М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет116/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
113 
негізге ала отырып, ондағы рухани-өнегелілік және рух философия-
сын сараптаймыз.
Жырау тек ойдан өлең шығаратын немесе оны айтып беретін 
жыршы емес, қоғамдық өмірде: әлеуметтік насихатшы, саяси иде-
олог, ақпараттарды тасушы, өнегелік идеялар мен өмірмәнділік 
толғауларды жүйелеуші, ұрпақтарды өнегелікке тәрбиелейтін ди-
дактик, «халықтық поэтикалық жады», қоғамдағы өзекті мәселелерді 
көре білетін сараптамашы, кейде билікке араласатын хан кеңесшісі 
т. б. көп қызметті данагөй-ойшыл тұлға. Осы қызметтеріне сай, 
олардың толғауларының мазмұнындағы қозғалған мәселелер арнасы 
да былайша туындайды. 
1. Ұлттық рух пен ұлттық идея толғанысы. Олар көне түркілік 
дәстүрлердегі Елдік пен Ерліктің жаршылары. Мысалы, түркілік 
дастандарда, Тоныкөк идеяларында анық байқалатын дәстүр, кейін-
нен, Қорқыт ата жырларында жалғасын тапқан, жырауларды сол 
кездерде «Озандар» деп атаған екен (Қорқыт ата кітабы). Олардың 
бұл тақырыптағы басты әдіснамалық ұстанымы: «Ел қорғау – Намыс 
– Ұлттық Рух» дегенге келіп саяды. Бұнда, ел бірлігі, жауынгерлік са-
рын, батырлық пен өршіл рух идеялары тұнып тұр. Олар тек иде-
логтары ғана емес, сонымен қатар, ұрыстарға қатынасатын практик 
те болып келеді. Бұны Ақтамберді, Доспамбет сынды жыраулардың 
толғауларынан анық көруімізге болады. 
Доспамбет жырау (ХVІ ғ.) талай рет жорықтарға қатынасып, отыз 
жасқа толмай қаза болған батыр тұлғалардың бірі. 
Жауынгер, әрі батыр болған әйгілі жырау – Шалкиіздің (1465–
1560 жж.) толғаулары Ерліктің тәуекелшілдігін, оның өлім мен 
өмір арасындағы шекаралық жағдайлы екендігін, Ел қорғау ісінде 
жасқанбай, өлімнен қорықпау керектігін және т. б. ашып береді. 
Ақтамберді жырау да (1675–1768 жж.) өзі жауға шапқан ба-
тыр тұлға болған. Жыраулардың поэтикалық рух берушілік са-
рындар, кейіннен, ХІХ ғасырлардағы ақын-жырауларымыздан да 
көрініс тауып, Ұлы Отан соғысы жылдарында да Жамбыл сияқты 
ақындарымызбен сабақтасқан болатын. 
2. Өмір мен заман туралы философиялық толғаныс. Жырау-
лық дәстүрдегі тағы бір ерекшелік – жалпыадамзат пен қазақ 
халқының тұрмыс тіршілігінің мазмұны, салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрып ережелерінің мағынасы және оны сақтау қағидасы, саяси-
құқықтық талаптар мен ондағы жауапкершілік туралы байыпты ой 
тастау және оны ұрпақтарына үлгі-өнеге ретінде қалдыру. Соны-
мен қатар шат-шабыман өмір мен дүниенің әсемдігін ұғыну сияқты 
экзистенциалдық мәселелер де толғанылады, 
таза өмірмәнділік 
тоғаныс пен оптимистік романтиканы бейнелейді.


114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет