Ерете жастық кезеңдегі жастар деп кімдерді айтамыз?
Осы кезеңнің негізгі міндеттерін ата?
Ерте жастық кезеңдегі интелектуалдық қабілетінің деңгейі қандай?
Мамандық таңдаудың негізгі этаптарын ата ?
Хейнвингхерст бойынша жастық кезеңнің негізгі міндеттерін ата? 6 .Хронологиялық жас деп нені айтамыз?
Жастық шақтағы психоəлеуметтік даму
Жеке тұлға, жанұя жəне жұмыс
Стернберг махаббаттың үш компонентті теориясы
Жұптың құрылуы жəне қарым – қатынастардың дамуы.
Мақсаты: Студенттерге осы кезеңнің негізгі міндеттері жанұя құрудың маңызын түсіндіру.
Өткен тарауларда көрсетіліп кеткендей балалық шақ,ересектік жəне жастық шақ кезеңдерімен танысып,біз көптеген тұлға концепциялары бар екенін білеміз.Ересек адам тұлғасын қатысты маңызды мəліметтерді Абрахам Маслоу қарастырды.(1908-1970). Маслоу теориясы əртүрлі конструкцияларды игереді,олар дамудың əртүрлі кезеңдерінде қолданбалы болып келеді.Алайда олар даму стадияларында емес,өз потенциалын құруға талпыныс жəне өзінің Меніне жету сезімі бар əрбір адам қанағаттандыруға тиісті қажеттіліктерде негізделеді.Адам өмірінің мақсаты өзіндік ерекшелену болып табылады,яғни өзіндік талант пен қабілетті іске асыру.Өзіндік ерекшеленуге қажеттілік Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының ең жоғарғысында тұрады,ол иерархия пирамида түрінде бейнеленеді.Гуманистік психологияның өкілдері ,əсіресе Маслоу «өмір
сүру барысында біз əрқашан өз болашағымызды таңдаймыз» деп тұжырымдайды.Өз тəжірибеміз бойынша басқа адамдармен қарым-қатынасқа тəуелдіміз,бірақ қайда бағыт алу керектігін жəне жетуге тиісті мақсаттарды өзіміз анықтаймыз.
Адам өзіндік ерекшелену қажеттілігіндегі айырмашылықтарды ұйымдастырады немесе оны төменгі деңгейдегі қажеттіліктерді мысалы;тамаққа,өзін қорғауға,т.б қанағаттандырғаннан кейін іске асырады.Үнемі депрессия мен үрей жағдайында өмір сүретін адамдарда ішкі өзіндік потенциалмен қамтамасыз етілмейді.Адамдарға өмір барысында жақсы көру мен сүйікті болу қажет,сонымен қатар белгілі-бір топқа жатқызылуы жəне өз жанұясы,қоғамда белгілі-бір орын алуы тиіс.Сонымен қатар,біз əрқашан сыйластыққа мұқтажбыз.Адамдардың əртүрлі жағдайлармен əсер еткенін,дағдыларымызды,тұлғалық қасиеттерді жəне жанұя мен достар арқылы жеткен жетістіктерді жай қолданудан үлкен қоғамдық мойындағанын қалаймыз.Біз сонымен қатар жоғары когнитивті жəне эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ұмтыламыз.
Өзіндік ерекшелікке ұмтылатын адамдар қандай сапаларды игереді? Əдетте олар шыншылдығымен, жақсы əзілдік сезімімен, шығармашылдығымен,жасампаздық бастамашылдығымен ерекшеленеді жəне жағымды Мен-концепциясын игереді.Алайда олардың орындалуы міндетті емес.Мұндай адамдар кейде өзімшіл жəне өзіндік адамгершілікті,қобалжулы, өзінің жекелік потенциалын қалыптастыру үшін тұрақты болады.Олар үнемі бақытты бола бермейді,бірақ та өзіндік қайғыруды бастан кешіреді.Ерте ересектік жаста адам тек өзіндік ерекшеліктің бастамасын ғана басынан кешіреді, оған ену бүкіл өмір бойына жүреді.
Гуманистік психолог Карл Роджерс (1902-1987) бұл мəселелерді психотерапевт тұрғысынан қарастырды.Ол пациенттің үрей сезімін,олардың төмен бағалауын жəне өзіндік маңыздылықты,тұлғааралық қарым-қатынас үрдісінде пайда болатын қиындықтардың себептерін ашуға тырысты.Роджерске сəйкес,адам табиғатының негізін денсаулық пен конструктивті импульстері құрайды.Адам дүниеге келгенде жақсы, қоғамның тəртіпті мүшесі болуға дайын болады, бірақ даму барысында қоғам адамдарды «бұзады ».Ата-аналардан бастап əртүрлі маңызды фигуралар бізге сыйластық жағдайын ұсынады: мынаны істе,оны жасама,онда сен зердесіз боласың; деген сияқты.Осындай жағдайлар егер индивидте орын алса, өзін сəтсіз,жолы болмайтын деп қабылдайды, өзін төмен бағалап,үнемі үрей мен қайғыру болады.Мұндай интернализиондық жағдайлар жетістіктің қол жетпейтін стандарты болады.Роджерс бойынша,біздер басқа адамдарды толық қабылдап,жағымды қарым-қатынасты ұстану керек.Ата-ана ретінде өз баласының жағымсыз қылықтарына қарамастан оны жақсы көруі тиіс. Егер ол тəртіп бұзса,оны жазалау керек.Көбіне балаға оның маңыздылығы,қажеттілігі туралы сезімді білінбеуі кеерк.Эриксоннан кейінгі қазіргі тұлға теориялары ұқсастықтың маңыздылығын есекреді.Сьюзан Уитбурн жəне Лоурен Коннэлидің ойынша: «Ұқсастық бойынша индивидтің өзіндік бағалауын, əлеуметтік рөлдердің жəне сонымен қоса əлеуметтік жұмысы мен жанұя мүшелері,қоғам азаматтарының мінез-құлқы,мотиві,физикалық жəне когнитивтік тəсілдерге қатысты айырмашылықтары түсініледі.»Ерте ересектік жаста жəне одан əрі өмірінде ұқсастық статикалық болмайды.Кейбір ғалымдардың айтуынша,индивидтің қайғыруы мен тəжірибесі ұқсастықтағы аккодацияға ықпал етуі мүмкін,жəне бұл Пиаже атап көрсеткендей когнитивті дамуы үшін процестерге аналогиялық əсер етеді.Өз кезегінде,əрбір жас топтарындағы ересектерде 3 негізгі ұқсатық стилі болады: шындықтан бас тарта отырып, өзін өзгермейтін деп есептейтін адамдар.Олар ассимиляцияға жақын келеді;аккомодацияға жақын адамдар жəне жеке тəжірибесі ықпалымен өте үлкен өзгерістерге бейім келеді; жоғарғы деңгейдегі(уровновешенные) адамдар өз ұқсастықтарында жағымды жəне жағымсыз қайғыруларды көрсетуге бейім келеді.Соңғы аталған стил əлдеқайда таза болып келеді.
Т.В.Скинеревтің зерттеулері бойынша 6 типті бағалық-уақыттық «Мен» құрылымының түрлерін анықтады.
Үш мен құрылымы бір-бірімен байланыста жəне шындықтағы «меніне» сəкес келеді. Бұл адамның өзі туралы субьективті ұғымының қалыптасуы.
Мен құрылымы өткеніне қарағанда болашақтағыға жақын.Өткен өміріндегі меніне сын көзқараспен қарап бөтенсінеді. Қазіргі «мені» тұлғалық бағыт алуда.
Болашақтағы мен шындықтан алшақ. Үш кезеңдегі мен əртүрлі болады. Идеалды меніне болашақтағы мені сəйкестенеді.
идеалды мен шындықтағы, болашақтағы менде байланыссыз. Ол олардан Алшақтаған жəне тұлға дамуына қатысы жоқ..
Өткендегі мен қазіргісі бір-бірімен байланысты.Бұл типтегі адамдарда өздік бағалауы төмен болып келеді.
Қазіргі мені даму процесіне қатынаспайды.Ол өткендегі меніне алшақ жəне болашақтағыменде байланысы жоқ жəне идеалды менге сəйкес емес.
2.Жастық шақта көптеген адамдар ұрпақ жалғастыруға қабілеті жоғары болады. Олар жыныстық қарым-қатынасқа сезімтал болады, белсенділік танытады жəне өз жынысына ұқсастықты терең сезінеді.
Стернберг үш компонентті махаббат теориясы нұсынды. Ол үш компоненттің түрлі үйлесімінен құралған жеті түрін бөліп қарастырды.
Жақындық-бір-бірімен жақын сезіну. Ол жақсы көретін екі адамның өзара сүйіспеншілігі.мұнда біз жақсы көретін адамымыздың өмірін жақсартқымыз келеді. Біз ол адамды шынайы жақсы көріп, ол біздің қасымызда болса үлкен қуанышқа бөленеміз. Біздің ортақ əректіміз, күнделікті мəселелерді бірге шешеміз, ойымыз, сезіміміз бір жерден шығады.
Құмарлық- бұл физиологиялық қызығушылық, əуестік жəне жыныстық қарым-қатынас.Мұнда жыныстық қызығушылық болғанменде ортақ көзқарас жəне сүйіспеншілік негізінде болмағандықтан маңызы болмайды.Өзрар сыйластық болмайды.
Шешім қабылдау жəне жауапкершілік. Ол азуақытқа немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Қысқа уақыттың аспектісі- ғашықтарын саналы түрде ұғыну.Ұзақ уақыт-бұл сезімді сақтап қалу маңыздылығы.