былай анықтады;
1.Кəсіби мамандықты таңдау. 2 .Жар таңдау.

  1. .Жарымен отбасында тұруға ұйрену. 4 .Отбасын құру.

  1. .Бала тəрбиелеу.

  2. .Үй шаруашылығын құру.

  3. .Жауапкершілігін қалыптастыру. 8 .Өзінің жанына жақын орта табу.

Осы міндеттерге орайбұл кезең өмірлік жоспарды практикада жүзеге асыру. Мектепті бітіру кезеңінде тұлғалық жəне кəсіби жағынан бағытталу, біренше жылдар бойы жасөспірімдік кезеңнен бастап « кім болам», қалай жасауға болады», деген сұрақтар туады.Қазіргі кезеңде экономикалық қарым-қатынастардың қарқынды даму кезеңінде экономикалық дүниетану мəселесі де негізг мəселелер қатарына кірді. Өнерге жақын өнермен айналысатын балалар экономика мен саясатепен қалыс қалуда. Соған байланысты қазіргі жастарымыз экономика саласын қөбірек таңдауда осының нəтежиесінде біздің еліміз қарқынды даму үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет