М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет129/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
атын, сондай-ақ, түрік оқымыстылары Арат Рахметидің, Кө-
пірілізаде Фуадтың, Атсыз Ниһалдың, Банаралының және басқа 
да ғалымдардың еңбектерін атап өтер едік.
Ғұн тайпалары Хуанхэ өзенінің орта тұсынан бастап, төменгі 
ағысына дейін, Орта және Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, 
Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аймақтарды 
алып жатты. Кейіннен Жетісу өңірі мен өр Алтайдан өтіп, Ертіс 
өзеніне дейін көшіп-қонып жүрген. Ал, біздің заманымызға дейінгі 
І мыңжылдықтың аяғында, біздің заманымыздың басында ғұндар 
батысқа қарай жылжыды. Көне Қытай жылнамаларының деректе-
ріне сенсек, ғұндардың бір бөлігі егін егіп, кен қазып белгілі бір 
қоныста мекендесе, ал қалған бір бөлігі мал шаруашылығымен ай-
налысып, жайылымға жер іздеп, жер жағдайына байланысты көшіп 
жүрді. Бұл жөнінде академик Ә.Марғұланның: «Біздің заманымыз-
дан сегіз ғасыр бұрын ғұндар бұрынғы отырықшылық тұрмыстан 
шығып, енді төрт түлік мал өсіретін көшпелі тұрмысқа ауысады. 
Ғұнның көшпелі тайпалары Канғой, Алтай, Тарбағатай, Орталық 
Қазақстан, Тянь-Шань тауларында қоныс етіп, осы арада өсіп-өнеді. 
Көп мал бағып, көшіп жүру жердің географиясын тау-тасын, суы 
мол жерін, ауа райын айыруға мүмкіндік береді. Сол ауа райына 
қарай, көшу әрқашан оңтүстік пен солтүстіктің арасында созылып 
жатқан байтақ өлкелердің арасында өтеді. Қыс күні болса Ортос, 
Кансу, Лобнор, Тарим өзенінің бойы Тянь-Шань таулары, Жетісу 
өлкесін қоныстап шықса, жазға қарай теріскейдегі салқын тауларға, 
Мұз теңізіне дейін барады», [1, 11 б.] – деп жазғаны бар.
Сақтар сияқты ғұндар да жауынгер халық болған. Сақ пат-
шалығы парсылармен алысып өтсе, ғұндардың өмірі қытайлар-
мен теке-тіресте өтті. Қытайлар олар үшін бітіспес дұшпанға 
айналды. Ғұндарды жойып жіберуге тырысқан қытайлар олар 
жайында мәлімет жинап, зерттеумен де айналысты. Ғұндар ара-
сына жіберген тыңшылары: «Дәстүрлері бойынша малдың етін 
жеген, сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап киген, малдары шөп 
жеп, су ішкен, жылдың әр мезгіліне қарай су, шөп іздеп олар 
бір орыннан, екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі және 
сыртқы қорғандар жоқ. Қалалары болмаған және жер өңдеумен 
айналыспаған. Әрбір еркек жауынгер. Соғыста құстар тобы сияқты 
жауына бәрі құлшына жабылады, ал жеңілген кезінде бытырап 
кетеді, сонан соң қайта жиналады», [4, 27 б.] – деп жазады. 
Қытай жылнамаларында көрші жатқан сақ, ғұн, үйсін, қаңлы 
сияқты тайпалар туралы көп деректер келтірілген. Қытай кал-
лиграфистері аталған тайпалардың ерлік жырларын, ертегілерін, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет