М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет180/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
175 
– 2050» Стратегиясында анықталған жаңа қазақстандық патрио-
тизмді қалыптастыру міндеті ұлттың генетикалық кодын – оның 
дәстүрлері мен мәдениетін сақтауды талап етеді [12, 105 б.].
Ш.Ш. Уәлихановта басқа кім өз халқының алдында ғана емес
әлемдік тарихтың, ғылым мен мәдениеттің алдында осындай биік 
миссияны толығымен әрі тарихи айқындылықпен орындай алды? 
Өзінің бүкіл өмірлік жолымен, белсенді азаматтық және жеке 
ұстанымдарымен ол өзінің мәдени мұрасының тереңінен шығып 
жатқан ұлттық рухтың қуаты мен өміршеңдігін дәлелдеп берді. 
Ш.Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы – біздің генетикалық 
кодымыздың ажырамас әрі біртұтас бөлігі. 
Ш.Ш. Уәлихановтың еліміздің мәдени мұрасына қосқан үлесі 
даусыз әрі баға жетпес. Ал «Қазақстан – 2050» Стратегиясы «өзі-
міздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің сан алуандығы 
мен ұлылығын сақтап, өзіміздің мәдени мұрамызды тырнақтап 
жинауымыз керек» [12, 105 б.] дегенді айтса, оны біз көрнекті 
қазақ ағартушысының аруағы мен біздің бай мәдениетіміздің 
алдындағы тарихи борышымыздың өтелуі деп түсінуіміз қажет. 
Қазақстанның ғылыми қауымдастығына, оның ұлт зиялылары-
на, философиялық элитасына қазақстандық Шоқантануға оның 
көпқырлы шығармашылығымен байланысты нәрселердің зерттелуін 
жалғастырып, оларды қазіргі әлеуметтік-философиялық проблема-
ларды зерттеу контекстіне енгізу арқылы, оның бүкіл мұрасын қазақ 
және ағылшын тіліне толыққанды аудару арқылы жаңа серпін беру 
қажет. Бұл қазақ зиялы қауым өкілдерінің біздің бүгінгі күнімізге нәр 
берген, ұлтымыздың тарихи санасының қалыптасуында маңызды 
рөл атқарған өткеніміздің алдында ақталған борышымыздың бір 
түйірі ғана болмақ.
Қазақ ғалымы, ойшылы, қоғам қайраткері және өз халқының 
тағдыры мен әлеуметтік дамуы үшін әлем тарихының алдында 
дат айтқан дарынды әрі біртума тұлға – қазақ және қазақстандық 
мәдениет үшін ғана «аққан жұлдыз» емес. Ш.Ш. Уәлиханов 
тағдырының көгіндегі жұлдыздар әрқашан көшпенді халқы үшін 
жанған, ал қазір ол мемлекетіміздің мәңгі жолына жарық түсірген 
өшпес жұлдызға айналды. 
Әдебиеттер
1. Письмо Ф.М. Достоевского // Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 
пяти томах. – Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопе-
дии: Т. 5. – 1985. – 528 с. – С. 176–179.


176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет