М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет118/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
115 
шындықты ашып беру; тұрмыстық, өмірлік мәселелер және оның 
мәні туралы толғану; бірақ олар жеке бір адам туралы емес, жалпы 
халықтық сипат алады және жиынтық мағынамен толықтырылады; 
қайғы мен мұң, қуаныш пен шаттық сияқты эстетикалық катего-
риялар тұрғысынан пайымдалады; шынайы экзистенция, яғни, 
өмір сүру философиясына келіп тоғысады; «Заман» сөзі басқа тілде 
кездеспегендіктен, қазақ халқының төл дүниетанымының ұғымы бо-
лып табылады.
Ендеше, оның қолданылу аясын эстетикалық-эмоционалды 
тұрғыдан үш бағытқа ажыратып көрсетуге жол аштық: 
1. Эмоционалды-оптимистік (жарқын заман, жаңа заман, қой 
үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман т. б.)
2. Эмоционалды-пессимистік (қилы заман, зар заман, кер заман, 
ақыр заман, ер басына күн туған заман, алмағайып заман, аласапы-
ран заман т. б.)
3. Рационалды-бейтарапты (қу заман, заманауи, заманға сай, за-
ман талабы, заманы басқа т. б.)
Түркі-қазақ дәуірінен қалыптасқан фольклористикада заман 
тым көне дәуірлер тынысын бейнелейтін, белгілі бір нақты кезеңмен 
айқындалмайтын жиынтық түптарихтық эстетикалық түсінікпен 
шартталады: «есте жоқ ескі заман», «баяғы өткен заманда» т. б. Ал 
оның: ретрошексіздігі, күңгірт-анықталмайтындығы, асқақтығы, 
тым арғы ата-бабаларамыздың шынайы жүріп өткен жолының 
мәнділігі сияқты қасиеттері оған экзистенциалдықтан бұрын 
эстетикалық рең береді. Демек, бұл жердегі бейнеленген заман 
ұмытылған-көмескіленген, бірақ болған оқиғалардың жалпылама 
атауы, нақтырақ айтқанда, әрісі «мифологиялық дәуір» деген ұғымға 
да жанасатын шартты уақыт кезеңі, берісі ұмыт болған тарих деген 
мағынаны жамайтын ұлт эволюциясымен келіп жалғасып жатады.
Халқымыздың дүниетанымындағы ақыр заман деген түсініктің 
мәні: қазіргі діни танымдағы адамзаттың сөзсіз құритындығы тура-
лы апокалипсис, дүниенің қирайтындығы хақындағы катаклизм, 
тұңғиық үмітсіз құлдырау емес, дәстүрлі өркениеттің қасіретті 
ақырының келіп жететіндігі мен ұлттық құндылықтардың орнын 
батыстық және ресейлік құндылықтардың кейбір жағымсыз жақтары 
басып, ұлтымыздың тұрмысы мен таным-түсінігінің өзгеруінің 
келеңсіз көріністерінің туындауы туралы болып келеді. 
Мұндай заман ұғымының пессимистік сипаты ХІХ ғасырдағы 
Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Әбубәкір Кердері, Мұрат 
Мөңкеұлы сынды «зар заман» ақындары деп аталған ойшылдардың 
идеяларынан жалғасын тапты. Жалпы алғанда, олардың идеяларын-


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет