М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет207/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
199 
Ақын қазақ мемлекеттілігінің демократиялық дәстүрлерін, би-
лердің соттық тәжірибелерін жоғары бағалап, Сахара халқының 
игілігі үшін олардың қайта жаңғырту тәсілдерін іздестірді. Абайдың 
ойынша билер Есим хан салған «ескі жолды», Қасым ханның «қасқа 
жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» әрқашан есте ұстаулары ла-
зым.
Халық нағыз лайықты адамддарды өздері сайлау керек, дауыс 
беру авантюристердің айла-шарғысына айналмауы тиіс, ал бұл өз 
кезегінде адамдардың бір-біріне деген өзара сыйластығына нұқсан 
келтіреді. Халықтың рухани әлемінде кез келген саяси құрылым 
өзінің өмір-құрылымдық негізін қалауы тиіс, әйтпесе ол ұзаққа бар-
майды. Осы мәселелер жайындағы Абайдың көзқарасы халықтың та-
рихи жадының, этностың өзіндік санасын қалыптастырудағы рухани 
мұраның маңызын түсінуге әкеледі.
Абай қазақ халқының өзін өзі басқаруға, өзін өзі ұйымдастыру-
ға қабілетті екендігінде сенді, ол өзінің «Қара сөздерінде» қазақ 
халқының рухани өрлеуінің мазмұны мен негіздеріне жиі оралуы 
тегін емес. Ойшылдың Қазақ сахарсының әлеуметтік өмірінің кей-
бір тұстары мен этностың рухани әлеміне деген сындарлы да сыни 
көзқарастарынан, оның туған ортасының алдыңғы қатарлы қоғамдық 
құндылықтарды жасауға қабілеттілігіне түңіле қарауына негіз болды 
деп айтуға болмайды. Қазақ қоғамының өзін өзі басқаруға, мәдени-
жасампаз шығармашылыққа қабілеттілігіне этностың тарихы куә. 
Негізінен қоршаған әлеуметтік ортасы Абай ойларын қарама-
қайшылыққа толы ұлт өмірінің өзіне тән рухани байлығымен қоса, 
тұтастай соның бейнесі ретінде қабылдады. 
Абай қазақ халқының рухани келбетін анықтауда бүтін бір 
құрылымнан жеке бір элементті бөліп алмай, көптеген қиын-
шылықты басынан өткерген туған халқының өмірін тұтастай алып 
қарастырады. Ойшыл өз халқының рухани жетілудің биігімен 
теңесіп өмір сүргенін қалайды. Ақынның алдыңғы қатарлы дамы-
ған халықтардың жеткен деңгейіне жетуге, белсенділікке үндеуі 
қазақ қоғамының мүдделері мен өз жерлестерінің этноменталдық 
табиғатын байыпты пайымдауларына сүйенген. Абайдың ойын-
ша адамның шығармашыл табиғаты оны мазаламай тұрмайды. Ол 
ақылының, білімі мен адамгершілікті қасиеттерінің арқасында жа-
сампаз. Шығармашылдық үдерістің өзі адам еркіндігімен тығыз бай-
ланысты және социумда оның рухани өсуін қамтамасыз етеді. Бұдан 
басқа, адамның рухани жетілуі үшін ғылымға, сенім мен өмірге 
берілгендік өте маңызды және осы үдерістің негізгі элементі болып 
табылады.


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет