М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет56/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Тұлғалық Қауіптілік факторы Өмірлік мүмкіндіктерді əлсіз қабылдау
Өзін төмен бағалау Қауіптілікке бейім тұру

Профилактика факторы Жетістікке жету мағына- лылығы


Денсаулықтың маңызды- лығы
Нормаларды бұзуға шы- дамау


Əрекеттер
Қауіптілік факторы
Ішімдікті қолдану проблемаға соқтырады
Профилактика факторы Шіркеуге бару
Мектептегі қоғамдық жұмыстар- ға қатысу

Көптеген зерттеушілер де ( Л.А.Вагнер, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы


оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін жəне абсолютті деп есептелген сатыларында өзгерістер туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы Швейцария психологы, Ж. Пиаже зерттеулерінде 7-8 жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана алмайды, ал 11-12 жасқа қарай логикалық операциялар дамиды деген. Егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон – үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулер бойынша бастауыш сынып жасындағы балалардың оқу пəндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дəлелдеп отыр. Ғылыми білімдерді игеру балалардың ойлауының дамуын қайта құруға себепші болады. Сонда оқыту мазмұны, балалар игеретін білім мен іс- əрекет тəсілдерінің ерекшеліктері, оқытудағы белгілі бірізділік балалар дамуының негізгі құрылымдарын сипаттайды.
Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының негізгі ерекшеліктерін ажыратып қарастыруға болады.
Сана дамуының маңызды критерийі баланың ойлану дəрежесі, заттармен жүргізетін өз іс- əрекеттерін, түрлі қасиеттегі заттарды жəне «өзін», «өзінің», «менің» түсінуі болып табылады. Өзіндік «менді» түсіну баланың жеке басы дамуының негізгі механизмі.
Сонымен бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады.

  1. Оқыту процесінде білім мен іс- əрекет тəсілдерінің дамуы;

  2. Игерілген тəсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

  3. Жеке адамның жалпы қызметтерінің (бағыттылығы, іс- əрекеті, сана жəне танымдық əрекеттері мен психологиялық құрылымдары) дамуы;

Дамудың бұл бағыттарының əрқайсысы өзіне тəн өзгешеліктерімен сипатталып, барлығы да өзара байланысты болады да, барлығы қосылып психикалық даму деп аталатын жеке адамның процесін құрайды.
Баланың жеке басының белсенділігі- психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үрдісінде, мысалы тəсіл үстінде сырттан берілсе де іс- əрекетке енгізілуі, осы іс-əрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырылуы тиіс.
Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дəрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, таным жəне іс-əрекет ерекшеліктері бар жəне адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының дамуы игеру механизмдерінің өзгерісін туғызады, бұлар оқыту əдістерінде көрінеді.Мысалы, белгілі бір жастағы балаларға тəн жетекші бағыттылық ерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет. Мектепке дейінгі шақта көптеген аса маңызды жаңа құрылымдардың ойын əрекеті негізінде дамиды. Сондықтан бұл кезде сабақтар дидактикалық ойын түрінде өтеді; мұнда баланың жаңа білімдер мен тəсілдерге ие болу үстіндегі белсенділігі жоғарғы дəрежеде көрінеді.
Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу əрекетінің маңыздылығымен, сондай-ақ танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мəнді, қызықты болуы тиіс. Кейінірек оқу əрекетінің өзі неғұрлым кеңірек мотивтермен (мысалы, қоғамдық, өзінің жеке басын жетілдіре түсуге бағыттылығы т.б.) дами бастайды. Озат педагогтар мен психологтар тəжірибесі оқыту белгілі бір жасқа немесе дара-типологиялық топқа тəн бағыттылық пен мотивтену типі ескерілетіндігін дəлелдеген.
Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, таным əрекеттері мен іс- əрекетті дамыту жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындайтын негізгі аспектілерін құрайды.
Оқу аспектілері пəнаралық болып табылады; соған сəйкес бірнеше позициялардан тұрады. Олар биологиялық, психологиялық, əлеуметтану, аксиологиялық, кибернетикалық, философиялық жəне педагогикалық позициялар.
Оқыту процесінде психология тұрғысынан оқу субъектінің белсенділігі, əрекеті, психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Бұл позицияда таңбалық – символикалық құрылымдардың ақпараттық функцияларына, мағына құрудың, танымдық жəне мотивациялық құрылымдардағы өзгерістерге ерекше маңыз беріледі.
Баланың танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психологиялық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның əлеуметтік мəні жəне оның əрекетінің жанама түрдегі сипаты аталынады. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестер де өзгерістер болады. Олар сапалық жағынан, мысалы, еріксіз есте сақтаудан ерікті есте сақтауға, ойлаудың көрнекі- əсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз жəне абстрактілі логикалық жəне теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллекті дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап- баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық деңгейін белгілеуді (0-2 жас) Ж. Пиаже зерттеген. Ол ойлау əрекетінің құрылымы болып табылатын интеллекті баланың логикалық ойлауын дамыту жақтарын да қарастырды. «Оның зерттеуінің ең басты міндеті – логикалық операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллектің тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын белгілеу». Бала логикасының онтогенетикалық дамуын зерттеу Ж. Пиаженің теориясында мына ерекшеліктерді ескереді.

  • интеллектуалдық даму тепе- тендікке бағытталады, ол бөлшектер мен тұтастық құрылымының теңестірілуі;

  • интеллектуалдық дамудың əрбір деңгейі жинақталған тəжірибе ретінде əрекеттер схемасында көрініс береді;

  • жаңа ойлау құрылымдары əрекеттер негізінде қалыптасады;

Ойлау логикасын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту,«бұл ішкі ой - əрекеттері, олар жүйелі түрде біртұтастық заңдарға бағынатын əрекеттер», мұнда қарама- қарсы əрекетке ауысу ретіндегі негізін қалаушы категория болып табылады.
Интеллектуалдық құрылымның жас ерекшелігіне қарай даму барысында өзіндік ерекшелігі болады. Оқытудың пəндік- коммуникативтік əрекетінің əсерінен оның танымдық процестерінің дамуы, жасы өскен сайын оның ақыл-ой əрекетінің біртіндеп күрделенуі, Б.Г. Аканьев мектебінің зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп дамып отыратындығын көрсетті.
Ж. Пиаже, интеллект дамуының төрт негізгі кезеңдерін бөледі, олар: сенсомоторлық интеллект құрылуынан жəне тілдің пайда болуынан кейін жүреді немесе тілді меңгерудегі
«символдық функциялар» пайда болған соң болады. Бұлар:

  • 1,5-тен 2 жасқа дейін жəне 4 жасқа дейінгі кезең – бұл символдық жəне түсініктерге дейінгі ойлаудың дамуымен сипатталады;

  • 4-тен 7-8 жасқа дейінгі кезеңде индуктивті (көрнекі) ойлау құрылады да олар түрлі операциялардан тұрады;

  • 7-8-ден 11-12 жасқа дейін нақты операциялар қалыптасады, яғни ойлаудың интуициялық манипуляциялық операциялары топтасуы;

  • 11-12 жастан жəне бүкіл жастық шақ кезеңінде формальды ойлау дамиды одан дамыған рефлексивті интеллект қалыптасады. Сонда əр кезеңнің белгілі бір заңдылықтарына қарай танымдық процестерінің дамып қалыптасуында өзіндік ерекшеліктері бар.

Педагогикалық жəне жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл- ой əрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады:білімдер алу оқушылардың іс- əрекеті процесінде, əрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында жəне соның нəтижесінде жүзеге асырылады.
Ұғынудың барысы мен сапасы танымдық іс- əрекеттің бағдарлау бөлігімен, яғни іс- əрекетті орындаған кезде оқушы бағдар алатын объективті жағдайлардың жиынтығымен анықталады.
Мысалы ақыл- ой əрекетін кезеңмен игеру теориясына сəйкес жалпылап қорыту – ойлау
іс -əрекетінің маңызды жағы, ол тек іс- əрекеттің бағдарлау негізіне кіретін қасиеттер арқылы ғана қалыптасады. Бұл теориялар 50-жылдарда П.Я. Гальпериннің еңбектерінде қарастырылды.
Бірқатар ғылымдар еңбегінде ( Н.А. Менчинская, Г.С. Костюк т.б.) оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс- əрекеттерінің құрылымына тəуелді болып келетіндігі, ол оның өзі оқыту əдістерімен анықталатындығы байқалады, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен əдістеріне тəуелді болатындығы ашып көрсетілді.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тəн ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескере отырып, соған сəйкес оқыту, тəрбие берудің тиісті түрлері мен əдіс – тəсілдері қарастырылады.
Орта мектеп жеткіншек жасында (10 – 11 ден, 14 – 15 дейін) жеткіншек өз іс - əрекеті контексінде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу жетекші рол атқарады. Осы жастағы балаларға тəн іс-əрекет оның оқу, қоғамдық ұйымдастырушылық, спорттық көркемдік, еңбек түрлерін қамтиды. Іс-əрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншектер қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мəнді болуға саналы ұмтылыс пайда болады. Ол түрлі ұжымдарда нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуда, өз “менінің” мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары “ересектік сезімі“ пайда болады.
Жеткіншектің ерекше əлеуметтік белсенділігі үлкендер əлемінде, олардың қатынастарында кездесетін мінез-құлқының нормаларын, құндылықтарын жəне тəсілдерін менгеруге деген қабылдауында, сензитивтілігінде жатыр. Жеткіншек шақты зерттеушілердің бірі Д.И. Фельдштейн атап көрсетуінше адамның əлеуметтік дамып жетілуі, оның белсенді əрекеттенуші субьект ретіндегі өзің-өзін тануы мен өзін-өзі анықтануының құрылымында “қоғамға деген қатынасы бойынша жалпы екі позицияны алмастыратын болса “Мен“ жəне “Мен жəне Қоғам“ деген позицияларымен анықталады. Бұл жерде маңыздысы, жеткіншек басқада жас кезеңдері сияқты біртекті емес сатылы қасиет болып табылады. Осы кезеңде Д.И. Фельдштейн үш сатыны бөледі:

  • локальды қырсықтық (10-11 жас) бұл кезде үлкендердің мойындауына деген қажеттілік өршіген;

  • “құқықтық – мəнді“ (12-13 жас) қоғамдық мойындауға деген, əлеуметтік құпталған пайдалы іс-əрекетке деген қажеттілікпен сипатталады, жəне бұл “менің де құқым бар, мен істей аламын, мен істеуім керек“ деген сөздік формаларда көрінеді;

  • “мақұлдаушы əрекетті“ (14-15 жас), бұл кезде өзін көрсетуге, күш жұмсауға үстем болады.

Жеткіншектік немесе ортаңғы сынып оқушыларының танымдық əрекеті
белгілі бір құбылысты танып білуге ұмтылуынан басталады. Бұл құбылыс мектеп бағдарламаларымен ғана шектеліп қоймай техникаға, өнерге, білімнің бірнеше саласына бағытталған танымдық іс-əрекеттің дамуы. Көптеген уақыттарын сол ұнамды іс-əрекетке арнап танымдық бағдары өсе бастайды. Кейбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады: қажетті материалдарды, кітаптарды, құралдарды іздестіріп оны игеруде түрлі əдіс - тəсілдердіі қолданады. Кейбір кезде кітапхана, көрме, музейлерге барып экспозициялар жинап зерттей бастайды. Сонда ықыластанған білімді табу немесе сəтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек əдебиеттерімен жұмыстана отырып себебін іздейді жəне шығармашылық жұмыстар жасайды. Мұның өзі ынта- ықыласпен нəтижелі іс-əрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өз бетімен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-əрекетінде кейде творчество элементтері болады, оның жаңа нəрсе жасау процесі немесе танымдық процестің белгілі бір бағытының дамуы. Бұл жағдайда интеллектілік даму барысы өседі.
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта қалыптасады. Оқыту процесінде берілген тапсырмалар бойынша дербес жұмыс жасай бастайды. Бесінші сыныпта-ақ өз бетімен білім алу элементтері болады. Осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншектік жастың басында тиянақты кəсіптік ниеттер қалыптасады, ал 5-6 – сыныптарда өзін болашаққа даярлау бағытындағы əрекеттер басталады. Кейбір жағдайда, өздігінен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу элементтері өзінше дамиды; белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, əр түрлі ойындардың мазмұнындағы таңдаған ролдердің бейнесінің маңызы екінші жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады. Жеткіншек кезеңінің екінші жартысында ( 7-8 сыныпта) мамандықтар туралы арманы өзгеріп, мамандық туралы түсінігі неғұрлым кеңейіп, пəндерге деген, білімге деген көз- қарастарына байланысты танымдық бағдары қалыптаса бастайды. Пəндерді саралау басталып гуманитарлық жəне жаратылыстану білімдеріне қарай бейімделеді. Өз қабілеттеріне қарай əрбір пəнге деген қызығушылығы артады, арнаулы əдебиеттерді оқып, үйірмелерге барады. Тұтас алғанда, өз бетімен əрекеттену белгілі бір бағытта өздігінен білім алу сипатын алады, оның болашақтағы өзінің мамандық қызметі үшін қажетті мазмұнды меңгерсем деген нақты мақсаты болады. Қазіргі уақытта өз бетімен жұмыстанудың жеткіншек үшін үлкен мəні бар.
Жеткіншектік шақта ересек адамға, жолдасына, өзіне баға бергенде білім, оның ауқымы мен тереңдігі мəнді өлшемге айналады. Соған байланысты 7-8 сыныптарда жеткіншектертердiң бiрқатарында өзiнiң жалпы бiлiм дəрежесін көтеруге, өнер саласында- əдебиет, музыка, живопись, театр саласында – білім алуға ұмтылу пайда болады. Жеткіншектің өзін-өзі жетілдіру бағытындағы іс-əрекеті əлсін-əлі түрлі бағытта, ұйымдаспаған түрде болады, бірақ кейбір жеткіншектерде ол 8- ші сыныпта-ақ жастық кезеңде тəн белгілерге ие болады.
Жеткіншектік кезеңде бəрін білсем деушілік жəне бəріне зейін қойғыштық- жеткіншекке тəн ерекшеліктер. Ол жаңа, қызықты, маңызды дегеннің бəрін қабылдауға құмар, бəрін білсем деген ниеттің басым болуы танымдық іс-əрекетін дамыта түседі.
Орта мектепке өтетін сəтте балалар танымдық дамудың деңгейі əр түрлі болады. Бұл айырмашылықтар мынандай жағдайда болады:

  • оқуға көзқарасы өте жауапты қараудан бейжай қарауға дейін;

  • жалпы дамуда жоғары дəрежеден бастап ой-өрістің барынша шектеулілігі мен сөйлеудің нашар дамуына дейін;

  • мектеп программасының шеңберінде білімінің көлемі мен тиянақтылығында оны тамаша игеруден бастап негізгі пəндер бойынша білімде елеулі кемшіліктердің болуына дейін;

  • оқу материалын игеру əдістерінде өздігінен жұмыс істей біліп, материалды ұғудан бастап, сөзбе сөз жаттап алуға дағдыланғандықтан өзбетімен жұмыс істеу дағдысының мүлдем болмауына дейін;

  • оқу жұмысындағы қиыншылықтарды жеңуден бастап қиын немесе зауқы болмағанда басқадан көмек күтіп дағдыланған əрекетіне дейін;

  • мүдделеріндегі айқын көрінген танымдық бағдарымен жəне белгілі бір істермен шұғылданудан бастап мұның екуінің де мүлдем болмауына дейін.

Оқыту процесіндегі бұл жағдайлар бастауыштан, ортаңғы сыныпқа көшкенде оқушының танымдық əрекеттерінің дамып қалыптасуында көптеген өзгерістер туғызады. Бұл өзгерістер оқу пəндерінің көбеюі, бірнеше мұғалімнің сабақ беруі, мұғалімдердің сабақ берудегі əдіс-тəсілдері, оқушыларға бейімделу барысы, мұғалімдермен оқушылармен қарым-қатынасы, оқушылардың өзіндік көзқарасы, оқудағы өзін-өзі бағалаулар, оқу деген ұғым мазмұнының кеңеюі т.б.
Оқыту процесіндегі осы өзгерістер оқушылардың танымдық бағдарына да үлкен əсері болады.
Оқу мен білімге деген көзқарас əр балада сапалық жағынан əртүрлі болады. Жеткіншектердің ақыл- ой жұмысына деген тұрақты бейімділік, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеруге ұмтылу, белгілі бір оқу пəндеріне жəне ғылым мен техникалық немесе өнердің тиісті салаларына тұрақты бағдар пайда болады.
Жеке адамның дамуы үшін жеткіншек үшін білім алу қазір де, болашаққа əзірлікте де субъективті тұрғыдан қажет əрі маңызды болғанда жəне шұғылданатын əр түрлі істер танымдық, шығармашылық сипаттағы міндеттермен толыққан болса, өздігінен білім алып, өзін-өзі жетілдіруге жеткізсе, сонда ғана қалыптасады. Нақ осы жеткіншектік кезеңде өмірлік перспектива мен кəсіптік бағдардың, мақсат пен өзін-өзі танудың қалыптасуымен байланысты оқудың жаңа мотивтері қалыптасады. Ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің танымдық белсенділігінің дамуына себепші болады. Оның өз бетімен шұғылданатын істерінде жақын жəне алыс мақсаттар пайда болады, бұлар оның нақты қызметін ұйымдастырып, бағыт береді. Оқу іс-əрекетінде өз бетімен білім алуға көмектеседі. Сонда оқу əрекетінің сапалық тұрғыдан жаңа əрі ең жоғары түрі жеткіншектік кезеңде қалыптаса бастайды.
Ортаңғы сыныптарда оқушылар ғылымдардың негіздерін оқып, игеруге кіріседі. Игерілуге тиісті материал, бір жағынан, оқу-таным жəне ойлау қызметінің бұрынғыдан гөрі неғұрлым жоғары дəрежесін талап етіп, екінші жағынан, оларды дамытуға бағытталған. Оқушылар математикадағы, физикадағы, химиядағы ғылыми ұғымдар жүйесін, белгілердің ерекше жүйесін меңгеруге, теориялық тұрғыдан пайымдап үйренуге тиіс. Осы жаңа оқу пəндерін меңгеру əдістеріне жаңа талаптар қойып, жоғары дəрежедегі интеллектіні – теориялық, формальдық, рефлекстік ойлауды – дамытуға бағытталған. Мұндай ойлау жасөспірімдік кезеңге тəн болғанымен, ол жеткіншектерде де дами бастайды.
Теориялық ойлаудың өзіне тəн қасиеті – гипотетикалық-дедуциялық, яғни гипотезалар құру жəне оларды тексеру арқылы бір ғана жалпы тұжырым негізінде пайымдауға қабілеттілік. Бұл деңгейде ой қорытындысына дейінгі бүкіл пайымдау сөз түрінде жеткізіледі, ал оның мазмұны – белгілердің
жүйесі – сөзбен жеткізілу немесе, мысалы математикада қолданылатын ерекше белгілер жүйесін айту. Жеткіншектің ойлауының дамуында интеллектік міндеттерге алдын-ала ойша шешуді талап ететін міндет. Жеткіншек есепке талдау жасауды берілген шамалардағы мүмкін болатын қатынастарды анықтау іс-əрекетінен бастайды, олардың байланысы туралы түрлі болжамдар жасайды, одан соң гипотезаларды тексереді. Интеллектілік міндеттерді шешуде гипотезаларды пайдалана білу – жеткікшектің болмысқа талдау жасаудағы аса маңызды жетістігі. Болжамдар жасап ойлау – ғылыми пайымдаудың өзіне тəн құралы. Ойлауды дамытудың бұл деңгейіне тəн ерекшелік абстракциялаудың дамуы ғана емес, сонымен бірге жеткіншек өзінің интеллектілік операцияларына зейін қояды, талдау жасап, баға береді. Сондықтан мұндай ойлау рефлексиялы ойлау деп аталады.
Оқыту процесінде ұғымдарды игерудің өзі мектеп оқушыларында теориялық ойлауды қалыптастыру үшін бірқатар объективтік жағдайлар жасайтынымен, бұл олардың бəрінде бірдей қалыптаспайды. Əр оқушыда оның нақты қалыптасуының деңгейі мен сапасы əр түрлі болуы мүмкін. Теориялық ойлау мектеп білімдерін игеруде ғана қалыптасуымен шектелмейді. Тұтас қарағанда ойлаудың бұл деңгейіне жеткіншектің өз интеллектілік операцияларын ұғынып, оларды басқаруы тəн. Бұл процесс басқа психикалық функцияларғада тəн құбылыс. Сөйлеуге бақылаумен басшылық жасалады жəне жеткіншектер маңызды жағдайларда дұрыс, əрі əдемі сөйлеуге ерекше мəн береді. Мұның барлығы – жеткіншектің дамуындағы бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғандағы жаңа əрі маңызды жетістіктер.
Математика циклінің пəндері бойынша материалдың ұғымдық, қорытушы жəне логикалық тұрғыдан ұйымдастырылған сипаты оны бастапқы игеру кезінде, яғни мұғалім түсіндіргенде танымдық белсенділікті талап етеді. Теоремалық дəлелденуін жай тыңдауға ғана болмайды. Мысалы геометрия сабағында материалды бұған дейінгі пайымдау мен дəлелдеудің логикасын түсініп, есте ұстағанда ғана игеруге болады. Бұл шақта дерексіз логикалық тұрғадан ұйымдастырылған материалға ұзақ уақыт зейін қоя білу дамиды.
Қабылдау əрекетінің дамуы барлық оқу материалын игеруегі қажетті шарты.
Ғылыми ұғымдарды игеру процесінде жəне оның нəтижесінде ойлаудың жаңа мазмұны, интеллектілік қызметтің жаңа формалары қалыптасады. Ойлаудың жаңа мазмұны жəне ойлау дағдысы қалыптаспаған жағдайда геометрия, физика мен химия пəндерінде, есептер шығаруда қиындық туғызады. Белгілі заңның ереженің теоремалық көріністерін түсіне алмайды жəне белгілерді түрлендіруде қиналады.
Гуманитарлық пəндерді меңгергенде де оқушылар ғылыми ұғымдарды, фактілерді жіктеуді игереді, байланыстар мен себеп-салдар тəуелділіктерін көріп үйренеді, сипаттамалар мен кеңінен суреттеуде қорытындылар жасауды үйренеді.
Кіші жеткіншектер өз бетімен жұмыс істегенде материалды есте сақтауда бірінші рет қайталау арқылы жаттау əдісін қолданғанмен ес процесі мақсатқа сай дамиды. Есте сақтау əдістерін қолдану, оларды меңгеру деңгейі, есте сақтау, қалдыру, қайта жаңғырту арқылы байланыста дамиды. Оқушылардың екі тобының – есте жақсы сақтайтындардың мнемикалық іс-əрекетінің сипаты жағынан айырмашылығы болады. Есте жақсы сақтайтын бесінші сынып оқушылары есте сақтаудың сыртқы əдістерін ғана емес, кейбір аралық жолдарды, ассоцияцияларды, тіректерді бөлуді, мағыналық топтастыруды кеңінен қолданады. Сегізінші сынып оқушыларын саналы есте сақтау процесінің өзінде аралық тəсілдерді ұғынып, арнайы пайдалану, жəне əрбір материалға сай ерекше ізденіс тəсілдері тəн. Материалдың мазмұнына, оның ерекшелігі мен ішкі логикасына таңдау жасау негізгі орын ала бастайды. Кейбір жеткіншектер үшін есте сақтаудың жолдарын таңдауда оралымдылық тəн, ал кейбіреулері жалғыз əдісті таңдайды, енді біреулері кез-келген материалды жүйелеп, логикалық тұрғыдан өңдеп таңдай алады. Материалды сөзбе-сөз есте сақтауға үйрену сөйлеудің дамуына, оның ішінде ойын өз сөздерімен тұжырымдан жеткізе білеуге кедергі жасайды.
Материалды логикалық өндеу көбінесе жеткіншектерде өздінінен дамиды. Мұндай іскерліктерді дамыту оқыту процесіндегі негізгі міндет жəне жеткіншектің танымдық əрекеттері мен қабілетінің одан əрі дамуына мүмкіндегі болады.
Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын жəне өз ниетін практикалық іс- əрекетте жүзеге асыруға ұмтылу кезеңі болып саналады.
Белгілі бір мамандыққа ынта пайда болады. Жеткіншектер көп нəрсеге мəн береді, көбіне бірнеше бағытта бағдар ұстайды, содан танымдық бағдары кең көлемде дами бастайды. Бірнеше үйірмелерге қатысады өздеріне ұнаған кəсіптерді романтикалық бағытта бағалайды. Кəсіптік мүдделер мен ниеттердің қалыптасуында жəне танымдық бағдарлардың жан-жақты дамуында күнделікті оқыту іс-əрекетінің ұйымдастырылуы мен сабақтағы түрлі əдіс-тəсілдердің маңызы зор. Жеткіншектердің көпшілігі үшін 7-8 сыныптарда оқитын уақыт – болашақ туралы көп ойланатын кезең. Біреулері армандарын іс-əрекетке айналдыруға тырысады, енді біреулері болашақтың əр түрлі вариантарына өздерін шамалап көреді. Үшіншілері өз мүмкіндіктерінің мамандықтың талаптарына сай келу проблемасын шешеді. Төртіншілері мамандықтың мазмұны ол туралы түсініке сай келетін – келмейтінін анықтайды. Бұл жағдайда кейбір жеткіншектер өз мүмкіндіктерін дəлме-дəл бағалайды, ал екіншілері өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды немесе өз қабілетін дамыта, көрсете білмейді сондықтан төмен бағалайды.
.
Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық дамудың бүкіл тарихы осы функциялардың жоғары өту мен дербес жоғары синтездердің құрылуынан тұрады. Түрге функциялар, олар: ес, зейін, қабылдау, ойлау, қиял, ерік. Даму процесінде осы функциялардың барлығы – орталық немесе жетекщі функциясы – ойлаудың дамуы, ұғымдардың қалыптасуы болып табылатын күрделі жүйені құрайды. Барлық қалған функциялар осы жаңа құрылысымен бірге отырып, интеллектіленеді, ойлау негізінде ұғымдардың өзіде қайта құрылады. Енді осы функциялардың түрлеріне тоқталатын болсаң, қабылдау процесінен бастаймыз. Қабылдау əрекеті баланың психикалық дамуының тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан да бұл өте ерте қарапайым функция ретінде қарастырылады.
Жас ерекшелігінің əрбір жаңа сатысында қабылдауда сапалы өзгерістер болады. Қабылдау процесі өтпелі кезеңмен салыстырғанда балалық шаққа тəн процесс. Жалпы, олар жыныстың жетілу процесі басталғанға дейін аяқталады жəне жасөспірім психологиясы солардың дайын күйінен бастау алады. Қабылдау процесімен байланысты процестермен салыстыра отырып, қабылдау саласындағы екінші реттегі өңделу немесе екінші реттегі синтездер процесстері деп атауға болады. Осы жағдайда қабылдаудың ойлаумен жақындалуы, қабылдаудың сөйлеумен байланысы жүзеге асады.
Сөйлеу жəне сөз түрінде ойлаудың даму процестері баланың көрнекі қабылдауын жаңа негізде қайта құрып, тым күрделі түрде өңдейтіндігі анықталды, атап айтқанда, жасөспірім кезеңінде ұғымдардың қалыптасуымен қатар, қабылдау сферасындағы көрнекі жəне көрнекі емес, нақты жəне абстрактілі мезеттердің пропорцияларының бұрынғы ара-қатынастары өзгереді.
Бала қабылдауының дамуы төрт сатыға — заттылық, əрекет, сапа жəне қатынастарға бөлінеді. Осы көзқарасқа сəйкес, 3 жастағы бала əлемді жəне заттардың жиынтығы ретінде қабылдаған болса, кейінірек ақиқатты əрекет етуші заттар мен адамдардың жиынтығы ретінде қабылдап, одан кейінірек, ара қатынастарды жүзеге асыратын ойлауға алмасып, ақиқатты байланысқан бүтек ретінде қабылдай бастайды. Қазіргі уақытта психологтар бала қабылдауының даму барысын осылайша бейнелейді.
Ойлау процестері мен қабылдау процестері бірігіп, қабылдау интелектілінеді де, көрнекті ойлауға айналады. Қабылдау объектілері ойлаудың арқасында байланысқа түсіп реттеледі себебі мен болашағы бар мағынаға ие болады. Осылайша, сөйлеу қабылдаудың мағыланануына, ақиқатты талдауға, қарапайымның орнына жоғары функциялардың құрылуына əкеледі.
Жасөспірімнің көрнекі ойлауы абстрактілі ойлау мен ұғымдардан тұратын ойлауды қамтиды. Жасөспірім қабылдаған ақиқатты сезініп, ойша қорытумен қатар, оны ұғымдар негізінде ойша қорытады, яғни ол үшін көрнекі қабылдау актісінде абстрактілі жəне нақты ойлау (синтезделеді) біріктіріледі. Ол көзіне көрінген ақиқатты бұрында жасалған кешендермен емес, ойлауда жасалған ұғымдар негізінде реттейді. Категориялы қабылдау тек өтпелі кезеңде ғана пайда болады. Балада жəне жасөспірімде қабылданатын байланыстар жүйесі кешен мен ұғым сияқты өзгеше болады; жалпы айтқанда, бала қабылдауда көбіне еске түсіреді, ал жасөспірім ойлайды. (К.Бюлер, В.Элиасберг, Ф.Бергер, Штерн, А.Гельб, В.Келер зерттеулерінен тұжырымдар).
Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің есінде де осы сияқты өзгерістер байқалады. Естің дамуы жайлы мəселе — тым шиеленіскен əрі күрделі мəселелердің бірі болып табылады. Ес дамуында қарама-қайшы көзқарастар көп болды. Бір авторлар ес өптелі кезеңде тез дамитындығын айтқан
болса, басқалары ол төмендейді деп тұжырымдайды, үшіншілері оның даму кезеңін, сəл ерте кезбен сəйкестендіріліп, естің өтпелі кезеңде шамамен бір деңгейде сақталып қалатындығын айтады.
М. М. Рубинштейн жастық шақтағы ес дамуы жайлы мəселенің даулы екендігін айтады. Дж.Селли (1901) жəне т.б. Психологтар 12 жаста ең жоғары шегіне жетікіне сенеді. Басқалары оны дамудың жалпы заңына бағындырып, оның жалпы ережеден ерекшеле қоймайтындығын айтып, ересек шақта ең жоғары деңгейіне жетеді деп тұжырымдайды. Бұл оның жастық шақта да дамитындығын білдіреді.
М. М. Рубенштейн екінші көзқарасты қолдайтын ойын білдіреді. Ес 12 жаста шынымен даму шыңына жеткенімен, - дейді ол, - оның тірі құбылысы кеңейтілген қызығушылықтан, ассоциативті бағадан, ерікті жəне эмоциялы тұрақтылықтан, неғұрлым жүйелі логикадан қолдау табады; жастық шақтағы ес еш себепсіз əлсірей қоймайды, керісінше, күшейе түседі.
Алғашқы мектеп жасында, сəбилік шақтағындай, интеллект көбірек еске сүйенеді. Ойлау негізінен еске түсіру əрекетінің ықпалымен жүзеге асады. Ой операцияларының талдауы ойлауды емес, негізінен естің іс-əрекетін сипаттайтын заңдылықтарды ашады.
Шмицтің қарастырған зерттеулерінде əр түрлі сатыдағы оқушылардың көп мөлшерін қамтып, ес пен интеллект жəне эйдетикалық бейімділік арасындағы қатынастарды анықтаған. Жалпы бұл зерттеу образдарда бөлшектенбеген кейіпте үш дербес функцияның — естің, қиялдың жəне ойлаудың бастамасын қамтиды деген. Осының барлығы оқушыларда бұл процестер арасында шек қою мүмкін емес олар бірігіп əрекет ететіндігінің дəлелі.
Егер бала интеллектісі — ес ес функциясы болса, жасөспірімдегі ес- интеллект функциясы.
Баланың қарапайым ойлауы қаншалықты еске сүйенетін болса, жасөспірімнің есі соншалықты ойлауға сүйенеді;
бала ұғымның сөздік формасының астарында қаншалықты нақты-бейнелік жəне практикалық-əрекеттік мазмұн жасырынған болса, жасөспірім есі бейнелерінің астарында соншама шынайы ұғымдар жасалынады. Естің даму тарихындағы осындай негізгі фактор əлі де зерттелуде.
Есте сақтау функциясының өзінің құрамы, құрылымы, іс-əрекет тəсілдері жағынан да сапалы сипаттағы өсуі жүреді. Оның əрі қарай даму жолы түбегейлі өзгереді.
Жасөспірімнің есі эйдетикалық көрнекі бейнелерден ажырайды, материалдық мағынасын түсінуге, талдауға жəне жүйеленуіне байланысты вербалды ес, ұғымдарды есте сақтау бірінші орынға шығады, сонымен қатар сөз арқылы есте сақтауда материалды өңдеу сипаты ойлаудыңобраздан ұғымға өту өзгерістерінен өтеді. Ішкі сөйлеудің аса күшті дамуы жəне сыртқы мен ішкі сөйлеу арасындағы айырмашылықтың жойылуымен жасөспірімнің вербалды есінің өзі, негізінен, ішкі сөйлеуге сүйенетін интеллектілі функциялардыңбіріне айналады. Осылайша ес пен ойлау дамуының ерте сатыларында анықталғанына қарама-қарсы қатынас пайда болады.Егер онда ұғымды анықтау нақты образ немесе қозғалыс бағдарына сөзге аударуы болса, мұнда нақты образдармен қозғалыс бағдарын есте сақтау сəйкес ұғымдарды меңгерумен алмасады. Егер онда ойлану — еске түсіру болса, мұнда есте қалдыру ойлану болып табылады.
Қысқаша айтқанда, жасөспірім логикалық есте немесе жанама есте сақтаудың ішкі формасы деп атайтын ішкі мнемотехникағ көшеді. Ішкі сөйлеудің қауырт дамуымен байланысты, осындай сыртқыдае ішкіге өту құбылысы тереңірек анықтауды талап етеді, себебі ол ішкіге өтпелі кезеңдегі барлық интеллектілі функциялардың дамуындағы ортақ белгіні құрайды жəне ол зейінге де, еске де бірдей тəн.
Жасөспірімнің зейінінің даму ерекшеліктері туралы зерттеулер де түрлі тұжырымдар жасады. Олардың біріне тоқталсақ: «Дербес əртүрліліген, ерекшелігіне қарамастан, - дейді М.М. Рубинштейн, - қызығушылықтарының неғұрлым кеңірек жəне тұрақты болуынан емес, оның негізгі элементі неғұрлым сақталған, берік кейіпте болуынан да, осы кезеңдегі зейін үлкен ауқымға жəне тұрақтылыққа ие болады. Сондықтан жасөспірім зейіні де ұзақ жəне белсенді келеді. Сонымен бірге, осы сыртқы əсерлер — стимулдардың жəне олардың түрленген формалары ықпалын қажет етпей, мазмұнында тұрақты қабілетіне ие болып, ішкі логикасын басшылыққа алады».
Өтпелі кезеңдегі зейіннің дамуы мен ұғымдардың қалыптасуы функциясының арасындағы байланыстың екі жақты сипаты болатындығын ескереміз: бір жағынан, басқа да интеллектілі функциялардағы сияқты, зейіннің дамыуындағы белгілі деңгейі ұғымдар негізіндегі ойлау дамуының қажетті алғы шарты болуы, екінші жағынан, ұғымдар негізіндегі ойлауға көшудің өзі
зейіннің жоғары сатыға көтерілуі оның ішкі ырықты зейіннің жаңа жоғары əрі күрделі формасына өтуі.
Пиаженің пікірінше зейіннің құрылымы мен ұйымдасуы ең алдымен оның эгоцентрлік ойлауымен байланысында сипатталады. Бала ойлауының тəсілдері оның зейінінің сипатын анықтайды. Сондықтан бала үшін оның өзіне тəн, тікелей, нақты қабылдауы мен дерексіз ойлауының арасында айырмашылық орын алады. Ол заттарды олардың бір-біріне қатысты ішкі қатынастарында емес, үнемі тікелей қабылдауда көрінетін қатынастарында қарастырады. Заттарды бірінен кейін бірін бірізділікке қарастырмай, синтезсіз немесе үзік-үзік қарастырады.
Баланың ойлауы зейіннің қарапайым түрде ұйымдастырылуымен сипатталады. Зейіні тікелей сипатта, ол ырықсыз жəне сырттан бағытталады. Жасөспірімде ойлаудың дамуымен жеке ұғымдармен ойлауға өтумен қатар, зейіннің жоғары формалары дамиды — жанама зейін, оның ырықсыз зейінге қатынасы мнемотехниканың механикалық еске қатынасындай.
Бүтіндей зейіннің даму процесі қалыптасатын сатыларды атай отырып, оның негізгі екі сатысына тоқталсақ, біріншісі — мектеп кезеңін, екіншісі өтпелі кезеңді қамтиды. Жалпы, осы сатылардың біріншісі, өзіндік психикалық функциялар — есті, зейінді сырттай меңгеру сатысы болып табылса, екіншісі сол процестерді іштей меңгеру сатысы. Сыртқы меңгеруден ішкі меңгеруге көшу - жасөспірімнің маңызды ерекшеліктерінің бірі.
А.Н.Леонтьев арнайы түрде əртүрлі жас шамаларындағы зейіннің дамуын зерттейді. Жасөспірім ойлауының дамуы жəне ұғымдардың қалыптасуы
Өтпелі кезеңдегі ойлаудың даму тарихының өзі қазіргі кезде ескі құрылымдардан өтіп, интеллекттің жетілуін жаңаша түсінудің өтпелі кезеңін басынан өткізуде.
Жасөспірімдердің ойлауының дамуы мен жалпы танымдық процестерінің дамуы туралы көптеген психологтар, педагогтар өтпелі кезеңде бүкіл организімінде болып жатқан өзгерістердің, жалпы дағдарыс пен жетілу процесіне байланысты түсіндірген.Көптеген теориялар негізінде мынандай тоқтамға келген: бала -ең сезімтал тіршілік иесі, оның жалпы құрылымында эмоция бірінші орын алады, ал жасөспірім — біз үшін ең адлымен, ойлау қабілеті жетілген тіршілік иесі.
Ойлаудың дамуы дегеніміз — бұрын қалыптасқан формалардың əрі қарай дамуы деген пікірді қорытындылай келе, қабылдау барысында өндірілетін процесітерінде (жинақтау, белгілеу категориялық қабылдау жəне қайта өңдеу классификациясы) де, логикалық байланыстар саласында (ұғым, пікір, қорытындылау, сын) да, мектеп жасының барысында ешқандай психикалық функция мен актілердің жаңа формалары пайда болмайды дейді. Олардың барлығы алдында қалыптасқан, бірақ мектеп жасында айтарлықтай дамиды. Бұл маңызды даму олардың дифференцияланған жəне аз ғана өзгешелік сияқты саналы қасиеттерімен байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет