М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет191/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
185 
ген мағынада, сөйтіп адам ниетінің де таза болуы керектігі туралы 
жазылғанын тұжырымдайды. 
Алтынсарин шығармаларының реалистік мазмұны халық 
бұқарасына түсінікті де жақын шынайы тілді де талап етті. 
Сондықтан, ойшылдың басты сіңірген еңбегі – оның жаңашылдық 
жолға түсе отырып, өмірдің қайнаған ортасынан алынған осы бір 
тілді таба білуінде деп білеміз.
Ыбырай жазушы шеберлігін ағартушылық міндеттермен ұш-
тастыра білді. Өзінің әңгімелері мен өлеңдері арқылы ол заман 
шындығына ықпал еткісі, жастардың күш-жігерін онымен күреске 
бағыттауды армандады. Алдыңғы қатарлы мәдениеттің жаршысы 
бола отырып Ыбырай Алтынсарин жастардың бойында ғылымға, 
еңбексүйгіштікке деген қызығушылықты қалыптастыруға ерекше 
көңіл аударып, оларды халық үшін қызмет етуге шақырды, олардың 
бойларында адам сүйгіштік пен әділеттілік сезімдерін, руханилық 
пен мәдениетті дамытуды көздеді. Тәжірибелі педагог ретінде бұл 
қасиеттердің барлығы да адамға ерте жастан сіңірілуі керектігін 
түсініп, өзінің бар күші мен білімін жастарға берді. Дұрыс тәрбие 
беру мәселелері барша әлемнің озық ойлы адамдарының назарында 
болғаны рас. Ал осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын көшпенді 
халықтың арасынан өскелең ұрпаққа прогрессивті идеяны сіңіруге 
талпынған, ғылым мен өнерді, мәдениетті дәріптеген оның тама-
ша өкілінің шығуы Алтынсариннің өз Отаны мен халқын қалай 
шексіз сүйгендігін көрсетеді. Сол заман тәртіптерін сынай, білімнің, 
ғылымның, техниканың, өнердің жетістіктерін жырлай отырып 
ол мәдени прогрестің қоғамға беретін үлкен артықшылықтарына 
баса назар аударады. Ыбырай Алтынсариннің кез-келген өлеңі – 
оның болашаққа деген шексіз сенімінің айқын дәлелі. Өзінің «Ар-
нау» өлеңінде ол білімдіге техникалық болсын, өндірістік болсын 
процестің түрін меңгеру оңайға түсетінін дәлелдейді. 
Өзінің шығармашылығымен қазақтың қоғамдық-мәдени және 
ғылыми ойларының алдыңғы қатарында тұрып Алтынсарин этно-
публицистиканың іргетасын қалады, бұл Қазақстан Республика-
сының Тәуелсіздігінің 25-жылдығында ерекше маңызға ие болуда. 
Қазіргі таңда жастар арасында көптеген қатыгездіктер орнығып, 
тәрбиелілік пен мәдениеттілік жетіспей жатқаны жасырын емес. Бұл 
ахуалды қалыпты жағдайға келтіру туралы ойға келгенде біз бұған 
кейбір жауаптарды Алтынсарин шығармашылығынан табуға бола-
ды деп ойлаймыз.
Тарихи дамудың кешегісі мен оның қазіргі күнгі өзгерісін теоре-
ма түрінде дәлелдей алмаймыз. Қоғам дамуы мен тарихи процестер-


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет