М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет81/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Мысалы, әл-Фарабиды философиялық әдебиеттерде перипате-
тиктерге жатқызу тән. Бірақ түркі философиясының табиғатына сай 
ол натурфилософ болып табылады, ол – әлемнің бес бастауы: «бес 
материя – жер, су, ауа, от және аспан» делінген [1]. Сонымен бірге 
оның көзқарасында сопылық сарын бар. Ол ең алдымен – энцикло-
педияшы, математик, жаратылыстанушы, музыка теоретигі. Яғни, 
әл-Фараби философиясы тек өз уақытының арнасында ғана дамы-
май, түркі философиясының әмбебаптығы қағидатына да сай келеді. 
Тағы бір көрнекті мысал ретінде түркі ойшылы Ж.Баласағұни 
шығармашылығын алуға болады. Бұл тек шығыстық рухтағы 
«моральдық-этикалық және ғибратты-дидактикалық» [2] ілім, қара-
хан дәуіріндегі әлеуметтік философия ғана емес, онтологиялық
гносеологиялық және аксиологиялық мәселелердің кең өрісі, бұл 
өмір философиясы, саясат пен құқық философиясы, дін философи-
ясы мен натурфилософия.
Бұл мысалдар философияның кең ауқымын, жеке философия-
лық ойдың таусылмас қайнар көзін көрсетеді. Батыс дәстүрінде фи-
лософтар мен даналарды «қуу» болса, түркі мәдениетінде – фило-
соф-дана әрқшан сыйлы болған, оның сөзі дүниетанымдық ізденісте 
шешуші болған, олар ұрпақтан ұрпаққа қордаланып, жинақталған 
халық даналығын насихаттаған. 
Келесі түркі философиясының ерекше белгісі оның «көп-
қырлылығы» («катлам») [3], бұл көпқырлылық аралас сипатқа 
ие. Тарихи жағдайлар мен жағрафиялық орналасқан жеріне бай-
ланысты түркілік дүниетаным әрбір жаңа тарихи дәуірде жаңа 
дүниетанымдық идеялар мен қағидалар жинақтап отырған. Оның 
негізі мифологиялық, діни ерекшелігі, тәңірлік, ведалық және 
заратуштралық философиялық-діни ілімдері бар арғытүркілік 
тайпалардың арий мәдениеті болып табылады. Соның салдары-
нан жаңа дүниетанымдық қабат пайда болды; Орталық Азия 
будда мәдениетінің, манихейліктің орталығы болды. Ислам түр-
кітілді ортада жетекші дін болып, кейін ұлттық дін формасында 
түркі халқының дүниетанымына семиттік діни-философиялық 
белгілерін кіргізді. ХІХ ғасырда отарлауға байланысты түркі сана-
сында орыс және батыс еуропалық ойлардың философиялық және 
дүниетанымдық идеялары жинақтала бастады. 
Бұл «көпқабаттылықтың» синкреттіліктен айырмашылғы мәде-
ниеттің ерекшелігін жоғалтуға апаратын түркітілдес халықтар-
дың дүниетанымына эклектикалық із қалдырады. Сондықтан 
философ-зерттеушілер өз зерттеулері мен халықтың рухани өмірін 
дүниетанымдық толықтыру үшін этникалық мәдениетті құртуға 
апаратын жат идеяларды анықтай білуі керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет