Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті - ақ!
Амина: Сіңліңнің саған деген қарым - қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.
Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы - әпкеммен ойнау.
Анасы: Сендер бір - біріңмен тату, бірлікте өмір сүру керек екендігін қалай түсіндірсем екен!?
Сұрақ:
-
Апалы- сіңлілер неге керісе береді ?
-
«Әпкең мен ағаң - өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-
Анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
оқулықта 61-62 бет
Шығармашылық жұмыс:
Досың көп болуы үшін қандай амалдар жасауымыз қажет, сөздің әр әрпіне дұрыс әрекеттердің түрлерін жазу.
І топ тапсырмасы: «Татулық»
ІІ топ тапсырмасы: «Бірлік»
ІІІ топ тапсырмасы: «Достық»
маркер, сөздері жазылған қағаз, үнтаспа әуенмен
Үй тапсырмасы.
-
Дәптерде № 15 сабаққа берілген тапсырманы орындау.
-
65 беттегі «Бата» А.Естеновтың өлеңін жаттау.
оқулық
Топпен ән айту.
«Достық» әні
-
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
-
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
-
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
үнтаспа
Соңғы тыныштық сәтi.
(Баяу музыка ойналыптұрады)
Мұғалім:- Балалар, бәріміз көзімізді жұмып
тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы
әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге
орналастырайық.Сіздерге көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |