М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет137/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақ сартқа қайрылды.
Ноғайлының ну елі,
Күңіренді, қайғырды. 
...Зор күн туды, зор күндер,
Кетті күлкі мол күндер
[13, 17 б.]».
Қазақ сұлтандарының Алтын Ордадан бөлек кетуі болашақ 
өмірімізде баға жетпес оңды нәтижесін бергенімен, тұрып жатқан 
мекенінен үдере көшудің елді күйзеліске түсіргені осылайша көрініс 
берді. 
XV ғасырдың екінші жартысында Керей мен Жәнібек сұлтан-
дар көптеген рулар мен тайпаларды ертіп, Шығыс Дешті Қыпшақ 
ханы Әбілхайырдан бөлінгеннен кейін, Моғолстанның батысына 
қоныстанған болатын. Бұл жайында Асан Қайғы:
Жәнібек атты жақсы хан,
Еділ менен Жайыққа,
Кәуірге қала салдырдың, 
...Көңілді жаман қалдырдың,
[13, 18 б.] – деп тарихи деректен 
мәлімет береді. Міне, осыған дейінгі төрт ғасыр бойында алма-кезек 
жалғасқан қазақ хандар династиясының бастаушылары Керей мен 
Жәнібек хандар екендігіне осы сияқты жыр жолдары куәлік етеді. 
Қазақ хандығының шаңырақ көтеріп, әлем тарихы сахнасынан 
орын алуына Керей мен Жәнібек хандардың үлесі қаншалықты зор 
болса, сондай ерен құбылысты бәз қалпында бейнелеген ақын-жы-
рау шығармашылығының маңызы да соншалықты қымбат. Аталған 
есімдердің іс-әрекеті ХV–ХVI ғасырлардағы қазақ жерінде болған ірі 
тарихи оқиғалармен байланысты болғандықтан, жыраулар олар-
дың әр басқан қадамына баға беріп отырды. Осы орайда сұңғыла 
шешендігі мен қайтпас қайсарлығының арқасында ханның мысын 
басып, халық тілегін жеткізушілер де ақын-жыраулар еді. Солардың 
бірі – Асан Қайғы. Үдере көшкен халқының мұң-мұқтажын жоқтаған 
жырау қасқайып тұрып Әз-Жәнібекке мына бір жолдарды арнайды:
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойыңды,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет