М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет165/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
көзқарасында европалық қоғамдық философиялық ойды үлгі тұтып, 
католицизмді шынайы руханилық пен құндылықтық-мәндік идеал-
дарды сақтаушы ретінде қарастырды, сондықтан да ол «христиандық 
социализм» деп сипаттаған ұстанымға келген.
Концептуалдық тұрғыда Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ қоғамының 
келешектегі прогресивті әлеуметтік-саяси өзгерісі мен оның арт-
та қалушы мешеулік жағдайдан шығуы әлемге, адам мен қоғамға 
деген көзқарастың өзгеруіне тәуелді, яғни қазақ қоғамы мен оның 
өкілдерінің дүниетанымының өзгеруімен, оның білімді болуымен 
байланысты деген көзқарасы, батыс европалық Ағартуға ұқсас 
келетін. Ол былай деп жазған:»...біздің тұжырымымыз европалық, 
әрісі жалпы адам баласына тән ғылым-білім бұлағынан нәр алу-
да, сол мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу. 
Бұл дамуға, мәдениетті өрістетуге қабілетті қандай да болмасын 
халықтың түпкі мақсаты болу керек... Қырғызды европалық қайта 
туындау идеясын қабылдайтын қабілеттілігін арту үшін, оған ал-
дымен білім беру арқылы ой қабілеттілігі мен жүйке жүйесін 
жетілдіру керек» [6, 80 б.]. 
Ш.Ш. Уәлихановтың ағартушылық идеологиясы жалпы қоғам-
ның және оның әрбір жеке өкілінің дүниетанымының өзгеруі 
арқылы қоғамдық сананы өзгерту туралы тезисті негізге алған. Оның 
пікірінше, жаңа идеяларды енгізу арқылы әрбір адамға білім беріп, са-
насын өзгерту арқылы қоғам мен адамның материалдық-экономика-
лық жағдайын, әлеуметтік-мәдени дамуын, құндылықтық-мәндік 
мазмұнын және практикалық қызметін өзгертуге болады. Білім, 
қоғамға ағарту арқылы білімді сіңіру – міне, бұл Ш.Ш. Уәлихановтың 
ағартушылық қызметінің бастауы әрі теориялық өзегі.
Әлем мен адамға деген жаңа көзқарас қоғам өміріндегі мәнді 
қарама-қайшылықтарды байқап, оларды туғызатын қайнарды 
түсінуге, қоғамды әлеуметтік және мәдени жетілудің бұрынғыдан 
басқа деңгейіне шығаратын жаңа өзгерістердің мәнісін негіздеуге 
мүмкіндік бермек. Уәлихановтың ой қуатының дәл осы жер-
де шоғырлануын оның «Қазақтардағы бақсылықтың қалдығы», 
«Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Сот реформасы жайында хат» 
сияқты толысқан кезде жазған шығармаларынан анық байқаймыз. 
Бұл тұста оның классикалық ағартушылықтан айырмашылығы бар 
ма? Жоқ. Бірақ оны Ағарту идеологиясының принципті-түбегейлі 
ұстанымын қайталағандардың бірі деуге болмас. Ол ерекше тұлға 
және Уәлихановтың ерекшелігі – оның қоғамдық ой тарихында 
алғашқы рет қазақ қоғамының дүниетанымының мәнісі неде? және 
оның негізінде не жатыр? деген мәселені көтеруінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет