(молекулалық шоқ) сыртқа өтеді. Күміс атомдары ауа молекулаларына соқтығысып ауытқымас үшін приборда ауа сиретілген. Сыртқы цилиндрдің бетіне жеткен күміс атомдары жіңішке вертикаль жолақ түрінде шөгіп қалады. Егер приборды айиалмалы қозғалысқа келтіретін болсақ, онда молекулалар шоғының ізі сыртқы цилиндрдің бетінде қайсыбір шамаға ығысады.
ПЕРРЕН ТӘЖІРИБЕСІ. АВОГАДРО САНЫН АНЫҚТАУ Француз ғалымы Перрен молекулалардың биіктік бойынша таралу идеясын қолданып Авогадро тұрақтысын тәжірибе жүзінде анықтады. Ол броундық қозғалысты микроскоппен зерттей отырып броундық бөлшектер тартылыс өрісінде газ молекулалары сияқты таралып орналасытындығына көз жеткізді. Перрен радиусы микроннның ондық үлесіндей болатын гуммигут шариктерінен тұратын біртекті эмульсия дайындай алды.