бейберекет (хаосты) қозғалысының кинетикалық энергиясынан, молекулалардың өзара әсерлесуінің потенциялдық энергиясынан және ішкі молекулалық энергиясынан тұрады. Ішкі энергия – жүйе күйінің функциясы. Демек, жүйе бір күйден екінші күйге өткен кезде оның ішкі энергиясының өзгерісі әр қашан да ауысу жолына тәуелсіз, яғни жүйенің бір күйінен екінші күйіне келтіретін процесіне немесе процестер жиынына тәуелсіз, тек осы күйлердегі ішкі энергияның мәндерінің айырымына тең. Молекуланың орташа энергиясы молекуланың тек ілгерілемелі қозғалысының энергиясын ғана көрсетеді. Алайда молекулалардың ілгерілемелі қозғалысымен қатар, олардың айналуы және қозғалысына қатысатын атомдардың тербелуі де мүмкін. Мұндай қозғалыстың екі түрі бір энергия қорымен байланыста болады да, оны анықтауға статистикалық