Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін қосқан айтулы жан. Сондықтан, оның шығарған шешімдері «Билер
кеңесі» (қазіргі парламент сияқты) арқылы ауыздан-ауызға тарап,
қазақ сахарасына жайылған, ал жалпы өмірмәнділік мәселелері
халық даналығының қоймасына енгізілген, кейбірі мақал-мәтелдер-
ге айналып кеткен. Мысалы: «Ата-ананың қадірін, Балалы болған-
да білерсің» – Шал ақындікі; «Ежелгі дұшпан ел болмас» – Бұқар
жыраудың айтқаны; «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, Төртеу тү-
гел болса – төбедегі келеді» – Майқы бидің тапқырлығы т. б.
Билердің толғаулары тек тұрмыстық мәселелерді шешу, сот ісі
ғана емес, өмірмәнділік философиялық толғауларға да ұласады.
«Дүниеде не өлмейді?» деген ханның сауалына билер:
«Ағын су өлмейді, Асқар тау өлмейді, Аспанда ай мен күн
өлмейді, Әлемде қара жер өлмейді», – десе, оған Жиренше шешен:
Ағын судың өлгені – алты ай қыста қатқаны. Асқар таудың өлгені – Басын бұлттың жапқаны. Ай мен күннің өлгені – Еңкейіп барып батқаны. Қара жердің өлгені қар астында жатқаны. Ажал деген атқан оқ – Бір Алланың қақпаны. Дүниеде не өлмейді, Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап берген екен [3, 317 б.]
Мыңдаған жылдық тарихта шындығында да, кәсіпкерлер мен
дәулет иелері, болыстар мен билік иелеріне қарағанда, ғалымдардың
еңбектері барынша өміршең екендігі сөзсіз. Философ С.Н. Ақатай да
олардың толғауларына былай сипаттама берген болатын: «Шешен-
дік сөз – тек ауыз әдебиетінің жанры ғана емес, дүние туралы ел бай-
ламы, дүниенің тегі жөніндегі белгілі бір тиянақты көзқарастық по-
зицияны арқау еткен тұжырым, әлемді рухани игерудің формасы,
басқаша айтқанда, табиғат, адам мен қоғам заңдылықтары туралы
болжаулар, пайымдар мен ақыл-ой жиынтығы» [4, 45–46 бб.].
Би толғауларының тағы бір қыры – өзара сұхбат, пікірталастыру
түрінде болып келеді [5, 102–103 бб.]. Бұндай пікірталастыру
ұрпақтарына берілген сабақ болумен қатар, өздерін одан әрі
жетілдіріп отыру үшін құрылған айтыс тәсілі іспетті де болып келеді,
екінші бір қырынан қабілеттерін өзара іштей, байқатпай байқасу-
сынасу бәсекесі.
Бала би бір күні қартайған шағында халқын жиып алып, «Жер-
ден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?» деген
сұрағына ешкім жауап таба алмай, ақыры оған өзі былайша жауап
беріпті: