М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет136/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
131 
мұрасын жиюшылардың бірі Г.Н. Потаниннің «бүкіл қазақ даласы 
ән салып тұрғандай көрінеді» деуі де осыдан.
Қазақ әдебиеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар 
туғызған бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді. Ол өзіне дейін 
ғасырлар бойы жасалған мол мұрадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді 
дамыту, тың тақырыптар игеру, соны, соқпақ, сораптар қалыптас-
тыру нәтижесінде кемелденді. 
Мұсылманшылықтың күш алуына байланысты бұл кезеңде 
көне түрік жазуы ығыстырылған еді. Оның орнын араб жазуы ба-
сты. Шығыс тарихшыларының айтуынша, қазақтар өздерінің бала-
ларын мектеп, медреселерде оқытатын болған. Халық арасынан са-
уатты, өз заманы үшін білімдар адамдар шығарды. Жазба әдебиет 
нұсқасы деп танылуға лайық шежіре жинақтары, тарихи үлгідегі 
шығармалар жазылды. Бұл кезеңде туған еңбектердің көпшілігі 
жоғалған. Хандық дәуірдің ақын-жыраулары қашанда шындықтың 
шеңберінен шықпауға тырысты, асыл өнердің қатаң заңдылықтары-
на бағынды. Сонымен қатар олар аумалы-төкпелі заманның перзен-
ті болғандықтан, қым-қуыт дәуірдің сан қилы шырмауындағы өмір 
келбетін бейнелеу үшін тек ақиқатқа ғана арқа сүйеді. Сондықтан 
жыраулар шығармашылығының өз дәуірінің әлеуметтік тіршілігі-
нен оқшау болуы тіпті мүмкін емес-тін. Міне, бүгінгі күнге ауызша 
жеткен жыр-толғаулардан өткендегі қазақ тарихының ұлы сорабын 
айқын байқаймыз. 
Фольклор мен өзіне дейінгі ауыз әдебиеті үлігілерінен нәр 
алып, бастапқыда кең құлашты эпикалық бағытта қанат жайған 
жыраулық дәстүр негізінен реалистік сипат алғаны белгілі. 
Солардың ішінен, әсіресе, импровизаторлық өнері бар тұлғалар 
көбірек дараланды. Тіпті, жеке тұрып-ақ, бір ғасыр келбетінен 
хабар беретін жыраулар шығармашылығы ғасырлар керуенінде 
сап түзеп, төрт-бес ғасырлық ел тарихын еркін елестете алды. 
Әсіресе, XV–XVIІ ғасырлардағы тарихи оқиғалар, соның ішінде 
Алтын Орданың құлауы, Керей мен Жәнібек сұлтандардың Алтын 
Ордадан бөлек кетуі сияқты ірі оқиғалар, сол тұстағы жыраулық 
поэзияның күн тәртібінен түспейтін негізгі тақырыпқа айналды. 
Бұрын Алтын Орданың құрамында болып, қоянқолтық аралас 
өмір сүріп келген қазақ пен ноғайдың айырылысу сәттерін жырға 
қосқан жыраулар аянбастан жыр-толғауларын ағытып жатты.
«Жылау, жылау, жылау күй,
Жылаған зарлы мынау күй.
Қазақ пен ноғай айрылды,


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет