М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет208/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Абайдың іштей іргелі жалпыадамзаттық құндылықтарға – 
ақиқатқа, сұлулық пен ізгілікке ұмтылуы, ол үшін адам бәрінен 
жоғары екендігін көрсетеді. Абай үшін адам философиялық ой-
лаудың шегі мен мәні, өйткені әлемнің түйіні, жамапаздықтың 
шыңы, қоғамның негізі мен тамыры. Абай оның жаңаруының жол-
дарын іздеді, оған ізгілік себуге, адамды өнегелі жетілуге үндеді және 
соған шексіз сенді. Адамның өмір сүруінің жеке фактілерінен өмір 
туралы тұтастай философиялық пайымудауларға жеткізген ойшыл 
өзінің бүкіл шығармашыл ой-қуатын жоғары гуманистік мұраттарға, 
лайықты адам, нағыз адамшылықты іздеуге арнады.
Өзінің философиялық қайнарларына, солардың ішінде Қазақ 
ағартушылығына қызығушылықтың оянуы, халықтың мемлекет 
құраушы құндылықтары болып табылатын ұлттық өзіндік санасы 
мен халықтың бірлігін нығайтады. Қазақ ағартушыларының ұлттың 
бірігуі, етек-жеңін жиюы және өзіне өзінің жеткілікті болуы, бәсеке-
ге қабілеттілігі мен халық күшінің ішкі тетіктерін жетілдіру жайлы 
идеялары қазіргі кезеңдегі қазақстандық қоғамның ұлттық идеясы 
болып отырған «Мәңгілік Ел» идеясымен үндес.
Қазақ қоғамының даму барысында пайда болған ағартушылық 
кезеңі бұл – ұзаққа созылған дағдарыс кезеңінен шығу жолына де-
ген аса қажеттіліктен туындаған заңды құбылыс. Қазақтың ойлау 
дәстүріндегі ағартушылық идеологиясы бізге сырттан енген жоқ, ол 
қазақ халқының рухани мәдениетінің эволюциялық даму нәтижесі. 
Қазақ Ағартушылығы – ол ағартушылықтың тарихи өмір сүруі-
нің, көрініс беруінің нақты, ұлттық формаларының бірі. Ресей мен 
Батыс Еуропа тарихындағы ағартушылық қозғалыстарымен тұспа-
тұс келген Қазақстандағы ағартушылық кезеңінің қазақ халықының 
тарихи және ұлттық дамуының, рухани мәдениетінің ерекшелігімен 
шартталған өзіндік қыр-сыры болды.
Қазақстандағы ағартушылықтың ерекшелігін анықтаған ма-
ңызды сипаттардың бірі Қазақстанның Ресейге қосылуына байла-
нысты туындаған ұлттық мәселелер болды. Дәл осы себептен қазақ 
ағартушылығы кезеңіндегі әлеуметтік-саяси құрылымды буржуа-
зиялық жаңғыртуға деген қажеттілік жалпы ағартушылыққа тән 
құбылыс. Аталған қажеттілік Қазақстанның Ресеймен берік одақ 
құрып, қазақ қоғамының Ресейдің жоғары мәдениетін қабылдауына 
үндеді. Қазақ ағартушылары еуропалық, әсіресе орыс өркениетінің 
қазақы ортаға енуінің негізін қалады, ал олардың сауатсыздықпен, 
әділетсіздікпен күресуі өзге мақсатта болып, батыстың ағартушы-
лары жүргізген күреске қарағанда, мүлдем басқа нәтижеге алып 
келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет