М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет62/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Орта жас кезеңге қандай жас аралығы жатады?

  2. Орта жас кезеңдгі денелік өзгерістерді ата?

  3. Орта жас кезеңнің негізгі міндеттерін ата?

  4. Орта жас кезеңдегі интеллектуалдық даму сатысы?

  5. Биологиялық жас дегеніміз не?

6 . Психологиялық жас дегеніміз не? 7 .Əлеуметтік жас дегеніміз не?

Орта жас кезеңіндегі психоəлеуметтік даму.


  1. Орта жастағы міндеттер

  2. Орта жастағы тұлға аралық қатынастар.

  3. Жанұядағы өзгерістер. Жеке тұлға, жанұя жəне жұмыс

Өткен тарауларда көрсетіліп кеткендей балалық шақ,ересектік жəне жастық шақ кезеңдерімен танысып,біз көптеген тұлға концепциялары бар екенін білеміз.Ересек адам тұлғасын қатысты маңызды мəліметтерді Абрахам Маслоу қарастырды.(1908-1970). Маслоу теориясы əртүрлі конструкцияларды игереді,олар дамудың əртүрлі кезеңдерінде қолданбалы болып келеді.Алайда олар даму стадияларында емес,өз потенциалын құруға талпыныс жəне өзінің Меніне жету сезімі бар əрбір адам қанағаттандыруға тиісті қажеттіліктерде негізделеді.Адам өмірінің мақсаты өзіндік ерекшелену болып табылады,яғни өзіндік талант пен қабілетті іске асыру.Өзіндік ерекшеленуге қажеттілік Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының ең жоғарғысында тұрады,ол иерархия пирамида түрінде бейнеленеді.Гуманистік психологияның өкілдері ,əсіресе Маслоу «өмір сүру
барысында біз əрқашан өз болашағымызды таңдаймыз» деп тұжырымдайды.Өз тəжірибеміз бойынша басқа адамдармен қарым-қатынасқа тəуелдіміз,бірақ қайда бағыт алу керектігін жəне жетуге тиісті мақсаттарды өзіміз анықтаймыз.
Адам өзіндік ерекшелену қажеттілігіндегі айырмашылықтарды ұйымдастырады немесе оны төменгі деңгейдегі қажеттіліктерді мысалы;тамаққа,өзін қорғауға,т.б қанағаттандырғаннан кейін іске асырады.Үнемі депрессия мен үрей жағдайында өмір сүретін адамдарда ішкі өзіндік потенциалмен қамтамасыз етілмейді.Адамдарға өмір барысында жақсы көру мен сүйікті болу қажет,сонымен қатар белгілі-бір топқа жатқызылуы жəне өз жанұясы,қоғамда белгілі-бір орын алуы тиіс.Сонымен қатар,біз əрқашан сыйластыққа мұқтажбыз.Адамдардың əртүрлі жағдайлармен əсер еткенін,дағдыларымызды,тұлғалық қасиеттерді жəне жанұя мен достар арқылы жеткен жетістіктерді жай қолданудан үлкен қоғамдық мойындағанын қалаймыз.Біз сонымен қатар жоғары когнитивті жəне эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ұмтыламыз.
Өзіндік ерекшелікке ұмтылатын адамдар қандай сапаларды игереді? Əдетте олар шыншылдығымен, жақсы əзілдік сезімімен, шығармашылдығымен,жасампаздық бастамашылдығымен ерекшеленеді жəне жағымды Мен-концепциясын игереді.Алайда олардың орындалуы міндетті емес.Мұндай адамдар кейде өзімшіл жəне өзіндік адамгершілікті,қобалжулы, өзінің жекелік потенциалын қалыптастыру үшін тұрақты болады.Олар үнемі бақытты бола бермейді,бірақ та өзіндік қайғыруды бастан кешіреді.Ерте ересектік жаста адам тек өзіндік ерекшеліктің бастамасын ғана басынан кешіреді, оған ену бүкіл өмір бойына жүреді.
Гуманистік психолог Карл Роджерс (1902-1987) бұл мəселелерді психотерапевт тұрғысынан қарастырды.Ол пациенттің үрей сезімін,олардың төмен бағалауын жəне өзіндік маңыздылықты,тұлғааралық қарым-қатынас үрдісінде пайда болатын қиындықтардың себептерін ашуға тырысты.Роджерске сəйкес,адам табиғатының негізін денсаулық пен конструктивті импульстері құрайды.Адам дүниеге келгенде жақсы, қоғамның тəртіпті мүшесі болуға дайын болады, бірақ даму барысында қоғам адамдарды «бұзады ».Ата-аналардан бастап əртүрлі маңызды фигуралар бізге сыйластық жағдайын ұсынады: мынаны істе,оны жасама,онда сен зердесіз боласың; деген сияқты.Осындай жағдайлар егер индивидте орын алса, өзін сəтсіз,жолы болмайтын деп қабылдайды, өзін төмен бағалап,үнемі үрей мен қайғыру болады.Мұндай интернализиондық жағдайлар жетістіктің қол жетпейтін стандарты болады.Роджерс бойынша,біздер басқа адамдарды толық қабылдап,жағымды қарым-қатынасты ұстану керек.Ата-ана ретінде өз баласының жағымсыз қылықтарына қарамастан оны жақсы көруі тиіс. Егер ол тəртіп бұзса,оны жазалау керек.Көбіне балаға оның маңыздылығы,қажеттілігі туралы сезімді білінбеуі кеерк.Эриксоннан кейінгі қазіргі тұлға теориялары ұқсастықтың маңыздылығын есекреді.Сьюзан Уитбурн жəне Лоурен Коннэлидің ойынша: «Ұқсастық бойынша индивидтің өзіндік бағалауын, əлеуметтік рөлдердің жəне сонымен қоса əлеуметтік жұмысы мен жанұя мүшелері,қоғам азаматтарының мінез- құлқы,мотиві,физикалық жəне когнитивтік тəсілдерге қатысты айырмашылықтары түсініледі.»Ерте ересектік жаста жəне одан əрі өмірінде ұқсастық статикалық болмайды.Кейбір ғалымдардың айтуынша,индивидтің қайғыруы мен тəжірибесі ұқсастықтағы аккодацияға ықпал етуі мүмкін,жəне бұл Пиаже атап көрсеткендей когнитивті дамуы үшін процестерге аналогиялық əсер етеді.Өз кезегінде,əрбір жас топтарындағы ересектерде 3 негізгі ұқсатық стилі болады: шындықтан бас тарта отырып, өзін өзгермейтін деп есептейтін адамдар.Олар ассимиляцияға жақын келеді;аккомодацияға жақын адамдар жəне жеке тəжірибесі ықпалымен өте үлкен өзгерістерге бейім келеді; жоғарғы деңгейдегі(уровновешенные) адамдар өз ұқсастықтарында жағымды жəне жағымсыз қайғыруларды көрсетуге бейім келеді.Соңғы аталған стил əлдеқайда таза болып келеді.
.Ересектік жағдайларды қарастыратын кезде көбіне біздер рольдердің, жағдайлардың ауысуына əлеуметтік шыңға даму міндеттеріне көңіл аударамыз. Бұл элементтердің тұрақтылығы мен өзгеруінің көрінуі жанұя циклімен жəне даму моделімен байланысты.Орта ересектік кезеңі үшін өзіндік міндеттер тəн. Бірақта ерте жəне кеш ересектік кезеңнің міндеттері берілген кезең тапсырмаларымен сəйкес келуі мүмкін. Сондай – ақ бұл тапсырмалар ерлер жəне əйелдер үшін əртүрлі.
Орта жас- бұл ұзақ уақыттың кəсіби мақсаттарды жүзеге асыру, карьераның дамуын түзету, жұмыстан көңілі қалу, бұл жұмыспен байланысты стресстің жоғары деңгейіне жету кезеңі деп түсіндіреді.Осы кезеңдегі жанұя мəселесі адамдарды көп мазалайды. Бұл уақытта үйден кету, қайта жанұя құру немесе қайтып оралу мен байланысты боллады.
Орта жастағы адамдар кішілер мен үлкендердің арасындағы байланыстырушы көпір ролін атқарады. Олар орта жаста өздерінің өзгермелі ролдеріне үйренеді. Енді олар жұмысты ұйымдастыратын немесе жүргізуге жауапкершілік алады. Бұл жауапкершілік бəрнеше қортындыларды жасауға тура келтіреді. Оларға қандайда бір мақсаттардың орындалмағанына өкініш білдіреді, жəне бірнеше жоспарлар жоспар болып қана қалатындығына келіседі. Орта жаста адамдар басқа жастармен салыстырғанда қазіргімен өмір сүрулері қажет. Жастар алға қараса, қарттар артқа бұрылса, орта жастағы адамдар өзіне деген көзқарас тұрғысында осында не қазір деп өмір сүру керек. Олар отбасын қорғайтын адам ролін ұстанады. Олар отбасының дəстүрін сақтап, отбасының əрбіреуін отбасылық мерекелерге жинайды, отбасының тарихын сақтайдды.
Үлкен балалармен қатынас олардың жеке өмірге өтінішін бөлек тұруға үйрену процесіне ауысу кезеңінен тұрады.
Ата- ана менбала арасындағы қарым- қатынасты шешу баланың жеке өмірге аяқ басуынан басталады. Кейбір жанұялар осы ролді жақсы қабылдайды.Жастарға көмекті оларға сенетіні сыйлайтын ата- аналар көмектесе алады.Ата- ана балаларын қалай болғандада дəл сол күйінде қабылдаулары қажет. Көптеген ата- аналар балаларының үйден кеткендеріне реніш білдіріп өздерін уақытша бақытсыз сезінеді, қанағатсыздықтың негізгі себептері жұмыс пен жанұялық қарым- қатынастың балаларымен айырылуымен байланысты.
Ата- аналар үнемі балаларының бар болғанына қуанып олар үшін қуанса бірақ олар кеткен соң өздерінде еркіндіктің күшейгендігіне жеке өмірінде мүмкіндіктің молайғандығымен не қосымша ресурстардың пайда болуы анық көрініс табады.
Бұл жастағы бұрынғы қиындықтар жəне оларды шешетін мүмкіндіктер уақытымен қайта шығады, əсіресе стресс жəне өзгеріс кезеңі. Күтпеген аурулар, мысалы инфаркт мынаған əкелуі мүмкін, адамға автономияны жəне тəуелділікті қайтадан шешуге тура келеді.Серігінің қайтыс болуы жарының жақындасуды қалауын қайтадан маңызды етуі мүмкін. Өмірде кез келген бейімделу қайта қарауды жіне бұрынғы шешілген қиындықтарды қайта бағалауды қалайды. Эриксонның ойынша, өмірдің маңызды жағдайлары, күйеуінің немесе əйелінің қайтыс болуы адам өміріне түпкілікті өзгерістер əкеледі, ол 1-ші базальды сенуге қайта оралады автономиялық ынта, ұқсастық жəне жақындық жіне осыдан кейін кемелділік генеративтілігіне қол жеткізеді.Ересектік өмірдің спецификалық өмірлік тапсырмаларын оқуға тырысқан Пек, ересек адамның 7 проблемасын немесе жанжалды атап көрсетті.Алғашқы 4 проблема орта жаста ерекше мағына береді, қалған 3- уі кемелділік жылдарында маңызды болады, бірақта жеке тұлғалар олармен өмірінің ортасынан бастап соқтығысады.
Эриксонның стадиясында Пектің бірде- бір проблемасы орта немесе қарттық жаспен шектелмейді. Өмірінің басында қабылданған шешімдер, кірпіштер ролінде шығады, ересек адамның əрекеттері орналасады, ал орта жастағы адамдар проблемаларын шешуді қарттыққа дейін бастайды. Зерттеулер көрсеткендей 50-ден 60 жасқа дейінгі кезең түзетуге қиын болып табылады жəне адам қалған өмірін қалай өткізетінін осыдан анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет