М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет209/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
201 
Қазақ ағартушылығының басты ерекшеліктерінің бірі қазақ 
ойшылдарының көзқарасындағы әлеуметтік бағыттың, сонымен 
қатар, адами экзистенция мәселесі мен адам болмысының өмірлік 
маңызды негізіне деген рухани ізденістің басым болуы болып табы-
лады. Қазақ ойшылдарының шығармашылығы астарында халықтың 
сауатсыздықтан көзін ашып, ағартушылыққа беттеу идеясы жатыр. 
Қазақ ағартушылары әлемнің бірегей бейнесін ашып көрсетуге ты-
рысты. Олар адам рухани кемелденбесе, оның кез-келген әрекеті 
мәнін жоғалтатынын айтады.
Қазақ ағартушылығының халықтық философиясы жалпы ұлт-
тық құндылықтар мен адамгершіліктік жауапкершілік туралы 
терең ойларға толы. Қазақ ағартушылары үшін руханият түсінігі 
болмыстың терең мәні, адам бойындағы шынайы адамгершлікті 
анықтау, адамның өмір сүруінің мақсаты сияқты өздерінің пайым-
дарына сүйене отырып, ерекше мағынадағы түсіндіру қағидасына 
айналды. 
Орыс ағартушылары сияқты, қазақ ойшылдары да белсенді, 
білімді, қоғамдағы жаңа қатынастарға сәйкес икемделген, бейім-
делген жаңа адамның бейнесін насихаттады. Қазақстанның Ресей-
ге қосылуының нәтижесінде, ресейлік жер аударушылармен кел-
ген тауар-ақша қатынасының дамуы, отырықшылық, зайырлы 
білімнің таралуы, қазақ халықының дүниетанымдық бағдарларын, 
ұстанымдары мен өмір сүру салтын қайта қарастыруды талап етті. 
Қазақтар жаңа жағдайға бейімделу керек болды, ал бұрыннан 
қалыптасып келе жатқан өмір салтын өзгерту, бұрынғы ойлау 
жүйесінен арылу керектігі жайлы ойлар қазақтың ағартушылық 
және демократиялық ойларын өзектей түсті. 
Ағартушылық кезеңіндегі қазақ ойшылдарының болашақтағы 
қоғамдық құрылым жайлы мұраттары батыс ағартушылық өкіл-
дерімен айтарлықтай сәйкес келген жоқ. Егер Батыс ағартушы-
лары өз сенімдеріне қарамастан, өз қоғамдарының мүддесіне толық 
жауап бере алатын буржуазиялық құрылысты объективті түрде 
дәрібін асырса, ал қазақ ағартушылары толық еркіндік пен әділдікті 
қамтамасыз ететін, сонымен қатар елдің барлық саяси өміріне 
араласуға мүмкігндік беретін қоғамның білімі мен ағартушылығына 
негізделген демократиялық тәртіпті орнату үшін күресті. 
Батыс ағартушыларына қарағанда, қазақ ағартушыларының 
айырмашылығы, олардың қанаушылық феноменін өздері қатаң 
сынға алуы болып табылады. Осы тұрғыда Қазақстанның ағартушы-
лары әлемдік ағартушылық ойдың дамуына зор үлестерін қосты
деуге болады. 


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет